Экологиялық сақтандыру – табиғат пайдаланушылардың өзінің қызмет бабында қоршаған ортаға қандай болмасын қолайсыз жағдайда немесе апат жағдайында зиян келтіруден сақтандыру.
Импорттық тарифтер – еліміз территориясына аса қауіпті заттарды табиғат пайдаланушылардың әкелген кезде төлейтін төлемдер.
Экспорттық төлемдер – табиғат пайдаланушылардан еліміз территориясынан қандай болмасын табиғат ресурстарын шығарған жағдайдағы төлемдер.
Мониторинг–бақылау табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи заттар бойынша жүзгізіледі.
Әкімшілік басқару жүйесі – табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру, қадағалау негізінде жүзеге асырылады.
Экономикалық жүйе - табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.