Жұмыс бағдарламасы 2019 жылғы мжмбс-ға сәйкес әзірленген. «Емдеу ісі»



бет1/15
Дата21.09.2023
өлшемі273,5 Kb.
#109597
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Мол.биолг ЕМДЕУ, АК КАЗ. ) руп новый


1. Түсінік хат

0301000 – «Емдеу ісі» мамандығының 0301013 «Фельдшер» біліктілігіне арналған нақты оқу жұмыс бағдарламасы 2019 жылғы МЖМБС-ға сәйкес әзірленген. «Емдеу ісі» мамандығына мемлекеттік стандарт бойынша 60 сағат, оның оның 20 сағаты аудитория, 20 сағаты симуляция, БӨЖ 15 сағат, ОБӨЖ 5 сағат сабақ берілген.


Пәнді оқыту білім алушылардың тану іс-әрекетін белсендіретін қазіргі инновациялық әдістердің элементтерін қолдана отырып жүргізіледі.
Оқу жұмыс бағдарламада білім берудің сапасын көтеру мақсатында тақырыптар бойынша кестелер, тестілер, бейнетаспалар, емтихан сұрақтары енгізілген. Көрнекі құралдар пәнді игеру деңгейін жоғарылатып, дәрістік, тәжірибелік дайындықтың сапасын көтеріп, медицинаны оқытудың алғашқы кезеңінде болашақ мамандығына қызығушылық тудырады.Оқу барысында оқытудың жоспарланған нәтижесі бойынша «Фельдшер» мамандығы бойынша емтихан алынады.


1.1 Пәннің мақсаты: Білім алушыларға ағза қызметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді қалыптастыру және олардың клиникалық тәжірибеде қолдану болып табылады, молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдердің рөлі түсінігін, тиімді диагностика үшін ағзалардың нормада және патологиялық қызмет етуі мен анағұрлым көп тараған ауруларды емдеуді қалыптастыру, теориялық және тәжірибелік медицинада қазіргі кездегі молекулалық-генетикалық әдістері мен технологияларын қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру.


1.2 Оқытудағы міндеттері:
1. Тұқым қуалайтын аурулардың дер кезінде диагностикалау мен алдын алу үшін тұқым қуалаушылық патологиялардың негізгі белгілерін танып білуді үйрену;
2. Медицинада молекулалық-генетикалық зерттеулердің жетістіктерін қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру;
3. Тұқым қуалаушылық аурулар бойынша мәліметтердің ғылыми әдебиеттерімен және электронды базаларымен жұмыс істеу дағдыларына үйрену;

1.3. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер және құзыреттілік





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет