ВИТАМИНДЕР (латын тілінде — тіршілік) — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың денсаулығын сақтауға, өсіп-өнуіне қажетті, химиялық табиғаты жағынан әр түрлі органикалық қосылыстар тобы.
Суда еритін Витаминдер. Бұған жататындар: Ві витамині (тиамин) — нерв ауруларын, В2 витамині (рибо-флавин) — тотығу процесін жақсартуда, В6 витамині (пиридрксин) — тері ауруларын, Ві2 витамині (цианкобаламин) — анемияны, РР витамині (никотин қышқылы) — пеллагра ауруын емдеуге қолданылады.
М а й д а е р и т і н Витаминдер. Бұған жататындар: Аі және А2 витаминдері (ретинол және дегидроретинол) — көз ауруларын емдеуге пайдаланылады.