Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері


Жұлын қызметтерін зертеу әдістері



бет4/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Физ рк барлығы

6. Жұлын қызметтерін зертеу әдістері.
1.Экспериментальдық: 1) Экстирпация, миды түрлі деңгейде кесу(айыру әдісі); 2) Модель жасау әдісі; 3) Стереотаксикалық әдіс; 4) Потенциалдарды қоздыру (тудыру) әдісі; 5) Шарты рефлекстер әдісі; 6) Биохимиялық әдістер.
2. Клиникалық : 1) Электроэнцефалография (ЭЭГ); 2) Мидың компьютерлік томографиясы (КТ); 3) Магнитті резонастық томография (МРТ); 4) Позитонды эмисоналдық томографиясы (ПЭТ); 5) Эхоэнцефалография; 6) Реоэнцефалография (РЭГ).
Экстирпация (толық немесе бөлшектеп алып тастау), айыру (миды әр түрлі деңгейде кесу) Егер мидың екі жарты шарларын бөлсе, оны комиссуротомия дейді, ми қыртысы мен төменгі құрылымдарын айырса – лоботомия дейді. Бұндай әдіс кесуден төменгі бөлімдердің қызметін қызметін және алынып тасталған жоғарғы орталықтардың функциялық мағынасын түсінуге мүмкіндік береді.
Модель жасау әдісі (физикалық, математикалық, концентуальдық) Қолдан жасалған механизмдердің қызметі мидың кейбір қызметтеріне ұқсас болады.
Стереотаксикалық әдіс аспап арқылы мидың түрлі терең құрылымдарына электродтарды фронтальды, сагитальды, вертикальды бағытта енгізуге мүмкіндік береді. Стереотаксис атластарын қолданып, микроэлектрод арқылы мидың құрылымдарын тітіркендіруге болады. Потенциалдарды қоздыру әдісі. Әдістің негізі рецепторларды немесе афферентті жолдарды тітіркендіргенде мидың электрлік белсенділігі өзгереді. Клиникада потенциалдарды көру, есту немесе басқа сезгіш рецепторлық тітіркендіргіштерді қабылдайды.Көбінесе потенциалдарды қоздыруды электроэнцефалограмманы жазғанда қабылдайды. Потенциалдар үстіңгі бөлімдерінен де, терең бөлімдерінен де тіркеуге болады.
Шартты рефлекстер қалыптастыру әдісі Бұл әдіс жоғары жүйке жүйесі қызметін зерттейтін негізгі әдіс болып табылады. Яғни мінез-құлықты тексерудің негізгі әдісі болып табылады. Оны И.П. Павлов ұсынған. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде жасалады. Мысалы: сілекей бөлу шартсыз рефлекстердің негізінде шартты рефлекс жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет