Жұмыcтың өзектілігі



Дата15.11.2023
өлшемі16,3 Kb.
#124099
түріОқулық

Жұмыcтың өзектілігі Қазіргі кезде оқу құралдарының көп және ауыр болғанына орай көп оқушылардың омыртқа жотасы қисайып, денсаулығы нашарлайды. Дәл осы жағдайларда жанасусыз кітап ашқышты тасымалдайтын интеллектуалды сөмке роботы қажет болады. Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға оқулықты қашықтықтан жанасусыз ашып беруге және тасымалдауға көмектесетін «Smart Bag» роботты жинауды шештік.
Гипотезасы Біз LEGO MINDSTORMS Education EV3 жиынтығынан құралған жанасусыз кітап ашқышты тасымалдайтын интеллектуалды сөмке роботын құрастырып, адам денсаулығының сақтауына және білім алуына жақсы әсерін тигізеді деп болжаймыз.
Жұмыстың мақсаты Қарапайым және жанасусыз артынан еріп жүретін автоматты кітап ашқышы бар роботты құрастыру.

Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылады: - роботтың макеті және автотономды ақылды сөмкенің жұмысының негізгі принциптерін әзірлеу;
- бағдарламаны құрау және енгізу;
- роботты сынақтан өткізу;
- артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптау.

Роботты сынақтан өткізу арқылы артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптау
Артықшылықтары:
1. Smart Bag жұмыс жасау барысымен қызықтыру арқылы балаларды білім алуға ынталандырады;
2. Денсаулықты күту тұрғыда жақсартады;
3. Уақытты үнемдейді.
4. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздігінен және тең қатарлы білім алуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: қуат көзінің ұзаққа жетпеуі.

Қорытынды Қорыта келе жанасусыз оқушының артынан еріп жүретін және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кітапты ашқышы бар интеллектуалды сөмке құралы арқылы сабаққа деген қызығушылықты арттырып, балаларға тең білім алуына көмектесетін тиімді құрал. мұндай автоматты ақылды сөмке роботты тек мектеп және кітапханада ғана емес, үй шаруасына қолдану ұсынылады, себебі «Smart Bag» роботы қауіпсіз және қолдануға ыңғайлы. Автоматты сөмкенің қалай жұмыс істейтінін түсініп, ультрадыбыстық сенсордың ерекшеліктерімен таныса отырып, болашақта мен мүмкіндіктері мен функционалдығы кеңірек роботты жинағым келеді, сондықтан қосымша бөлік жинау туралы идея бар. Телефон қосымшасы арқылы басқаралып, алыс қашықтыққа баратын жол талғамайтын жетек блокты жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет