Арнайы су пайдалану - халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттерін, ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттерін қанағаттандыру үшін суды пайдалану.
Оқшау су пайдалану – су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бір жеке және заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.
Бірлесіп су пайдалану – құқығы су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бірнеше жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
Бастапқы және қайталама су пайдалану -өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.
Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану- өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану.