Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы рефлекс доғасы туралы жалпы түсінік жұлын



бет1/5
Дата04.12.2023
өлшемі41,9 Kb.
#134231
  1   2   3   4   5
Байланысты:
f62c1644edcf0c


ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
РЕФЛЕКС ДОҒАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖҰЛЫН
Жүйке жүйесі дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің біртұтас қалпында оның әсерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің қызметін реттейді. Сондай-ақ мүшелерді бүкіл өмір бойы олардың жұмысын өзгертіп отыратын сыртқы ортаға бейімдейді.
Жүйке жүйесінің құрылыс бірлігі нейрондар. Сыртқы немесе ішкі орта тітіркенулерін қабылдауға және пайда болған тітіркеністерді орталыққа немесе жұмысшы мүшелеріне өткізуге қабілетті жоғарғы дифференциалды жасушалар мен олардың өсінділерін «нейрондар» деп атайды. Нейрондар – домалақ, сопақ, алмұрт, жұлдызша пішінді болады. Нейронның екі өсіндісі бар. Олардың бір ұзын өсіндісі – «аксон» деп, ал тармақталған қысқа өсінділері – «дендриттер» деп аталады. Нейронның өсінділерінен барлық мүшелерде иірімді ұштар пайда болады. Олардың бір ұшы тітіркеністі қабылдайтын болса, ал басқалары тітіркеністі жұмыс мүшелеріне өткізеді. Нейронның тітіркеністі қабылдайтын ұшын «рецепторлар», ал екіншісін «эффекторлар» деп атайды.
Жүйке жүйесі: 1) орталық, 2) шеткергі болып екі үлкен топқа бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі бас ми және жұлын, ал шеткерідегілерге олардың тармақтары – бас ми және жұлын жүйкелеріне кіреді.
Орталық жүйке жүйесінің анатомиялық құрылысы. Бас ми мен жұлын ақ және сүр заттардан тұрады. Жұлында сүр заттар ақ заттардың ортасында, ал бас мида сүр заттар, ақ заттарды қаптап тұрады. Бас миды қаптап тұрған сүр затты «ми қыртысы» деп атайды. Үлкен мида сүр заттың астындағы ақ заттардың ішінде, әр жерінде сүр затттар болады. Олар жүйке жасушаларының жиынтығы – ядролар, ал ақ заттар нейрондардың өсінділерінің жиынтығы. Олардан өткізгіш жолдар пайда болады.
Жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі дененің сыртқы ортамен байланысын қамтамассыз етеді, қаңқа бұлшық етін немесе көлденең жолақты бұлшық етті жүйкелендіреді, сезім және қимылды қамтассыз етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі мүшелердің біріңғай салалы бұлшық еттерін жүйкелендіреді және жүйкелерді қоректендіру қызметін атқарады, сонымен бірге зат алмасуына, тыныс алуға, зәр шығаруға, өсуге, жетілуге әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет