Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері


Дыбыс қарқындылығын талдау



бет15/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Физ рк барлығы

30. Дыбыс қарқындылығын талдау.
Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі (иірімдегі) сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.


36. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері және ерекшіліктері.
Жүрек адам үшін ең маңызды орган болып табылады, өйткені ол қанды айдайды және бүкіл еріген оттегі мен басқа қоректік заттардың айналымына жауап береді. Оны бірнеше минутқа тоқтату қайтымсыз процестерге, деградацияға және органдардың өлуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті ауру және жүректің тоқтауы өлімнің ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады.
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырьшғыштық, автоматия жөне рефрактерлік қасиеттері тән.
1. Қозғыштық.Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді. (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған жөне қозбаған бөліктерінің арасында потенциаддар айырмасы туындайды. Миокард торшаларьщда (кардиомиоциттерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
2.Қозуды өткізгіштік.Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет торшалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай бар-лық ет талшықтарына жая таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қаңдылар жүрекшелері кабырғасымен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен - 0,8-0,9м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 - 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттеріңде қозудың 4,7- 5 м/сек жыддамдықпен тарайтыньш айтьп өтейік.
3.Жиырғыштық.Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бүлшық еттермен салыстырғанда шабандау - баяуырақ жиырылады.
4.Автоматия.Жүрек етінің сыртқы өсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқындарының ықпалымен жүмыс істеу қабілетінжүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты.Рефрактерлік - қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолютгік (толық) рефракгерлік, салыстырмалы рефракгерлік жөне экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек еті-нің қозғыштық қасиетінің жойылуын толық рефрактерлікдеп атай-ды. Бүл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке елсіз жауап алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет