1. Пайдалы қазбалардың жіктелуі
Республика аумағының геологиалық даму кезеңінде қойнауында әр түрлі пайдалы қазбалар түзілген. Кейбір пайдалы қазба кең орындары қор жөнінен (хром, вольфрам, мыс, калий, рений, фтор, висмут) дүние жүзінде бірінші орында.
Пайдалы қазба кең орындары үш топқа бөлінеді:
жанатын пайдалы қазбалар;
рудалы пайдалы қазбалар;
рудасыз пайдалы қазбалар.
Жанатын пайдалы қазбалар – мұнай, газ, жанғыш тақта, тас көмір, шын тезек.
Рудалы пайдалы қазбалар – қара және түсті метелдар, қымбат, бағалы сирек кездесетін металдар кендері жатады.
Бейруда (рудасыз) пайдалы қазбалар – химия шикізаты, минераелды тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфор, отқа төзімді материалдар, әсемдік тастар т.б.
2. ҚР-ның минералды- шикізат ресурстары және оны тиімді пайдалану проблемалары
Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлықтарға бай. Көптеген минералдық заттарды әртүрлі мақсатта пайдалануға болады.
Мұнайдан, табиғи газдан, көмірден қажетті өндеуден өткізгеннен кейін әртүрлі тұрмысқа қажетті заттарды, медициналық құрал - саймандарды, құрылыс материалдарын жасауға болады. Минералдық қорды пайдалану шеңбері күннен – күнге өсіп келеді. Мұнай мен газ өндіруге кететін шығынның жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
1. Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу. Барлау қазба байлақтын бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.
2. Ашылған шикізат қорын толық өндіру, ысыраптын мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау немесе азайту, қазба байлық саласын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауын қадағалау.
3. Өндірілген минералдың шикізатты кешенді пайдалану, өндеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Кеннің құрамындағы металдарды толығырақ ажыратып алу арқылы ғана шикізаттан алынатын жылдың өтімді 20-30℅-ке арттыруға болатыны әлдеқашан дәлелденген.
4. Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ҒТЖ-ке байланысты, бірінші кезекте экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда оларды экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |