Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы рефлекс доғасы туралы жалпы түсінік жұлын



бет2/5
Дата04.12.2023
өлшемі41,9 Kb.
#134231
1   2   3   4   5
Байланысты:
f62c1644edcf0c

Рефлекс доғасы.Рефлекс – жүйке жүйесінің негізгі қызметі. Рефлекс дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің қатынасуымен денеің тітіркеністерге жауап әсері. Жүйке тітркеністерінің рецептордан эффекторға дейінгі өтетін барлық жолы «рефлекс доғасы» деп аталады. Рефлекс доғасы 5 бөлімнен тұрады:

  1. рецептор;

  2. орталыққа ұмтылатын нейрондар немесе сезгіз афферент нейрондар;

  3. орталық жүйке жүйесі;

  4. орталықтан ұмтылатын немесе эфферент нейрондар;

  5. эффектор немесе жұмыс атқаратын мүше.

Рефлекстің пайда болуы үшін «рефлекс доғасының» барлық бөлімі болуы шарт. «Рефлекторлық доғаның» кез келген бөліміндегі зақымдану рефлекстің дәлдігін жояды, немесе ол толық жоқ болады. Мысалы: наркоз беру арқылы орталық жүйке жүйесін рефлекске қатынастырмау нәтижесінде бүкіл денені жансыздандыру немесе белгілі бірмүшеге дәрі жіберу арқылы жүйке доғасының бір бөлімін қатынастырмастан сол аймақты, мүшені жансыздандыру мүмкін.
Рефлекстердің жіктелуі:

  1. Биологиялық бағыттағы рефлекстер: қорғану, қоректік, жыныстық (көбею және ұрықтану жөніндегі, қамқорлық);

  2. Рецепторлардың түріне қарап рефлекстер:

  • экстрорецептивтік немесе сыртқы ортадан жарықты, дыбысты, дәмді, оның ыстығы мен суықтық өзгерістерін қабылдайтын рецепторлар;

  • интрорецептивтік ішкі жүйелердегі тітіркеністерді қабылдайды (олар мүшелердің қызметі мен өзгеруі, ішкі ортаның күйімен байланысты). Интрорецепторлардың кейбіреулері бұлшық етте, сіңірде, буын қалталарында орналасады. Оларды «буын сезім рецепторлары» немесе « проприорецепторлар» деп атайды.

  1. «Жұмысшы мүшенің» қызметіне байланысты пайда болған рефлекстер:

  • қимылдың (жүрек, қаңқа, тамырдың және ішкі мүшелердегі біріңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуы);

  • секреторлық, денедегі бездердің сөлі (түкірік, гормондар) бөлінуімен байланысты;

  • трофикалық – денедегі зат алмасуын қамтамассыз етеді.

  1. Орналасуына байланысты рефлекстер:

  • жұлын рефлекстері;

  • бульвар (сопақша ми) рефлекстері: жөтелу, түшкіру, күеу;

  • ми қыртысы рефлекстері, немесе шартты рефлекстері;

  • мезенцефаль (орта ми рефлекстері) денеі тік ұстау, жұру, жүгіру т.б.;

  • диэнцефаль рефлекстер (негізінен дененің жылуын реттейді);

  1. Күрделігіне қарап рефлекстер қарапайым рефлекстерге тізе рефлексі жатады. Ол екі-афферент және эфферент нейрондардан пайда болған.

  2. Тума рефлекстер: шартты, жүре пайда болған, шартсыз тума рефлекстер болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет