Жүктіліктің бүйрек қызметіне әсері



бет2/5
Дата08.10.2024
өлшемі1,05 Mb.
#147126
1   2   3   4   5
Байланысты:
ждт гинекология 1

Гломерулонефрит


Жүкті әйелдерде өтетін жедел гломерулонефриттің клиникалық белгілері анық емес. Жүктілік кездегі гипертензиялық жағдайдан айырмашылығы жедел гломерулонефритте гематурия байқалады, антистрептолизин, сонымен қатар антигиалуронидаза титрі көтеріледі. Әйелде баспа ауруынан кейін 12-15 күн өткен соң басының ауруы, қалтырап, әлсіздік пайда болуы, ісінуі, кіші дәретте, қанның араласуы-гематурия байқалады. Жедел гломерулонефрит – жүктілікті тоқтатудың бірден-бір көрсеткіші.
Гломерулонефрит сирек кездеседі, бірақ жүкті әйел патологиясында алатын орны ерекше, өйткені бұл ауруда қан кысымының көтерілуі және бала орнының мезгілінен бұрын ажырауы байқалады. Гломерулонефриттің коздырғышы – бета-гемолитикалық стрептококк. Гломерулонефрит кезіндегі патологиялық процестің дамуы аутоаллергиялық реакциялардың өтуіне байланысты. Бұл жағдайда инфекциялық фактор өзінің басты мақсатын жояды, аутоагрессивті үдерістер тәрізді созылмалы түрге өтеді.

Жүктілік кезіндегі гломерулонефрит созылмалы түрде өтеді, оның гипертониялық, нефритті, аралас және латентті түрлері бар. 60%-дан астам жағдайда латентті түрі кездеседі. Оған микропротеинурия, микрогематурия тән, кіші дәрет талдауының кейбіреуінде, тұнбада цилиндр ізі байқалады. Латентті гломерулонефритте ісік, гипертония болмайды.

  • Жүктілік кезіндегі гломерулонефрит созылмалы түрде өтеді, оның гипертониялық, нефритті, аралас және латентті түрлері бар. 60%-дан астам жағдайда латентті түрі кездеседі. Оған микропротеинурия, микрогематурия тән, кіші дәрет талдауының кейбіреуінде, тұнбада цилиндр ізі байқалады. Латентті гломерулонефритте ісік, гипертония болмайды.
  • Гипертониялық түрінде қан қысымы көтеріледі, гематурия, цилиндрурия, протеинурия байқалады. Ісік болмайды. Бұл түрі гломерулонефриті бар жүкті әйелдердің 7%-ында кездеседі.
  • Нефритті түрі жүкті әйелдердің 5%-ында кездеседі, оған 3 белгі тән:
  • -протеинурия,



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет