Бауыр циррозы (БЦ) – бауыр жасушасының дистрофиясымен, оның құрылымының өзгеріп, тыртықтанып бүрісуімен бауыр қызметінің жеткіліксіздігінің ұдайы өршуімен сипатталады.
Бауыр циррозы созылмалы гепатиттің 60% жағдайында кездеседі. Этиологиясына қарай цирроздың түрлері:
1. бауырдың вирусты зақымдалуы нәтижесінде
2. созылмалы алкоголизм нәтижесінде
3. холестатикалық (холестаз)
4. конституциональды-жанұялық (тағам рационында ақуыздың, витаминдердің жеткіліксіздігі)
5. токсико-аллергиялық фактор
6. созылмалы инфекция фонында дамитын (туберкулез, мерез, бруцеллез) және т.б. факторлар.
Патогенезі: бауыр циррозы морфогенезбен байланысты. БЦ даму механизміне қайталанып отыратын этиологиялық себеп – шарттардың әсерінен әртүрлі бауырлық тіндердің некрозы мен бауыр ретикулиндерінің тірегінің төмендеуінің мәні зор. Бауыр паренхимасының сақталған бөлігінің қанмен жабдықталуы бұзылып, тыртықтың пайда болуына әкеп соғады. Некроз ошағынан түскен вирустық ыдыратқыштар өсуінен сақталған жасушалар қалпына келуі күшейеді. Түзілген түйіндік регенерат, айналасындағы қан тамырлары өтетін тіндерді қысады. Қан ағуының бұзылуынан қақпалық көк тамырда қан қысымының көтерілуінің және қанайналым нашарлаған соң өлі еттенудің дамуына әкеледі. Ақаулы айналым түзіледі: некроз - қабыну - неофибриллогенез – гепатоциттердің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуы - некроз – дәнекер тінінің өсуі.
Клиникасы: Бауыр циррозының клиникалық көрінісі бауыр жасушаларының зақымдануының дәрежесіне байланысты болады. Бауыр аймағында ауыру сезімінің пайда болуы оң жақ қабырға астынан бүкіл ішке ауыру сезімінің жайылуы, сыздаған ауыру сезімі физикалық жүктемеден кейін немесе қою майлы тағам жегеннен кейін сезіледі. Ауыру сезімі бауырдың сыртқы қабығының керілуімен ұлғаюынан немесе өлі еттену ошақтарының бауыр қабығына жақын орналасуынан болады. Диспепсиялық көріністер тәбетінің төмендеуінен немесе жойылуынан, оң жақ қабырға астында тамақтанғаннан кейін ауыру сезімінің пайда болуымен, жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі (әсіресе майлы тағам қабылддағаннан кейін), негізінен өттің секрециясының бұзылуы асқорытудың бұзылуына әкеліп соғады, ол алкогольді гастроэнтеритпен өт жолдары дискенизиясының қатар өтуімен байланысты болады. Науқастың жұмысқа қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқысының бұзылуы бауыр циррозы кезінде жиі байқалады.
Көріп қарап тексергенде БЦ мынандай белгілерді байқауға болады: жүдеу – бауырдың қақпалық циррозымен ауыратын науқастарға тән, ауырудың қатты ұлғайған кезінде, науқастардың тері асты май қабатының жоғалуы ғана емес, бұлшықеттердің де семуі болады, әсіресе иық бұлшықеттерінің семуін бірден байқауға борлады. Мұндай науқастарға тән көрініс: бет әлпеті азыңқы, терісі бозарған, сарғыш, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде эритемалар, аяқтары жіңішкеріп, іші ұлғайған, аяқтары ісінген, құрсақ қабырғаларында, тері асты көктамырларының үлкейіп көрінуі байқалады.
Сарғаю билиарлы цирроз ауруынан басқа жағдайларда да кездеседі, ол бауырлық тіндердің некрозына байланысты, гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздігімен көрінеді. Сарғаюға тән белгі нәжістің түссізденуі, ұлтабардың ішіндегі сұйықтықтың құрамында оттегінің болуымен сипатталады, кейде теріде қышыну белгілері болады. Цирроздың «кіші» белгілері:
1. қан тамырлық «жұлдызшалар», олардың көбеюі аурудың өршуін көрсетеді
2. алақандағы эритемалар («бауырлық алақан»)
3. қызыл, жалтыраған ерін, ауыз қуысы шырышты қабаты қызарған, тілі жылтыр, тегістелген, қызыл
4. ерлерде гинекомастия, әйелдерде аменорея
5. ксантоматозды терідегі дақ
6. саусақ басы барабан таяқшалары тәрізді, терісі қызарған.
Шемен – қақпалық циррозға тән белгі. Сарысу біртіндеп жиналып, ол үлкен мөлшерге жетеді, сол кезде науқастарда ентігу байқалады.
Пальпацияда – бауыр ұлғайған, тығыз, беткейі тегіс емес. Төменгі қыры өткір.
Көкбауыры ұлғайған - спленомегалия. Аускультацияда – систолалық шу, тахикардия.