Бүйрек қабынуына қарсы ем бактериалдық анализді жане антибиотикке сезімталдықты анықтағаннан кейін жүргізіледі.
Дәрі-дәрмектерді қолданған кезде жүктіліктің мерзімін, ана мен ұрық организмінің ерекшеліктерін ескеру қажет.
Пенициллин , ампицилинді – 0,25-0,5-1 г-ға дейін тәулігіне 4 рет бұлшықетке егеді, емдеу ұзақтығы 8-10 күн. Сонымен қатар шөптік дәрі-дәрмектерді кеңінен қолданады: толокнянка, бруссильничный, черемуха, шиповникті т.б.
Пиелонефриттің созылмалы түрінде элеутерококк 20-30 тамшыдан қолданады.
Пиелонефриттің созылмалы түрінде спазмолитиктерді де қолданады( папаверин, баралгин, но-шпа) жане интоксикацияға қарсы емді альбумин, протеин, реополиглюкинді қолданады. Лазерлі терапияны кеңінен қолданады. Пиелонефритпен ауыратын жүкті әйелдер акушер мен урологтың бақылауында болады. Жүкті әйелдердің 80-85% -і өз мезгілінде, ал 15-20 %-і мезгілінен бұрын босанады.
Жүкті әйелдің пиелонефритін ауруханада емдейді. Жүктіліктің алғашқы үш айлығында синтетикалық пенициллиндер, ал II-III триместрде цефалоспориндер, аминогликозидтер қолданылады.Стрептомицин, левомицетин және тетрациклин қолданылмайды.
Жүктіліктің II- триместрден бастап пиелонефритте және симптомсыз бактериурияда антибактериальды препараттар (5-НОК, невиграмон) және нитрофурандар (фурагин, уросульфан) қолданылады. Сонымен қатар инфузионды ем (белокты және реологиялық орта құю), десенсибилизация дәрілері, спазмолитиктер қолданылады.