Фелдшерлік акушерлік пунктка 19 жастағы жүктіболушы жүктіліктің 32 аптасында кезекті қаралуға шақырылды. Субъективті ақпаратты жинау барысыныда жүктіболушыда шөлдеу, зәр көлемінің төмендеуі, аяқтардағы ісітердің бары анықталды.Объективті бойы 158см, дене массасы 62 кг, апта ішінде қосқан салмағы 450 грамм. АҚҚ 130\80 , 125\75 мм.рт.сб,. пульс 80 соққы минутына. Ішкі органдар жағынан патология анықталмайды.Балтыр мен аяқ табандарында ісік бар. Іш айналымы 75 см. Жатыр түбі биіктігі 30 см. Ұрық орналасуы ұзына бойлы, бірінші позиция, басы кіші жамбас кіреберісінде анықталады. Ұрық жүрек соғысы 130 соққы минутына.Сульфасалицил қышқылымен сынама жасағанда зәрде белок анықталды.
Тапсырма
Жүктіболушының мәселесін анықтаңыз.
Берілген патологиядағы емнің принциптерін негізденіз
Фантомда ұрық жолдасының қаралуын және баға беруін көрсетініз
Жауаптары
Негізгі мәселе шөлдеу, диурез төмендеуі, ісіктер. Гестоздың ауыр формасына ауысуы, плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, қан кету, шашыранды тамырішілік қан ұю синдромы, құрсақішілік даму кідірісі, гипотрофия, ұрық гипоксиясы
Ерте жүктіболушы жүктіліктің 32-33 аптасы, гестоз жеңіл дәрежесі. Есептің шарты бойынша фельдшерлік есепте тұрған жүктіболушыда шөл, аяқтарындағы ісіктер, АҚҚ аздап көтерілуі, зәріндегі белок және де апта ішінде қосқан дене массасы 450,0 (норма да 300,0)-гестоздың жеңіл дәредесіне тән.
Фельдшердің іс-әрекетінің алгоритмі: АҚҚ өлшеу, пульс,ұрықтың жүрек соғысын тыңдау; орталық аудандық аурахананың жүктілер патология бөлімшесіне госпитализациялау
Гестоздың жеңіл дәрежесінің емі стационарлық ем, төсектік режим, физикалық және психологиялық тыныштық, сұйықтық көлемін шектеу 800 мл ге дейін. Диета тұзды, ащы және майлы тағамдарды шектеу, зәр айдағыш әсері бар фитотерапия , седативті препараттар, спазмолитиктер, витаминотерпия, антиагреганттар, микроциркуляцияны жақсарту. 12-14 күнде конверватитві емнің нәтежиесіздігінде босандырып алу сұрағы тұрады.
Ұрық жолдасы босанғаннан кейін мұқият қарау жүргізіледі. Бастапқыда ұрық жолдасының ұрықтық жағы қаралады,плацентарлық қан тамырдардың жолдары, кіндік бауы бекіген жері, кейін ұрық жолдасын теріс аударып аналық жағы қаралады бөліктерінің бүтіндігі бағаланады.Соңғы кезекте қабықшасының бүтіндігі қаралады