Жұмысты орындау барысы
Оқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1 км бөлігін таңдап алыңыздар.
1. Қадамыңыздың орташа ұзындығын алдын-ала анықтап , таңдап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар.
2. 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттың санын анықтаңыздар. 9-кестені толтырыңыздар (мысал үшін «Жеңіл автомобильдер»қатары толтырылған): 9-кесте
Автокөліктің түрі
|
Саны,дана
|
Барлығы 20 минут ішінде
|
1 сағатта,Nі дана
|
1 сағаттағы жалпы жол,L,км
|
жеңіл автомобильдер
|
1111.......
|
14
|
42
|
|
жүк машинасы
|
|
|
|
|
Автобустардизельді жүк машиналары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. 1сағаттағы автокөлік санын есептеу үшін,20 минутта алынған санды 3-ке көбейту қажет.
4.Мына формула бойынша, әртүрлі автомобильдердің 1 сағатта жүріп өткен жалпы жолын (L,км) есептеңіздер:
Lі=Nіх1
Мұндағы Nі-1сағаттағы әр түрлі автомобильдер саны
І-автокөлік түрінің белгісі
1-таңдап алынған жолдың ұзындығы,км
Алынған нәтижелерді кестеге жазыңыздар.
5.Әр түрлі автомашина двигательдерінің жағатын жанармайының мөлшерін (Qі=Lі х Үі
Lі мәнін 9-кестеден алыңыздар.
Алынған нәтижелерді-кестеге толтырыңыздар.
Әр түрдің автокөліктер қолданған жанармайының жалпы мөлшерін (сумма Q) анықтап , нәтижелерді 10-кестеге толтырыңыздар.
Автомобиль түрі
|
Nі
|
Qі, соның ішінде
|
|
бензин
|
дизельді жанармай
|
|
|
|
|
жеңіл автомобильдер
|
|
|
|
жүк автомашиналары
|
|
|
|
автобустар
|
|
|
|
дизельді жүк машиналары
|
|
|
|
|
барлығы суммаQ
|
|
|
Қалыпты жағдайда жанармайдың әр түріне және барлығы үшін бөлініп шыққан зиянды заттардың (литрмен) мөлшерін есептеңіздер. Нәтижелерді 11-кестеге толтырыңыздар. 11-кесте
Жанармай түрі
|
Q,л
|
Зиянды заттардың мөлшері,л
|
|
|
|
|
СО
|
Көмірсулар
|
NO2
|
Бензин
|
|
|
|
|
Дизельді отын
|
|
|
|
|
|
Барлығы (v),л.
|
|
|
|
Практикалық жұмыс № 7
БИОТЕСТКЕ СИПАТТАМА БЕРУ. БИОТЕСТ ЭКСПРЕСС ӘДІСІ.
А) Мақсаты: Антропогенді бүлінген аймақтардың жағдайын биоиндикация және биотест экспресс әдісімен зерделеу және бағалау, биоремедиация негізінде оларды қайта қалпына келтірудің тиімді тәсілдерін жасау.
Негізгі міндеттері: Жер қыртысы және өсімдіктерде ауыр металдардың жинақталу деңгейі туралы мәлімет алу; өсімдіктермен ластанушы биотрансформация механизмдерін анықтау; Шығыс Қазақстанның антропогенді бүлінген аймақтары жер қыртысының эколого-геохимиялық картакестесін жасау; өсімдіктердің жабайы өсетін және ауылшаруашылық түрлерін анықтау; жер қыртысынан фитоэкстракциялауға арналған ауыр металдар, өндірістік орта жағдайына тұрақты санитарлы-гигиеналық және сәндік мақсаттарда қолдану үшін өсімдіктердің ағаштан жасалған тұқым түрлерін анықтау.
Ә) Мақсаты: Бағалы шаруашылық қасиеттері бар асыл тұқымды ірі қара малын ұдайы өндірудің жоғары тиімді боитест экспресс әдісі және биотехнологиясын енгізу.
Нәтижелері: Бейнелеудің сандық өңдеуі мен микроскопқа қосылған компьютердің бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен эмбриондардың нақты сапасының бағасын арттыратын және эмбриондарды бөліктерге бөлуге арналған лазерлік құрылғыны қолданатын процесті автоматтандыру.
Тақырып -5 Дәріс №15 Мониторлық организмдермен танысу. Организмдердің симптомологиялық жарақаттануы.
Биоиндикация – бұл тірі организмдерді биологиялық жүйе көмегімен абиотикалық және биотикалық факторлар әсерін бағалау және анықтау әдістері.
Тірі организмдер қоршаған ортаның әртүрлі дәрежелі өзгерістеріне әсер етеді. Бұл әдістер биоиндикацияның практикада қолданылатын 3 түрі бар:
Биохимиялық және физиологиялық реакция ұоргандарда белгілі бір токсиканттардың жинақталуы және әртүрлі процесстермен өзгерісі).
Анатомиялық, морфологиялық, биоритмиялық реакциялар.
Флорлық, фауналық өзгерістер.
Полевые зерттеулерде ценотикалық, биогеоценотикалық, ландшафты зерттеу қолданылады.
Биоиндикацияда пассивті және активті екі негізгі әдіс қолданылады.
Бірінші жағдайда қолайсыз жағдайда көрінетін немесе көрінбейтін нормадан тыс зақымдану, екінші жағдайда организмдердің берілген факторларға жауап беру реакциясы (биотесілеу).
Биоиндикация макромолекула, организм клеткасы, популяция, экожүйе дәрежесінде жүргізуге болады.
Қоршаған ортаның жағдайын шырша тұқымдас өсімдіктердің көмегімен анықтау. Ортаның ластануына шырша өсімдігінің қатты әсер ететіні белгілі. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайы және атмосфераның газды құрамы шыршаның көлемін, бұтақ беруін, қалындығын, ұзындығын, шишка беру санынкемітеді. Шыршалар жыл бойы биоиндикаторлар бола алатындықтан қолайлы. Жұмыс жүргізуге керекті құралдар технохимиялық таразы, сызғыш, өлшейтін және жай лупалар, 4-10 рет үлкейтетін, милиметровка, терматат, қаланың ішіндегі немесе завод зонасында өсетін шырша бұтағы, және қала шетіндегі таза зонадағы шырша бұтағы.
Жұмыс істеу тәртібі.
Сабақтан бір апта бұрын студент қала жағдайында өсетін шырша бұтағын 2м кесіп алады. Лас ауа, автотранспорт бойында өсетін. Бақылау жүргізу үшін таза ауада өсетін шырша бұтағы.
Лупаның көмегімен шыршаны қарап хлорозбен, некрозды шырша инелерінің ұшынан қарайды. Әсіресе жас инелер зақымдану түстері сары қоныр, қызғылт, және бұл түстер ақпараттық сапа белгілері болып келеді.
Өлшегіш лупа арқылы шырша бұтағының ұзындығын, еңін өлшеп оны миллиметровкаға түсіреді.
Шырша инеледрін тазалап оларды термостатқа салып кептіріп, құрғақ массамен өлшейді. Нәтижесінде лас зонада өскен шырша бұтағы таза ауада өскен зонадағы шырша бұтағынан өсу нәтижесі 10 см кем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |