Үйкеліс күші болмаса адам да, көлік те қозғала алмаушы еді.
Үйкеліссіз біз коньки, шаңғы деген спорттар болмаушы еді
Егер де адам ауыр нәрсені көтерсе үйкеліс күші оған кедергі жасайды
2. Орта деңгей тапсырмалары
2. Орта деңгей тапсырмалары
1)Үйкеліс коэффициенті 0,5 дене , 40Н күштің әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Дененің массасы неге тең?
2)Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?
3)Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.
4)Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
Жоғары деңгей тапсырмалары
Вагонның салмағы жүгімен 3 Кн. Егер үйкеліс күші осы салмақтың 0,5% құраса, оның бірқалыпты қозғалу үшін қандай күш жұмсау керек?
Шананың қар үстінде бірқалыпты қозғалуы үшін 25 Н күш керек. Егер үйкеліс күші шана салмағының 5%-ын құрайтын болса, шананың салмағы қандай?
Шананың салмағы 4 кН және үйкеліс күші салмағының 3%-ын құрайтын болса, шананың мұз бетімен бірқалыпты қозғалуы үшін қандай күш керек?
Бөлшектер салынған жәшіктің салмағы 500 Н. Егер үйкеліс күші бөлшектер салынған жәшік салмағының 0,05 бөлігін құраса, жәшікті горизонталь еденмен бірқалыпты жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?
Салмағы 20 МН пойыз горизонталь жолмен тұрақты жылдамдықпен жүріп келекді. Үйкеліс күші оның салмағының 0,5 пайызына тең болғандағы тепловоздың тарту күшін табыңдар
Тапсырмалар
Бастапқы деңгей тапсырмалары: 1. Үйкеліс түріне қарай суреттеді орналастырыңыз