1) Тақырып №5: Вирусты гепатиттер және бауыр циррозы. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Әлеуметтік мәні
2) Мақсаты: Вирусты гепатиттердің этиологиясын және патогенетикалық механизмдерін анықтау. Вирусты гепатиттер кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету. Вирусты гепатиттер кезінде аспаптық зерттеу әдістерімен, таныстыру. Бауыр циррозының негізгі себептерін, этиологиясының және патогенезін білу. Бауыр циррозы дамуының қауіпті факторлары кезінде кезінде көмек көрсетуді және алдын алуды жүргізу;
3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Бауырдың анатомо – физиологиялық ерекшеліктері.
Гепатоциттердің негізгі рөлі және қызметі.
Вирусты гепатиттердің этиологиясы және патогенезі.
Вирусты гепатиттердің жіктелуі.
ВГ кезінде науқастарды сұрастыру және қарау.
6. Бауыр ауруы бар науқастың физикалды тексеру әдістері;
7. Бауыр циррозының этиологиясы, патогенезі;
8. Бауыр циррозының симптомдары және синдромдары;
9. Бауыр циррозының диагностикасының негізгі лабораторлы-аспапты тексерулері
Студент үйреніп алуы тиіс: Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде зерттеу әдістерін үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).
Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды үйрету.