Ақуыз биосинтезінің негізгі кезеңдерін ажыратып білу дағдыларын меңгеру транскрипция, трансляция;
Жекелеген хромосомаларды идентификациялау дағдыларын меңгеру
Жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.
1.4 Пән бойынша оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны А- құзыреттілік аймағы. Кіріспе.Молекулярлық биология пәні және міндеттері, негізгі даму кезеңдері. Молекулярлық биология пәні және міндеттері, даму тарихының негізгі кезеңдері.Зерттеудің қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары мен болашақтағы дамуы. Молекулярлық биология отандық және шетелдік ғалымдардың жетістіктері.
Б-құзыреттілік аймағы.Молекулалық биологияның негіздері. Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі Биологиялық макромолекулалар: ақуыздар мен нуклеин қышқылдары. Ақуыздардың кеңістік ұйымдастырудың ерекшеліктері. Ақуыздардың қасиеттері мен қызметтері. Нуклеин қышқылдарының құрылысы. ДНК-ны кеңістіктік ұйымдастырудың ерекшеліктері. Митохондриялы ДНК құрылысының ерекшеліктері. ДНК қасиеттері мен қызметтері. Жасушалардағы РНК-ның типтері. Әр түрлі типтегі РНК-ның қызметтері. тРНК, аРНК мен рРНК-ларды кеңістіктік ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Б-1 құзыреттілік аймағы.Нуклеин қышқылдары мен белоктың биосинтезі. Генетикалық ақпараттың негізгі берілу жолдары. ДНК биосинтезі (репликация). Репликативті кешеннің сипаттамасы. Репликация кезеңдері. Басым және артта қалған тізбектер синтезінің ерекшеліктері. Теломерлер мен теломераздар. Біріншілік РНК-транскриптат синтезі (транскрипция). мРНК-ның процессингі мен сплайсингі. Генетикалық код. Ақуыздардың биосинтезі (трансляция). Ақуыз синтезінің кезеңдері. Ақуыз синтезі процессіндегі рибосома құрылысы мен қызметі. тРНК-ның адаптерлік қызметі. Фолдинг туралы түсінік. Ақуыз биосинтезі процессіндегі шаперондардың рөлі. Ақуыздардың посттрансляциялық процессингі. Прокариот гендерінің экспрессиясын реттеудің молекулалық механизмдері. Оперон теориясы. Индукция мен репрессия механизмі бойынша реттелетін оперондардың қызмет етуі. Эукариоттағы гендер экспрессиясының реттелуі. Медициналық маңызы.