Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, дағды, коммуникативті сауаттылық, ақпараттандыру, техникалық оқыту құралдары туралы шетелдік және отандық зерттеулер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, бастауыш мектептегі оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша жинақталған әлемдік озық тәжірибелер, Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, жаңартылған оқу бағдарламасы алынды.
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, салыстырмалы талдау, сауалнама мен тестілеу, интервью, тәжірибелік эксперимент жұмысын жүргізу, оның нәтижесін бағалау, математикалық тұрғыда өңдеу және қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. «Сөйлеу әрекеті», «сөйлеу әрекетін дамыту», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының мәні анықталып, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері сараланды.
2.Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі көрсетілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін негізгі мектептерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау негізінде ЖОО-да және біліктілікті арттыру институттарында қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін арнайы курстар, семинарлар, тәжірибелік жұмыстар жүргізуде құрал ретінде пайдалануға болады.
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |