Жүктер тасымалдау жағдайына байланысты бөлінеді:
әдеттегі жүктер – бұл жүктер тасымалдауда ерекше талаптарды және арнаулы шанақтарды
қолдануды қажет етпейді;
арнаулы жүктер – бұл жүктерді тасымалдағанда арнаулы жылжымалы құрамдар пайдаланылады;
ерекше жүктер – бұл жүктер тасымалданғанда өзінің физикалық жағдайын өзгертуі мүмкін,
сондықтан арнаулы жылжымалы құрамдармен тасымалдануы тиіс. Ондай жүктерге жататындар:
тез бүлінетін, қоюланатын, тез буланатын, мұздайтын т.б);
Сақтау жағдайы бойынша:
қоршаған ортаның әсерінен қорғауды талап етпейтін;
қоршаған ортаның әсерінен қорғауды талап ететін.
Тасымалдау құрамының жүк көтергіштік дәрежесін пайдалану бойынша:
1-ші санатқа жататын жүк – тасымалдау құрамының жүк көтергіштік коэффициенті 1,0-ге тең;
2-ші санатқа жататын жүк – тасымалдау құрамының жүк көтергіштік коэффициенті 0,71-0,99;
3-ші санатқа жататын жүк – тасымалдау құрамының жүк көтергіштік коэффициенті 0,51-0,70;
4-ші санатқа жататын жүк – тасымалдау құрамының жүк көтергіштік коэффициенті 0,41-0,50.
Жүктердің салмағы бойынша бөлінуі:
әдеттегі – даналық және оралған жүктер салмағы 250 кг-ға дейін;
домалатып тиейтін немесе домалатып түсіретін жүктер – салмағы 500 кг-ға дейін;
ауыр салмақты – салмағы 250 кг-нан 30 т.-ға дейін (бөлінбейтін жүктер);
аса ауыр салмақты – салмағы 30 т-дан артық.
Жүктердің қауіптілік дәңгейі бойынша жіктелуі:
қауіптілігі аз;
шаңдатылатын және ыстық;
көлемі бойынша қауіпті;
қауіпті.
Қауіпті жүктер өзінің қауіптілігіне байланысты МемСт-ға сәйкес 9 топқа бөлінеді:
1-топ жарылғыш заттар;
2-топ газдар, сығылған, сұйытылған;
3-топ тез оталатын сұйықтар;
4.1-топ тез оталатын қатты заттар;
4.2-топ өздігінен оталуға бейім заттар;
4.3-топ – сумен жанасқанда тез от алатын газ шығаратын заттар;
5.1-топ – тоттанатын заттар;
5.2-топ – органикалық тотықтар;
6.1-топ – улы заттар;
6.2-топ – жұқпалы заттар;
7-топ – радиоактивті материалдар;
8-топ – тотықтандырғыш заттар;
9-топ – басқадай қауіпті заттар.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |