ЖЫМЫҢДАС= е т . 1. Жымың-жымың етісу, күлімдесу. 2. а у ы с . Сәуле шашысу, жалт-жұлт етісу.
ЖЫМЫҢДАСУ Жымыңдас етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫҢДАТ= е т . Жымың-жымың еткізу, жарқырату.
ЖЫМЫҢДАТУ Жымыңдат етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫҢДАУ Жымыңда етістігінің қимыл атауы; жымың-жымың ету, жымың қағу.
ЖЫМЫҢ-ЖЫМЫҢ е л і к . Жымыңдап күлген қимылды бейнелейтін сөз.
Жымың-жымың етті. Күлім қақты, жымыңдады. Жымың-жымың қақты. Қылмыңдады, жымыңдады.
ЖЫМЫР= е т . Бір заттың шетін ішке қарай қымқыру, қысу, бүктеу.
ЖЫМЫРАЙ= е т . 1. Ішіне қарай бүктелу, қисаю. 2. Мыжыраю, мыж-мыж болу.
ЖЫМЫРАЙТ= е т . 1. Ішіне қарай бүктелту, қисайту. 2. Ерінді ішке қарай жымқыру.
ЖЫМЫРАЙТУ Жымырайт етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫРАҢ: жымыраң қақты. ж е р г . a) Жымыңдады, күлімсіреді, жымың қақты. ә) Тынышсызданды, мазаланды.
ЖЫМЫРАҢДАП ү с т . ж е р г . Жымыңдап.
ЖЫМЫРАЮ Жымырай етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫРУ Жымыр етістігінің қимыл атауы. 1. Бір заттың шетін ішке қарай қымқыру, бүктеу. 2. Малдың құлақтарын артқа қарай жымқырып сес көрсетуі.
ЖЫМЫРУЛЫ сын. Жымырылған.
ЖЫМЫРЫЛ= е т . 1. Бір заттың шетінің ішке қарай бүктелуі. 2. Еріннің ішке қарай қайырылып бүрілуі.
ЖЫМЫРЫЛТ= е т . Малдың құлақтарының артқа қарай жымқырылуы.
ЖЫМЫРЫЛТУ Жымырылт етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫРЫЛУ Жымырыл етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫРЫҢҚЫ с ы н . Жымырылған.
ЖЫМЫСҚЫ с ы н . Білдірмей істейтін қулығы бар, арам, пасық.
Қолының жымысқысы бар. Аздап ұрлық жасайды; қолының қымқырмасы бар.
ЖЫМЫСҚЫЛА= е т . Астыртын істеу, білдірмеу.
ЖЫМЫСҚЫЛАН= е т . Қулану.
ЖЫМЫСҚЫЛАНУ Жымысқылан етіс-тігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫСҚЫЛАУ1 с ы н . Аздап жымысқы; қулау, арамдау.
ЖЫМЫСҚЫЛАУ2 Жымысқыла етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМЫСҚЫЛЫҚ з а т . Бақай қулық, арамдық.
ЖЫН1 [ир. ] з а т . м и ф . д і н и . 1. Жайшылақта көзге түспейтін, әртүрлі кейіпте көріне алатын, бақсы, балгер, көріпкел, тәуіптерге жаратылыстан тыс дүниеден хабар жеткізіп тұратын, адамдарды азғындық жолға түсіретін теріс рух. 2. а у ы с . Қырсық, кесір.
Жын буды. Ашуға булықты, долданды. Жын иектеу. ж е р г . Құтырыну, қағыну. Жын қақты [соқты, ұрды]. а) Ақылынан алжасты, шатысты. ә) Құтырды, қағынды. Жын қуалады. Жастықтың әсерімен қайда болса, сонда жүрді. Жын қуғандай. Асып-сасып, қатты жүгіріп. Жын қуды. Жын айналдырды, жын соқты. Жын [пері] шалды. Жын соқты, сайтан ұрды. Жынына [қытығына] тиді. Ашуын келтірді, ызаландырды. Жынын келтірді. Ызаландырды, ашуландырды. Жынын қақты. Бетін қайтарды, мойынсындырды, жуасытты. Жынын қоздырды. Жынына тиді, ашуын, ызасын келтірді. Жынын шақырды. Жынданды, құтырды, елірді. Жынынан айырылған бақсыдай. Сең соққандай, мең-зең. Жыны буған бақсыдай. Аласұрып, құтырып. Жынның ойнағындай. Астаң-кестең. Жын соққан кісідей. Басы айналып, есінен айырылғандай. Жын [пері, аруақ] соқты. Есі ауысты, жынданды. Жын ұрғандай қылды. Ойран-топанын шығарды, астаң-кестең қылды.Жыны басылды. Жуасыды, жөнге келді. Жыны келді. Ыза болды, ашу қысты. Жыны қозды [ұстады, келді]. Ашуға мінді, ызаланды, долданды. Жыны түсу. ж е р г . Жыны келу.
ЖЫН2 з а т . Жан-жануарлардың асқазанындағы қорытылып бітпеген тамағы.
Жынын құсты [шашты]. Не болса соны айтты, аузына келгенін сөйлейді.
ЖЫНДАН= е т . 1. Жын соғып ауыру, жынды боп кету, есінен айырылу. 2. а у ы с . Ашуға булыгу, долдану; өзіне-өзі ие бола алмау.3. а у ы с. Құтыру, аласұру.
ЖЫНДАНДЫР= е т . Ақылынан, есінен адастыру, есалаңдыққа ұшырату, делқұлыландыру.
ЖЫНДАНДЫРУ Жындандыр етістігінің қимыл атауы.
ЖЫНДАНУ Жындан етістігінің қимыл атауы. 1. Жын соғып ауыру. 2. а у ы с . Ашуға булығу, долдану.
ЖЫНДЫ с ы н . 1. Ақылы ауысқан, жарымес. 2. а у ы с . Тентек, әумесер, есер. 3. а у ы с . Шәлкес, асау. 4. а у ы с . Құтырған, долы (жел, боран т.б.).
Жынды болды. Ақылы ауысты, есінен адасты. Жынды көбелек. Жарық қуып, шыр айналып ұшатын түн көбелегі. Жынды қойдың миын жеген. Жынданған, есі ауысқан. Жынды су. э в ф. Ішімдік, арақ туралы. Жынды [есалаң] кісіше. Ақылынан, есінен ауысқан адамша. Жынды [тентек] су. с ө й л . Спиртті ішімдік, арақ. Жынды сүрей. Есуас, делқұлы.
ЖЫНДЫБАС с ы н . ж е р г . Жеңілтек, есерсоқ.
ЖЫНДЫБАСТЫҚ з а т . Жеңілтектік, есерсоқтық.
ЖЫНДЫЛЫҚ з а т . Жынды болушылық; аусарлық, есерлік, тентектік.
ЖЫНДЫСҮРЕЙ с ы н . Тентек, басбұзар.
ЖЫНДЫХАНА з а т . Жынданған, ақылы ауысқан адамдарды емдейтін, бағатын аурухана.
ЖЫНДЫША ү с т . Жынды адамға ұқсап, жынды кісі сияқтанып.
ЖЫНДЫШӨП1 з а т . ө с . с ө й л . Қызғылт қалуен. Бұдан басқа сары қалуен де болады.
ЖЫНДЫШӨП2 з а т . ө с . с ө й л . Халық арасында оны жындышөп деп те атайды.
ЖЫН-ЖЫБЫР з а т . Жын-шайтан, пері.
ЖЫНОЙНАҚ з а т . Жөнсіз асыр салып, бейберекет ойнақтау, ырду-дырду.
ЖЫН-ПЕРI з а т . Жын және перілердің жиынтығы, тобы.
ЖЫН-САЙТАН з а т . с т и л ь . Жын-шайтан.
Жын-сайтаны ұстады. с т и л ь. Ашуға мінді, ызаланды, жыны келді.
ЖЫНША ү с т . Жын сияқты, жын тәрізді.
ЖЫН-ШАЙТАН з а т . 1. Жын-шайтан, албасты, пері сияқты қас күштердің жиынтығы. 2. а у ы с . Адамды жаман жолға бағыттайтын азғырушы, әзәзіл.
Жын-шайтанның ойнағы. У-шулы, астаң-кестең, ойын-сауықты орта. Жын-шайтанын шақырды. Жынданды, құтырды, долданды.
ЖЫНЫҚ= е т . с ө й л . Жінік.
ЖЫНЫС1 [ар. ] з а т . 1. Адам мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің аталығы мен аналығы. 2. Тұқым, нәсіл, зат. 3. б и о л . Ағзаның еркек не ұрғашы дарабасқа (особьқа) жататындығын білдіретін жиынтығы.
Жыныс бездері. б и о л . Әр жынысқа тән және олардың жыныстық затын түзетін бездер. Жыныс гормондары. б и о л . Ағзаның алғашқы және соңғы жыныс белгілерінің қалыптасуына, жыныстық әрекеттердің орындалуына әсер ететін және зат алмасу процесіне қатысатын жыныс бездерінен бөлінетін биологиялық белсенді заттар. Жыныс жасушалары. б и о л . Жануарлар мен өсімдіктердің ағзаларында пісіп-жетіліп, ұрықтану нәтижесінде жаңа дарақтардың дамуы мен оларға ата-анасынан тұқым қуалаушылық қасиеттерінің берілуін қамтамасыз ететін жасушалар. Жыныс мүшелері б и о л . Биологиялық ағзаның көбеюіне жауап беретін аталық немесе аналық мүшелер. Жыныс мүшелері аурулары. м е д . Сыртқы, ішкі жыныс мүшелерінің зақымдануы, ісінуі, қатерлі не қатерсіз ісікке шалдығуы салдарынан болатын аурулар. Жыныс тәрбиесі. п е д . Балалар мен жастардың ақыл-ойының, адамгершілік құндылықтар туралы көзқарасының, дене бітімінің, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы тәрбие жұмысы процесінің құрамдас бөлігі. Жыныс хромосомалары. б и о л . Ағзаның жынысын айқындайтын қосарланған хромосомалар.
ЖЫНЫС2 з а т . Жер қабатының әртүрлі құм-тастары (гранит, мрамор, ізбес тас, бор т.б.).
ЖЫНЫС3 з а т . Ағашы ну болып, өте қалың өскен орман (тоғай).
ЖЫНЫСҚАН с ы н . 1. Нәсілі араласқан; 2. а у ы с . Ну, қалың.
ЖЫНЫССЫЗ сын. Жыныстың қатынасынсыз, жыныс арқылы емес.
Жыныссыз көбею. б и о л . Жыныстық қатынас пен жыныс жасушаларының қатысуынсыз жүзеге асатын көбею.
ЖЫНЫСТАН= е т . Қалың жынысқа айналу, ну болу.
ЖЫНЫСТАНУ Жыныстан етістігінің қимыл атауы.
ЖЫНЫСТАС с ы н . 1. Жынысы бір, бір жынысқа жататын. 2. Тектес, тұқымдас, туыс.
ЖЫНЫСТЫҚ с ы н . Жыныс ерекшелігіне сәйкес, жынысына қатысты.
Жыныстық жүйе. Жануарлар мен адам ағзасындағы жыныстық көбеюді қамтамасыз ететін мүшелер жүйесі. Жыныстық көбею. б и о л . Аналық және аталық жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық қылмыстар. з а ң . Жыныстық азғындықтан туындайтын қылмыстық әрекеттер. Жыныстық хромосома. б и о л . Жыныс хромосомалары.
ЖЫҢ1 з а т . к ө н е . У-шу.
Жың атылды. У-шу шықты, дабыр-дүбір басталды.
ЖЫҢ2 з а т . ж е р г . Таразы.
ЖЫҢ3 с ы н . ж е р г . Қалың ну.
ЖЫҢҒЫЛ з а т . ө с . <лат. tamarix> Шөл, шөлейт жерлерде, өзен бойында, тоғай арасында өсетін, жыңғыл тұқымдасына жататын биіктігі 1-3 м-дей бұта.
Жыңғыл тұқымдасы. ө с . < лат. tamaricaceаe> Қосжарнақтылар табына жататын аласа ағаш, бұта, шала бұта. Жыңғыл шырша. Жатаған өскен шырша, шыршалы ну.
ЖЫҢҒЫЛБАС з а т . ө с . Құмды, сортаңды жерлерде өсетін жыңғыл тәрізді өсімдік.
ЖЫҢҒЫЛДАЙ с ы н . 1. Жыңғыл тәрізді. 2. а у ы с . Жап-жас, жайнап тұрған.
ЖЫҢҒЫЛДЫ с ы н . Жыңғылы көп, жыңғыл
өскен.
ЖЫҢҒЫЛСЫЗ с ы н . Жыңғыл өспеген;
жыңғылы жоқ (жер).
ЖЫҢ-ЖЫҢ з а т . Құж-құж, у-шу.
ЖЫП: жып берді. Лып етті, тез қимылдады.
Жып еткізді. Тез қимылдады, лып еткізді.
Жып етті. Лып ете қалды.
ЖЫП-ЖИНАҚЫ с ы н . Етек-жеңі жиылған, әдемі, ықшам.
ЖЫП-ЖЫЛДАМ ү с т . Лезде, ылдым-
жылдым.
ЖЫП-ЖЫЛМАҒАЙ с ы н . 1. Теп-тегіс,
жазық. 2. Жым-жылас, түк жоқ.
ЖЫП-ЖЫЛТЫР с ы н . Жалт-жұлт еткен,
жылтыраған.
ЖЫП-ЖЫЛЫ с ы н . 1. Тым жылы, өте
жылы. 2. а у ы с . Мейірімді, қайырымды; жарасымды.
ЖЫП-ЖЫЛЫМШЫ с ы н . Суып қалған,
ыстық емес.
ЖЫП-ЖЫП ү с т . Тез-тез, көз ілеспестей.
Жып-жып етті. Тез-тез сөйледі.
ЖЫПСЫҚ с ы н . с ө й л . Жымсық.
Жыпсық көз. Сығырайған қысық көз.
ЖЫПЫҚ с ы н . Көзін қайта-қайта жыпықтата беретін.
ЖЫПЫҚ-ЖЫПЫҚ е л і к . Көздің қайта-
қайта жыпылықтауын бейнелейтін сөз.
Жыпық-жыпық етті. Көзін қайта-қайта
ашып-жүмды, жыпықтады.
ЖЫПЫҚТА= е т . 1. Көздің бір ашылып, бір
жұмылуы; жыпық-жыпық етуі. 2. Жарықтың бір
жанып, бір сөнуі.
ЖЫПЫҚТАТ= е т . Жыпық-жыпық еткізу,
жарқ-жұрқ ету.
ЖЫПЫҚТАТУ Жыпықтат етістігінің
қимыл атауы.
ЖЫПЫҚТАУ Жыпықта етістігінің қимыл
атауы.
ЖЫПЫЛДА= е т . 1. Жып-жып етіп тез
сөйлеу. 2. Көз ілеспестей қимыл жасау. ЖЫПЫЛДАҚ с ы н . Жып-жып еткен,
жыпылдап қалған.
ЖЫПЫЛДАС= е т . Жып-жып етісу, ауыздары жабылмау.
ЖЫПЫЛДАСУ Жыпылдас етістігінің қимыл атауы.
ЖЫПЫЛДАТ= е т . 1. Жып-жып етіп тез-
тез сөйлеу. 2. Тез қимылдау.
ЖЫПЫЛДАТУ Жыпылдат етістігінің
қимыл атауы.
ЖЫПЫЛДАУ Жыпылда етістігінің қимыл
атауы.
ЖЫПЫЛЫҚ з а т . 1. Көздің қайта-қайта
жыпықтауы. 2. Жарықтың бір өшіп, бір жануы.
Жыпылық атты. Көздерін бір ашып, бір
жұмды, жыпылықтады. Жыпылық жарғағы.
а н а т . Кейбір акулалардың, құрлықта тіршілік
ететін көптеген омыртқалы жануарлардың
көзінің ішкі бурышына таяу орналасқан
қозғалмалы мөлдір жарғақ. Жыпылық көз
[көздеу]. Жыпық-жыпық етіп туратын
көз. Жыпылық қақты. Жыпық-жыпық етті,
жыпықтады. Жыпылық ш а м . Сықсима шам.
ЖЫПЫЛЫҚ-ЖЫПЫЛЫҚ: жыпылық-
жыпылық етті. а) Көзі жыпылықтады. ә) Бір
өшіп, бір жанып өшуге айналды.
ЖЫПЫЛЫҚТА= е т . 1. Көздің бір ашып,
бір жұмылуы, жыпықтау. 2. Жарықтың бір
жанып, бір өшуі.
ЖЫПЫЛЫҚТАС= е т . Көздері жыпылық-
жыпылық етісу.
ЖЫПЫЛЫҚТАСУ Жыпылықтас етістігінің қимыл атауы.
ЖЫПЫЛЫҚТАТ= е т . 1. Көзін бір ашып, бір
жұму, жыпықтату. 2. Жарықты бір жандырып,
бір өшіру.
ЖЫПЫЛЫҚТАТУ Жыпылықтат етістігінің қимыл атауы; жыпылық-жыпылық еткізу. ЖЫПЫЛЫҚТАТЫҢҚЫРА= е т . Жыпылық-жыпылық етіңкіреу.
ЖЫПЫЛЫҚТАТЫҢҚЫРАУ Жыпылықтатыңқыра етістігінің қимыл атауы.
ЖЫПЫЛЫҚТАУ Жыпылықта етістігінің
қимыл атауы. 1. Көздің жыпықтауы. 2. Жарықтың бір жанып, бір өшуі; жарқ-жұрқ ету.
3. и н ф . <ағыл. blinking> Бір немесе бірнеше
элемент кескінінің жарықтылығын немесе түсін
көзбен көру үшін мезгіл-мезгіл өзгертіп отыру.
ЖЫПЫҢДА= е т . Жып-жып ету, сыпсыңдау; сумаңдау.
ЖЫПЫҢДАУ Жыпыңда етістігінің қимыл
атауы.
ЖЫПЫР= е т . 1. Жымыру, жымырайту.
2. с ө й л . Жапыру.
ЖЫПЫР-ЖЫПЫР е л і к . Быж-быж
етіп, құж-қиж қайнаған, жыпырлаған қимылды
бейнелейтін сөз.
Жыпыр-жыпыр етті. а) Жыпырлады, құж-
құж қайнады. ә) Құжынады, қаптады.
ЖЫПЫРЛА= е т . Қаптау, быжынау,
құжынау.
ЖЫПЫРЛАС = е т . Құжынасу, қаптау.
ЖЫПЫРЛАСУ Жыпырлас етістігінің
қимыл атауы.
ЖЫПЫРЛАТ= е т . Қаптату, құжынату,
топырлату.
ЖЫПЫРЛАТУ Жыпырлат етістігінің
қимыл атауы.
ЖЫПЫРЛАУ Жыпырла етістігінің қимыл
атауы.
ЖЫПЫРУ Жыпыр етістігінің қимыл атауы.
ЖЫПЫТСЫ= е т . ж е р г . Мүләйімсу.
ЖЫР з а т . 1. Поэзиялық шығармалардың
жалпылама атауы. 2. ә д е б . Өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді
поэзиялық шығарма (батырлар жыры, эпостық,
ғашықтық жырлар). 3. а у ы с . Ән, әуен.
Жыр арнасы. п о э т . Өлең сөздің ағып
жатқан бұлағы, сарқылмас көзі. Жыр болды.
Аты аңызға айналды, қызық әңгімеге арқау
болды. Жырға бөледі. п о э т . Ән-жырға қосты,
жырлады. Жырға қосты. Жыр етті, жырлады. жырлады. Жырға қосты. Жыр етті, жырлады,
әйгіледі. Жыр дүлдүлі. Атақты, әйгілі ақын-
жыраулар. Жыр етті. а) Жырлады, өлеңге
қосты. ә) Қызық әңгіме қылып айтып берді.
Жыр жолдары. Өлең, поэзиялық шығарма.
Жыр кернеді. Жырлағысы, ән салғысы келді.
Жыр күреді. о к к а з и о н . Жыр жазды. Жыр
кісенін жіберді. б е й н . Шырқады, жырға қосты.
Жыр қармағы. б е й н . Өлең-жырдың қуаты,
тартымдылығы. Жыр құсы. п о э т . Жыр
шабыты; муза. Жыр қылды [қылып айтты].
Қызық әңгіме етіп айтты, аузының суы құри
әңгімеледі. Жыр маржаны. п о э т . Таңдаулы
жыр жолдары, шумақтары. Жыр селі. п о э т .
Ұзақ төкпе жыр. Жыр сүлейі. Өлең-жырдың
дүлдүлі. Жыр төгілді. Құйқылжыта жырлады,
ағытылды. Жырын жырлады. Мұң-мұқтажын,
жағдайын ойлады; айтты.
ЖЫР= е т . 1. Жырту, тілу. 2. Бөлу,бөлектеу.
3. Судың кедергіні бұзып жол салып, жылғалай
ағуы.
ЖЫРА з а т . 1. Жаңбыр, қар суы жырып
кеткен терең жер, сай-сала. 2. г е о г р .
Маусымдық жауын-шашын суының әрекетінен
қалыптасқан эрозиялық ойыстардың бір түрі.
Жыраға жықты. Бір пәлеге ұшыратты.
ЖЫРА= е т . ж е р г . Өлең айту, жырлау.
ЖЫРАҒЫРАҚ с ы н . 1. Алысырақ, бұрыстау, шалғайырақ. 2. Бейхабар.
ЖЫРА-ЖЫҚПЫЛ з а т . Ойлы-қырлы,
жарлауытты жер.
ЖЫРА-ЖЫЛҒА з а т . Жыра мен жылға,
сай-сала.
ЖЫРА-ЖЫМ з а т. Жылға-жылға жер.
ЖЫРА-ЖЫРА с ы н . Бірнеше жыра, жырасы көп.
ЖЫРАҚ с ы н . 1. Шалғай, алыс, қашық.
2. Бөлек, бөлініп қалған. 3. Оңаша, оқшау. 4. а у
ыс. Бөтен жер.5. а у ы с . Бұрынғы уақыт, ерте
кез. 6. а у ы с . Қолжетпес. 7. а у ы с . Туыс емес,
жақын-жұрағат емес.
Жырақ кетті. Алысқа барды. Жырақ қалды.
a) Ұмыт болды, өтіп кетті. ә) Бөлектенді,
оқшауланды, сырт қалды.
ЖЫРАҚАЙ зат. Жырашық, жырама.
ЖЫРАҚАНА з а т . с ө й л . Жырашық.
ЖЫРАҚТА= е т . 1. Алыстау, ұзау, шалғайлану. 2. а у ы с . Арасы салқындау, суу.
ЖЫРАҚТАЛ= е т . Алыс қалу, алшақталу.
ЖЫРАҚТАЛУ Жырақтал етістігінің қимыл
атауы.
ЖЫРАҚТАН= е т . 1. Ұзау. 2. Алыстау,
қашықтау. 3. Оқшаулану, бөлектену.
ЖЫРАҚТАНУ Жырақтан етістігінің қимыл атауы.
ЖЫРАҚТАТ= е т . 1. Алыстату, қашықтату. 2. Бөтенсірету, жат көру.
ЖЫРАҚТАТУ Жырақтат етістігінің
қимыл атауы.
ЖЫРАҚТАУ с ы н . 1. Алысырақ,шалғайлау.
2. Оңашалау, бөлектеу.
ЖЫРАҚТАУ2 Жырақта етістігінің қимыл
атауы.
ЖЫРАҚТЫҚ з а т . Қашықтық, алыстық.
ЖЫРАҚЫ з а т . с ө й л . Жырашық.
ЖЫРАЛАП ү с т . Жыра етіп, жыра жасап.
ЖЫРАЛАУ с ы н . Аздап жыра, сайлау.
ЖЫРАЛЫ с ы н . Жырасы бар, жырасы көп.
ЖЫРАНДА з а т . ж е р г . Жыра.
ЖЫР-АҢЫЗ з а т . Аңызға айналған жыр,
өлең.
ЖЫРАСЫЗ с ы н . Жырасы жоқ (жер).
ЖЫРАСЫМАҚ с ы н . э к с п р . м е н с і н б
е у . Жыра сияқты, жыраға ұқсаған.
ЖЫРАУ з а т . Өз жанынан жыр шығарып
айтатын және эпикалық дастандар мен
толғауларды орындайтын халық поэзиясының
өкілі.
ЖЫРАУДАЙ с ы н . Жырау сияқты.
ЖЫРАУ-ДҮНИЕ з а т . п о э т . Өмір, тіршілік мағынасында ЖЫРАУЛЫҚ з а т . Жырауға тән қасиет,
соған лайық өнер.
Жыраулық поэзия. XV-XVIII ғасырлардағы
қазақтың халық поэзиясы.
ЖЫРАУША ү с т . Жырауға ұқсап, жырау
сияқтанып.
ЖЫРАША з а т . Аздап қана жырылған жер,
кішірек жыра; жырашық.
ЖЫРАШЫҚ зат. Кішірек келген жыра;
жыраша.
ЖЫР-ӘН з а т . Ән мен жыр.
ЖЫРБАҚАЙ с ы н . қ а р а п . Орынсыз
жырбаңдап, жыртаңдап күле беретін, күлегеш.
ЖЫРБАҚАЙЛЫҚ з а т . Жырбаңдай берушілік, күлегештік.
ЖЫРБАҢ е л і к . Жыртақтап күлген, жырбаңдаған қимылды бейнелейтін сөз.
Жырбаң етті. Жырбақтады, жырбаңдады.
ЖЫРБАҢДА= е т . қ а р а п . Жыртақтап
күлу.
ЖЫРБИ= е т . қ а р а п . Жырти.
ЖЫРБЫҚТА= е т . с ө й л . Жырбыңда.
ЖЫРБЫҢДА= е т . қ а р а п . Орынсыз күлу,
жыртақтау.
ЖЫРБЫҢДАУ Жырбыңда етістігінің
қимыл атауы.
ЖЫРБЫҢ-ЖЫРБЫҢ: жырбың-жырбың
етті. Орынсыз ыржақтап күлді.
ЖЫРFA з а т . к ө н е . э т н . 1. Асыл тас,
моншақ тізіп тіккен, көп салпыншақты бас киім.
2. Сәукеленің, бергектің, кейде сырғаның төгілме
моншақтары, сәнді салпыншағы, шұбыртпасы.
ЖЫРҒA= е т . Қарық болып кенелу, жетісу.
Жырға бөледі. Ән-жырға қосты, жырлады.
ЖЫРҒАЛ з а т . ж е р г . Қызық, рахат.
Жырғалға батты. ж е р г . Қызыққа батты,
молшылыққа кенелді, рақаттанды, жетісіп
қалды.