Жүктіліктің бірінші триместрінде ұрықтың органдары қалыптасады, бұл кезеңде әсіресе организмге толық мәнді ақуыз түсуін қамтамасыз ету керек. Жүктіліктің екінші жартысында тамақ рационында сондай-ақ ақуыз жеткілікті мөлшерде, оның ішінде малдан өндірілетін ақуыз (пісірілген сиыр еті, тауық еті, балықтың майсыз сұрыптары, жұмыртқалар) кем дегенде 60% болуы қажет. Әсіресе сүттің және сүттен өндірілетін тағамдар ірімшіктің, ащы емес сырдың, ряженканың, айраның, кұрттың ақуызы өте пайдалы.

Жүкті әйелдердің рационындағы тағамдық, биологиялық құндылықтар
Ағуыз – өсу үшін ауыстырылмайтын зат. Сондай-ақ ағуыз анасының құрсағындағы баланың дамуы үшін өте маңызды. Оның арқасында бала өсе алады. Жеңіл сіңірілетін ағуызды мал өнімдерінен де: жұмыртқадан, тауық етінен, ірімшіктен, балықтан, сиыр етінен, сондай-ақ өсімдік өнімдерінен де: сұлы, жүгері және бидай қауыздарынан, макароннан немесе қоңыр күріштен табуға болады. Көкөністер мен жемістерді үнемі қолдану керек.
Көмірсуларға қатысты жүктілік кезінде, әсіресе төртінші айдан кейін, тағам құрамында түсетін рафинадталған қантты, кондитерлік тағамдарды, кәмпитті, балқайнатпаны шектеу қажет, өйткені олар ана мен ұрықтың аллергиялық ауытқуына, зат алмасу процес-стерінің бұзылуына, екі қабат әйелдерде семіздіктің дамуына және жас сәбидің артық дене салмағына әкеліп соғуы мүмкін. Екі қабат әйелдерге құрамына өсімдік клетчаткалары кіретін ірі етіп тарттырылған ұннан пісірілген нан, әр түрлі көкөністер және жемістер пайдалы.