Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. Айнала жым-жырт,Көк аспан сұрғылт. Жер жыртқан тыңда Трактор қырда. Жапырақ ұшты, Суық та түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде.
Алма Шырын болмаса, Миға Білім қонбаса, Беске Дәптер толмаса, Балта Ағаш жонбаса, Көгал Жасыл болмаса, Болат Асыл болмаса, Жүйрік Шауып озбаса, Гүлдер Бойын созбаса, Жігіт Қамды болмаса, Ұл-қыз Арлы болмаса, Дүниеде сән қалмас, Тіршілікте мән қалмас!