Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет20/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
szz kds kz

Диагностикасы


Диагноз эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық мәліметтерге сүйеніп қойылады.
Лабораториялық тәсілдерден – ИФА-мен арнайы антиденелерді анықтау. Егер нәтижесі оң болса, оны дәлелдеу үшін басқа сериялы тест – системе қолданылады, егер екінші анализ теріс болса, онда анализді үшінші рет қайталайды. Үшінші рет анализ теріс болса, онда иммуноблогта дәлелдейді, ол тәсіл сенімді, себебі суммарлы антиденелерді емес, ол вирустың жеке белоктарына антиденелерді іздейді. Егер нәтиже күмәнді болса, онда ол адамдар қадағалауға алынады және анализ 3-6 айдан соң қайта жасалынады. Осындай жағдайларда АИВ антигендерін ПТР –диагностикасы арқылы анықтауға болады.

Емі


Анасы ауру болса жүктілік кезінде зидовудинмен (ретровир) емделуі қажет. Анасы емделмесе, онда нәресте өмірінің бірінші 8-24 сағатында осы препаратты қабылдауы керек – 6 апта бойы.
Пневмоцистік пневмония АИВ инфекцияда ең қауіпті ауру, сол үшін нәрестелерге өмірінің 4-6 аптасынан бастап алдын-алу шараларын қолданады.
Арнайы емі жоқ, сондықтан барлық жүргізілген ем аурудың ары қарай дамуын тежеуге және адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған.
Ем принциптері:
1. Қорғау – психомоторлық режиммен қамтамасыз ету;
2. Вирусқа қарсы емді өз уақытында бастау;
3. Екіншілік ауруларды мүмкіншілігінше ерте анықтау және емдеу;
4. Дезинтоксикациялық терапия контрикал, гемодез, декстранды қосумен және т.б;
5. Симптоматикалық ем;
6. Иммуниттеті көтеретін ем (лейкомасса, эритромасса, сары су құю, тимоген, тималин, интерферондар, интерферон индукторын қолдану). Иммуномодуляторлар тек қана бастапқы немесе аралық кезеңде егер екіншілік аурулар болса тағайындалады, себебі осы кезеңде ғана иммундық жүйені күшейтуге болады. ЖПИЖС кезеңінде - иммуноалмастырушы терапия жүргізіледі. Егер аутоиммунды процесс айқын болса, онда иммунодепрасанттар қолданылады;
7. Витаминдер барлығына. Вирусқа қарсы дәрілерден тек вирустың ерментін бұзатын дәрілерді қолдану керек (кері транскриптаза және вирус протеазасын).
Кері транскриптазаның ингибиторлары: Ретровир (Зидовудин), ddc (дидеоксицитозин, зальцитабин), ЗТС (ламивудин, эпивир), DLV (делавиридин), NP (невирамин), Фосфотиазид (Азидотимидин).
Зидовудин (ретровир, тимозид) тек қана кері транскриптазаны ғана төмендетіп қоймай, сонымен қатар, вирус ДНҚ-синтезін басады. Оны алғашқы белгілер кезеңінен бастап қолданылады үздіксіз немесе үздікті. Бір курстың ұзақтығы 3 айдан кем емес, тәуліктік мөлшері 0,01 г немесе 12 жасқа дейін – 180 мг/м2, әрбір 6 сағат сайын, 12 жастан соң 100 мг/м2 х 5 рет тәулігіне.
Зидовудинді басқа да вирусқа қарсы дәрілермен бірге қолдануға болады (ганцикловир, фоскарнет және т.б.).
Қазіргі таңда АИВ-тың терапиясын алғашқы білінулер кезінде бастау керек, себебі ол кезде ауру белгілері жоқ (вирустық жүктеме).
Протеазаның ингибиторлары клеткада вирус протеазасынын белсенділігін тежеп отырады, осыған байланысты ересек вирусты дамитын түзуді алдын алады.
Оған жататындар: нидинавар, (криксиван), саквинавир (инвираза), ритонавир, нелфинавир (вирасепт).
Этиотропты емнен басқа ЖПИЖС – индикаторлы ауруларды да емдеу керек. Пневмоцисті пневмонияда - бактрим, бисептол; токсоплазмозда – пириметамин+бисептол; септикалық жағдайларда – қан тамырға иммуноглобулин.
Кандидозды инфекцияларда – дифлюкан, нистатин, флюконазол, низорал, амфотерицин, микосепт.
Туберкулезде – кларитримицин, этамбутол, римфапицин, амикацин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет