ЖЫЛАНҚАРАҚ з а т . Жылт етер май. Жыланқарағы жоқ.Жылан көзі жылтырағы жоқ арық ет я қатықсыз көже. ЖЫЛАНҚИЯҚ з а т . ө с . Құртқашаш(үлкен ақ, көк гүл жаратын көпжылдық шөптесін өсімдік). ЖЫЛАНҚҰРТ з а т . а н а т . <лат. askarida> 1.Адам мен жануарлардың ішінде болатын жұмыр құрт; аскарида.2. в е т . Осы құрт арқылы пайда болатын ауру. ЖЫЛАНТАМЫР з а т . ө с . Ылғалды жерлерде өсетін, жапырақтары ұзын әрі жалпақтау, көгентамырлары иір-иір болып бітетін өсімдік. ЖЫЛАНТАРАН з а т . б о т . Жылантамыр.Жылантаранның тамырсабақтары ұзын, сопақша әрі сағақты келеді. Тамыры иілген жылан тәрізді. Алқызыл келген ұсақ гұлдері бар. Оны дәрі ретінде қуық аурулары мен өтке тас байлағанда пайдаланады. ЖЫЛАНТАС з а т . г е о л . Ауылшаруашылығында, өнеркәсіпте отқа төзімді материалдар дайындау үшін пайдаланылатын, серпентин тобына кіретін минералдардың (хризотил, ангигорит, лизардит) жыныстық атауы. ЖЫЛАНТІЛз а т . ө с . ж е р г . <лат. ophioglossum> Қияқты шөп. ЖЫЛАНХАНА з а т . Улы жыландарды арнайы өсіретін тәлімбақ. ЖЫЛАНША ү с т . Жылан сияқты, жыланға ұқсас. Жыланша арбады. а) Небір амал-тәсіл, сөздермен басын әбден айналдырды. ә) Бір-біріне тарпа бас салмай, өзара байқастап, күшін, әлін сынасып тұрды. Жыланша арбау.Алдау, сөзбен, қимылмен, әрекетпен сиқырлау, көңілін басқа жаққа бұру.Жыланша жаланған.Жалаң қаққан, іскер, пысық.Жыланша жиырылды.Жақтырмай қалды, ұнатпады. Жыланша [жыландай] ирелеңдеді. б е й н . Ирелең-ирелең етті.Жыланша иреңдетіп.Сала құлаш қылып, созылтып. ЖЫЛАН-ШАЯН з а т . Жылан, шаян сияқты улы, шаққыш жәндіктердің жалпы атауы. ЖЫЛАНШӨП з а т . ө с . Шырмауық жиренше. ЖЫЛАҢҚЫ с ы н . 1.Ызыңдаған, тілазар, ештеңеге риза болмайтын.2. а у ы с . Көпжауатын, жаңбырлы, тұнжыраңқы, түнеріңкі.