Жм-909 Мейірбек Бағдат оббөЖ тақырыбы: Қарым-қатынас стильдері


Қарым-қатынастың стильдері



бет4/6
Дата21.12.2023
өлшемі55,48 Kb.
#142459
1   2   3   4   5   6
4.Қарым-қатынастың стильдері:
Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес – психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым – қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі;
в) педагогтың творчестволы дербестігі;
г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері.
1. Авторитарлық стиль (Директивті)
- өз қызметін ұйымдастырған мұғалім бұйрық, ескерту жасау, кінәлау, ұрсу.Бұндай стильдегі мұғалімдер балалдарда үрей тудырады, бұндай стильде істеген мұғалімнің беделі төмен болады.
Авторитарлық стильде (бұйрық, ескерту, сөгіс) жиі қолданылады.
2. Либеральдық стиль (анархиялық) – бұл стильде істейтін мұғалімдер беделге ие болмайды.Олар өз пікірлерінен гөрі, басқалардың пікірлеріне көп сүйенеді. Мұғалім де, оқушылар да белсенділік танытпайды.
3. Демократиялық стиль (алқалық) – мұғалім оқушылармен ынтымақтастық құрайды.Мұғалім оқушыларды тыңдай, сыйлай алады, қателескен жағдайда кешіре біледі.Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, инициативасын қолданып отырады.Жиі қолданатын әдістері өтініш, ақыл-кеңес.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стилдері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
Қорыта келгенде ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді. Ұстаз шәкірттер үшін өмірдегі ең беделді тұлға болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушылар алдына өрескел қылық танытып, шәкірт сенімінен шығып қалмауы керек. Егер де мұғалім өйтетін болса, сол күнге дейін оған сеніп, соған ұқсап, оны пір тұтып келген оқушылар ұстаздан күдер үзіп, білім – ғылымға деген салғырттық танытуы ықтимал.
Неміс психологы К.Левин педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стилдерін анықтайды:

  1. Авторитарлық стиль қатаң басқару тенденциясы мен бақылау формасымен анықталады. Мұнда бұйрық беру жолы көп қолданылады.

  2. Немқұрайлылық стилі. Оқу-тәрбие процесінде болып жатқан құбылыстардан, жауапкершіліктен өз басын алып қашу.

  3. Демократиялық стильде ең бірінші орында фактілер бағаланады.

  4. Бірлескен шығармашылық әрекетке қызығушылық негізіндегі қарым-қатынас стилі. Аталмыш стиль педагогьың жоғары кәсіби шеберлігі және оның этикалық ұстанымдарының бірлігі негізінде жүзеге асады.

  5. Қашықтықтағы қарым-қатынас стилі. Бұл стильді қолданатындар әрі тәжірибелі мұғалімдер арасында, әрі жас мұғалімдер арасында да кездеседі.

  6. Қорқыту стилі – бұл қашықтықтан қарым-қатынасқа түсудің ең тығырыққа тірелген формасы. Стильді көбінесе бірлескен шығармашылық әрекетке екінші субъект тарапынан нәтиже, тіпті қызығушылық тудыра алмаған жағдайда қолданылады.

  7. Ойнақы қалжыңға бағытталған қарым-қатынас стилі – педагогикалық қарым-қатынасты нәтижелі ұйымдастыра алмаған тәжірибесіз педагогтарға тән.

Педагогикалық әдеп ережелеріне қарама-қайшы келетін стиль. Мұндай стильді тәжірибесіз жас мамандар балалармен, сыныппен тез тіл табысу қажет деп санайды. Бұл стиль тәрбиеші мен тәрбие үдерісіне үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Енді стильдерге толығырақ тоқталсақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет