Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»



бет68/79
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы 050506 Экономика маманды ыны Мемлекеттік жал

Тест тапсырмалары:

1. Табиғат пайдалану экономикасы нені оқытады?

A) Адамдардың шаруашылық қызметінде табиғат ресурстарын тиімді және кешенді пайдалануға бағытталған экономикалық ғылым

B) Табиғат ресурстарын пайдалануда, оларды табуда, тқтынуда қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық қатынастарды оқытатын ғылым

C) Табиғат пен қоғам эволюциясын оқытатын ғылым

D) Табиғат ортасы элементтерінің арақатынас принциптерін оқытатын ғылым

E) Өндіріс ресурстарын ұнемдеу технологиясын оқытатын ғылым

2. Зерттелетін құбылыс жан- жақты, қайшылықта, даму үстінде қарастырады қандай әдіс?

A) Статистикалық

B) Корреляциялық- регрессиялық

C) Жүйелік

D) Диалектикалық

E) Тарихи- тану

3. Табиғат пайдалану процесінде мыналар пайдалынады............

A) Қайта қалпына келетін ресурстар

B) Сарқылатын ресурстар

C) Сарқылмайтын ресурстар

D) Минералдық ресурстар

E) Жерлер, орман ресурстары, қазба байлықтары, су ресурстары, атмосфералық ауа

4. Жаңартылу дәрежесі бойынша табиғат ресурстары............. болады

A) Табиғи, жасанды

B) Жаңартылатын, жаңартылмайтын

C) Өндірістік, өндірістік емес

D) Тозатын, тозбайтын

E) Бағаланған, бағаланбаған

5. Адамдар қатысымен пайда болған немесе қайта қалпына келтірілген табиғат ресурстары қалай аталады......

A) Жаңартылатын

B) Қалпына келетін

C) Антропогендік

D) Табиғи

E) Қазбалы

6. Бүге- шегесіне дейін зерттеліп, белгілі уақытта статистикалық тіркеуден өткен және пайдалануға жіберілген табиғат ресурстары қалай аталады?

A) Есепке алынған

B) Қайта қалпына келетін

C) Мүмкін болатын

D) Зерттелген

E) Ауыстырылатын

7. Территориялық, технологиялық және басқалай белгілері бойынша біріктірілетін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер жиынтығы қалай аталады?

A) Инфрақұрылым

B) Ресурстық потенциал

C) Өндірістік күш

D) Ресурстық емес потенциал

E) Өндірістік кешен

8. Қоршаған ортаның ауыл шаруашылық ластануы- бұл..............

A) Әртүрлі тынайтқыштар мен зиянды жәндіктерді құртуға арналған элементтерді қолданумен байланысты табиғаттың ластануы

B) Адамның іс- әрекетіне байланысты емес қоршаған ортаның ластануы

C) Өнеркәсіп кешендердің қызмет етуінен қоршаған ортаның ластануы

D) Мемлекет территориясынан шықпай қоршаған ортаның ластануы

E) Қоршаған ортаның бөлек химиялық заттармен, оның компоненттері мен элементтерімен ластануы

9. Қоршаған ортаның тұрақты ластануы– бұл...........

A) Қоршаған ортаның бірнеше жүз жыл(аргон және т. б) таралмайтын зиянды элементтермен ластануы

B) Тек қана микроорганизмдермен емес, сондай- ақ экожүйені бұзатын макроорганизмдердің кобеюімен қоршаған ортаның ластануы

C) Тұрғындар қоныстанған ауылдар, қалалар мен аудандар территориясынан шықпай қоршаған ортаның ластануы

D) Қоршаған ортаның бөлек химиялық заттармен, оның компоненттері мен элементтерімен ластануы

E) Өндірістік немесе басқалай объектілер орналасқан территорияның қоршаған ортасының ластануы

10. Өндіріс процесіне тікелей қатысатын табиғат ресурстары қалай аталады?

A) Энергетикалық ресурстар

B) Экономикалық айналымға тартылған ресурстар

C) Пайдалы қазбалар

D) Минералдық ресурстар

E) Технологиялық ресурстар

Әдебиеттер:1,2,3, 4,5,6,8




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет