Есептер: Есеп №1 Науқас Д., 28 жаста, аяқ-қолдарының симметриялы ұсақ буындарының ісінуіне, таң ертеңгі уақытта орнынан тұрғаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін өтетін, қозғала алмауына шағымданып келді. Ауру үш айдан артық уақытта дамыды, алғашқыда шынтақ буыны ісініп, кейін ауыра бастады; үдеріс дами келе саусақтардың буындарымен, тобық буындары қосылды. Қарағанда: қол және аяқ буындары ісінген. Буындардағы қозғалғыштық шектелген. Пальпацияда иықтардың жазғыш беткейінде цияда иықтардың жазғыш беткейінде тері астында ірі фасоль көлеміндей түйіндер анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек-тамыр жүйесі патологиясыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Жұмыс істей алмайды. Өзін-өзі күте алады.
1. Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
2. Тексеру жоспарын құрыңыз.
Есеп №2 Науқас И., 47 жаста, аяқ-қолдарының симметриялы ірі буындарының ісінуіне, таң ертеңгі уақытта орнынан тұрғаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін өтетін, қозғала алмауына шағымданып келді. Ауру екі жылдан артық уақытта дамыды, алғашқыда шынтақ буыны ісініп, кейін ауыра бастады; үдеріс дами келе саусақтардың буындарымен, тобық буындары қосылды. Қарағанда: қол және аяқ буындары ісінген. Буындардағы қозғалғыштық шектелген. Пальпацияда иықтардың жазғыш беткейінде цияда иықтардың жазғыш беткейінде тері астында ірі фасоль көлеміндей түйіндер анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек-тамыр жүйесі патологиясыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Жұмыс істей алмайды.
1. Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
2. Тексеру жоспарын құрыңыз.
1)Тақырыбы №12: Онкологиялық аурулардың терапиясы және алдын алуы.
2) Мақсаты: Студенттерді оқу және қосымша әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасауға, электронды информациялық құралдармен, өзбетінше тестік тапсырмаларды шешуге, презентациямен глоссарилерді дайындауға үйрету. Рольды ойындар құрып,оқытушымен кеңесіп тақырыптарды өз бетімен оқу.
З)Тапсырма: 1.СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтарменоқу және қосымша журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
2. сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта, глоссари) құрастыру
3. тест тапсырмаларын шешу
өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.