ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
Университеттің Ғылыми-әдістемелік
Кеңесінің отырысында
Бекітілген
Хаттама № ___________
Кафедра меңгерушісі
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пән аты: Педагогика (барлық магистратура бөліміне арналған)
Оқытудың формасы күндізгі
Алматы, 2013
Жұмыс бағдарламасы мамандық бойынша мемлекеттік стандарт негізінде құрастырғандар п.ғ.д., профессор Асанов Н.А.
Жұмыс бағдарламасы кафедра отырысында талқыланып, ұсынылған
« , хаттама №
Кафедра меңгерушісі п.ғ.д. профессор _________
Кафедраның Әдістемелік кеңесі (бюросы) мақұлдаған « , хаттама №
Әдістемелік кеңес (бюро) төрайымы ___________
Офис: 050012. Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қаз¦ҰУ-ң философия және саясаттану факультеті, 3 бөлме.
1 БӨЛІМ
Кіріспе
Жоғары мектеп педагогика курсы мазмұны өзінің қарастыратын мәселелерінің жиынтығына байланысты іргелі түпкілікті сипат алады. Бұл курста жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық және теоиялық негіздері, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен оның мазмұнын айқындайтын концептуалды мәселелер қарастырылады.
Курстың мақсаты: -болашақ магистрантардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін игеруге және оларды кәсіби міндеттерін шешуге байланысты шығармашылық дайындығын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізін беру;
- жоғары мектептің оқыту, тәрбиелеу теориясымен таныстыру;
- білім беру жүйесін басқару теориясы туралы мәліметтендіру;
- теориялық білімді практикада қолдану тәсілдерін үйрету.
Игерілетін дағдылар:
• сәйкес ғылыми әдебиеттер мен білімнің қайнар көздерін оқу үшін қажетті ізденіс;
• қоршаған болмыстан педагогикалық құбылыс пен ситуацияларды айқындау;
• педагогикалық мәселелер бойынша материалды логикалық (ауызша және жазбаша) ұсыну.
ДӘРІС САБАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1 БӨЛІМ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1 МОДУЛЬ.ЖАҢА ЭТАПТАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП
1 Тақырып. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары, білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар.1 сағат
Жоғары білім берудің қазіргі жағдайы. Жоғары кәсіби мектептің негізгі жетістіктері.
Жоғары білім берудің дамуы және мәдени-әлеуметтік мәселелердің қалыптасуы. Әлемдік білім берудегі тоқырау. Қазіргі білімдендірудің жаһандандыру мәселесінде алатын орны мен ролі. Білім берудің жаңа парадигмасы. Әлемдегі ұлттық жүйені реформалау. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы. Диверсификация ұғымына түсінік.
Әлемдік білім берудегі интеграциялық процестер. Білімді интернационализациялау түсінігі.
Отандық және шетелдік педагогикалық жоғары білім беру жүйесінің негізгі жетістіктері, мәселелері және тенденциялары. Қазіргі кезеңдегі жоғары білімнің ролі. Болон конвенциясы.
2тақырып. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім. 1 сағат
Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің орны мен атақаратын ролі. Қазіргі таңдағы ҚР білім беру саясаты. Қазіргі кезеңдегі ҚР-ғы білім берудің даму стратегиясы. Мақсаты және міндеттері. Жоғары білімнің Ұлттық үлгісінің приоритеттік бағыттары және негізгі принциптері.
Жоғары білім беру модернизациялаудың негізгі бағыттары. Мамандарды даярлау көпсалалық тұрғыдан.
Білім саласын гуманизациялау және гуманитаризациялау. Қазіргі социум, оның адамға қойатын талаптары. ҚР білім беру гуманитарлық тұжырымдамасы. ҚР –ғы жоғары білім берудің гендерлік аспектілері.
Университеттік білім берудің дамуының негізгі принциптері. Универсиеттік білім берудің жаңа парадигмасы.
Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау. Жоғары мектептегі оқытушының кәсіби дамуындағы үздіксіз білім берудің өзектілігі.
2 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ
3 Тақырып. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі
2 сағат
Қазіргі Педагогика адамның рухани, ннтелектуалдық және әлеуметтік қайта қалыптастыру ғылымы ретінде.
Педагогика әдіснамасы. Педагогиканың негізгі категориялары. Білім беру сферасы педагогика ғылымының объектісі ретінде. Педагогика ғылымының жүйесі. «Педагогикалық теорияң түсінігі. Педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтары. Педагогика ғылымының атқаратын қызметі: сипаттау, түсіндіру, болжау, қайта білімдендіру. Педагогика ғылымының дамуының қазіргі тенденциялары. Гуманистік педагогика. Негізгі гуманистік теориялар (Дж.Дьюи, Т.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс және т.б.)Біртұтас білім беру процессі педагогикалық жүйе ретінде. Жоғары мектептегі білім беру процестерінің ерекшеліктері, оның негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші. Біртұтас білім беру процесінің негізгі компоненттеріне сипаттама. Жоғары мектеп педагогикасының даму перспективалары және тенденциялары мен қазақстандық ғалым педагогтардың қосқан үлесі.
4 Тақырып. Жоғары білім педагогикасы 1 сағат
Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.ЖОО педагогикалық жүйенің түрлері.
Педагогикалық жүйе біртұтас білімдендіру процесі ретінде. Жоғары мектептің білімдендіру процесінің ерекшелігі. Негізгі заңдылықтары және қозғаушы күші. Біртұтас білімдендіру процесінің негізгі компоненттеріне сипаттама.
Жоғары мектеп педагогикасының даму тенденциялары мен перспективалары. Жоғары мектеп педагогикасын дамытудағы Қазақстандық педагог-ғалымдардың қосқан үлесі.
5 Тақырып. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттері педагогикалық процесс ретінде 1 сағат
Мамандарды көпдеңгейлі даярлау жүйесіндегі мақсатты білім берудің бірізділігі және сабақтастығы. Білім беру процесінің ауқымы. Мамандардың кәсіби шыңдалуы жоғары мектептегі білім беру объектісі ретінде. Нәтижеге бағытталған білім беру: түпкілікті мәдени база – кәсіби біліктілік, әдіснамалық мәдениеті. Шағырмашылық бейнесі. Жеке адамның базалық мәдени түсінігі. студенттерді философиялық дүниетанымға даярлау. Қоғамдағы адам тәлімінің құндылықтар жүйесі мен ізгілікті тәрбие түрлерінің дамуы мен қалыптасуы. Басқа елдер мен халықтардың тарихы мен мәдениеті сыйлауға бағыттала отырып ұлтжандылық пен ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру мен дамыту. Адамгершілік еркінділігі мен ішкі интелектуалдың дамуы. Ұжымдық өмір ережелері мен заңдылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Азаматтық және әлеуметтік жауапкершіліктің дамуы. Кәсіби біліктілік ұғымына түсінік. Кәсіби біліктіліктің түрлері. Білікті маман үлгісі. Жоғары оқу орындағы біліктіліктің дамуы (кәсіби сауаттылық)
Әдіснамалық мәдениет. Әдіснамалық білім қайта қалыптастыру іс-әрекетінің тәжірибесі және теориялық құралы ретінде. Сыни тұғыдан ойлауды қалыптастыру. Шығармашылық адам сипаттамасы. Шығармашылықтың табиғаты.
3 МОДУЛЬ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ
6Тақырып. Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы 1 сағат
Педагогикалық іс-әрекет қоғамдық құбылыс ретінде. Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік. Педагогикалық іс-әрекеттің өлшемдері және құрылымы. Диагностика іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде. Педагогикалық диагностиканың қызметі мәні түрлері. Педагогикалық жобалау және құрастыру. Жоғары мектеп оқытушысының жобалы іс-әрекетінің әдістемесі. Педагогикалық жобалау мен құрылымның негізгі міндеттері. педагогикалық жобалаудың құрылымы мен логикасы. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы әдістері. Педагогикалық іс-әрекетті классификалау әдістері. Педагогикалық іс-әрекет құрылымының міндеті, құрылым әдісіндегі бейнесі. Педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылық. Педагогтың біліктілігі мен шығармашылығы.
7 Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар2 сағат
Оқытушы білім беру процесінің субъектісі ретінде. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби маңызды қасиеті: кәсіби, жеке моральдық. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық мәдениеті. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық ойлаудың мәні мен ролі. Жаңа педагогикалық ойлар.
ЖОО оқытушысының түйінді біліктіліктерінің үлгісі. Жоғары мектеп оқытушының кәсіби біліктілігі. Психологиялық - педагогикалық біліктілік оқытушысының кәсіби білігінің көрсеткіші.
8 Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі 1 сағат
Адамзат коммуникациясы туралы түсінік. Коммуникативтік процестер: қабылау, тыңдау, репрезентация және өзінің “Мен” ұғымын қолдау. Коммуникация сезімдік процесс ретінде. Тілдің қызметі және мәдениеті. Вербалды коммуникация, вербалды емес коммуникация. Коммуникативтік жағдай. Қолайлы (өзара сенімділік) және қолайсыз (бейтараптан агрессивті қарсы тұрушылыққа дейін).
Педагогикалық коммуникативті біліктілік: мәні және ерекшеліктері жоғары оқу орындағы оқу-тәрбие процесіндегі субъектілердің өзара коммуникативтік іс-әрекеті. Педагогикалық коммуникативті өзара іс-әрекеттің негізгі түрлері. Педагогикалық коммуникативті қатынастардың қалыптасуы. Педагогикалық коммуникативті қатынас түрлері.
Педагогтың педагогикалық қарым-қатынасы мен кәсіптік коммуникативті дағдысы. Педагогикалық қатынастың студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ролі. Оқыту мен студенттердің қарым-қатынасының этикалық потенциалы.
Жоғары оқу орындағы оқытушының ақпараттық коммуникативті біліктілігі. Интернет оқытудың педагогикалық мүмкіндігі. Электрондық сабақтардың түрлері. Дистанциялық оқыту.
9 Тақырып. Кәсіптік зерттеу мәдениеті педагогтың өзін-өзі шығармашылық дамытуының негізі ретінде 2 сағат
Педагогикадағы ғылыми зерттеудің типологиясы: әдістемелік: түпкілікті: қолданбалы; тәжірибелі құрастырушылық.
Педагогикадағы зерттеудің теориялық әдістері: тарихи салыстырмалы талдау, жәйдан нақтыға өту, үлгілендіру, абстрактілеу.
Педагогикадағы статистикалық, математикалық әдістері. Эмперикалық зерттеу әдістері. Педагогикалық тәжірибе жалпылау және оқып үйрену.
Педагогтың дамыған "Мен тұжырымдамасы". Өзіндік дамудың әдіс - тәсілдері. Тұлғаның өзіндік белсенділік теориясы. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамыту мен шығармашылық негіздерін қамдандыру құралын іздестіру. Кәсіби зерттеудің мәдениеті, педагогтың шығармашылығының өзіндік дамуының негізі ретінде.
МОДУЛЬ 4. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ (ДИДАКТИКА)
10 Тақырып. Кәсіби оқыту процессінің мәні. 1 сағат
Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категориялары. Дидактикалық принциптер. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері. Оқу процесінің мотивациялық –мақсатты, мазмұндық, операциялық нәтиженің бағалау компонеттеріне сипаттама. Оқу процесінің қозғаушы күші. Оқытудың жалпы заңдылықтары мен принциптері. Жоғары мектептегі оқыту процесінің логикасы және кезеңдері. Оқытудың түрлері жүйесі және оған, сипаттама. Оқытудың репродуктивті және продуктивті түрлері.
11 Тақырып. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің әдіснамалық негіздері.1 сағат
Ғылыми таным әдіснамасы. Теориялық тұжырымдар жиынтығы және әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құрал ретінде. Оқытудың дидактикалық теориялары. Оқытудың шет елдік тұжырымдары. Бихиоверситік теория. Оқытудың прагматикалық теориясы (У.Джеймсом, Д.Дьюи). оқытудың прагматикалық емес теориялары (А. Маслоу, Т.Роджерс, Н. Тейлент және т.б.). Оқыту үрдісі және танымның материалистік теориясы. Ян. Амос Коменскийдің оқыту теориясы және Ф.Бэконның сенсуалистік теориясы. Қазіргі кездегі оқытудың дидактикалық теориясы. П.Я. Гальперин және Н.П. Талызинаның ақыл-ой әрекетін деңгейлі қалыптастыу тұжырымдамасы. Мәселелік оқыту тұжырымдамасы (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, З.И. Калмыкова, М.И. Махмутов және т.б.).
Жеке тұлғаны дамыта оқыту теориясы. Серіктестік педагогикасы білім беруді гуманизациялау идеяларының көрінісі ретінде.
12 Тақырып. Білім беру мазмұны 2 сағат
“Білім беру мазмұны” туралы түсінік.Жоғары білім беру мазмұнына айқындаудағы қазіргі таңдағы тәсілдер. Жоғары білім мазмұнына қойылатын талаптар. Жоғары білім мазмұнына әсер ететін факторлар.
Жоғары білім мазмұнының негізгі компоненттері. Жоғары білім мазмұнына іріктеу критерийлері мен принциптері. Жоғары кәсіби білімнің Мемлекеттік білім стандарты және оның қызметтері.
Жоғары білім мазмұнына айқындаәтйн нормативтік құқықтық құжаттар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы.
Оқу жоспарларын құруға ғылыми тұрғыдан келу. "Оқу бағдарламасы", "Типтік бағдарлама" ұғымдарына түсінік. Типтік оқу бағдарламаларының құрамдас бөлімдері. Жұмыс оқу бағдарламаларының (силлабустарының) мазмұны, құрылымы, оны жасауға қойылатын талаптар. Даралап оқыту бағдарламалары. Пән бойынша оқу әдістемелік кешені ОӘК.
Жоғары кәсіби білім беру мазмұнын қайта қалыптастырудың негізгі тенденциялары. Педагогикалық білім мазмұнының жаңа құрылымы
5 МОДУЛЬ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
13 Тақырып Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері. 2 сағат
Білім беру" әдісі ұғымына түсінік. Жоғары мектептегі білім беру әдістерінің қызметі. Білім беру әдістерін топтастыру. Білім беру әдістерінің кезеңдік сипаты. Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, лабораториялық, практикалық жұмыстар. Тексерудің дәстүрлі түрлері. Дидактикалық тестер. Тест тапсырмаларын құрастыру.
14 Тақырып. Болашақ мамандарды даярлаудағы белсенді әдістер мен оқыту түрлері. 1 сағат
Жоғары мектептегі білім беру барысында белсенді әдістер мен оқыту түрлерін пайдаланудың концептуалдық негізі. Имитациялық және имитациялық емес оқыту топтары. Мәселелік оқыту. Мәселелік оқытуды ұйымдастыру. Танымдық іс-әрекет және мәселелік жағдаят. Мәселелік жағдайды тудыру әдіс-тәсілдері. Зерттеушілік іс-әрекет және мәселелік оқыту.
Тренигтер мен іскерлік ойындар пресс-конференция имитациялық оқыту формасы ретінде. Сабақты өткізу және ұйымдастыру принциптері.
Инновациялық оқыту түрлері мен әдістері: ой арқылы шабуылға шығу, кейс-стади, жобалау әдісі, "swot -анализ", "матрица идеясы" және т.б.Студент кезеңі - әлеуметтік топ ретінде.
6 МОДУЛЬ.ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ
15 Тақырып. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде. 2 сағат
Қазіргі социум, оның адамға қоятын талаптары. Қазіргі жоғары мектептің міндеттері: идеологиялық, этикалық, азаматтық. Толеранттық, интеллигенттік,ағартушылық жоғары білімді маман тұлғасының мазмұндық сипаты ретінде.
Мамандандыру және оның кезеңдері. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде. Жоғары мектептегі тәрбие заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие іс-шараларының дамуы: рухани-адамгершілік, имандылық, қоғамдық-саяси, мәдени-эстетикалық және құқықтық, патриоттық, ұлтаралық, этномәдени, физикалық және салауатты өмір салты және т.б.
Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктері.
16 Тақырып. Кураторлық жұмыс. 1 сағат
Студенттер әлеуметтік топ ретінде. Академиялық топ – студенттермен жұмвс жасау орталығы.Студенттердің оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары мен түрлері.
Студенттердің жауапкершілігі мен азаматтық позициясын белсендендіру.
Жоғары мектептегі куратор жұмысы мен оның негізгі атқаратын қызметі.
Кураторлық жұмыс жүйесіндегі негзгі бағыттар.
2 Бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
7 Модуль. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
17 Тақырып. Білімдендіру технологиялары ұғымына түсінік. 1 сағат
"Білімдендіру технологиясының мәні", "Технология", "Оқыту технологиясы", "Педагогикалық технология" ұғымдарына әртүрлі тұрғыдан анықтама беру. Оқыту технллогиясы мен дидактиканың байланыстылығы. Дидактикалық технологияның деңгейлері. Кәсіби даярлықтың технологиялық принциптері. Қазіргі педагогикалық технологиялардың негізгі сапалық ерекшеліктері. Педагогикалық технологияларды классификациялау.
18 Тақырып . Жоғары мектептегі жаңа білімдендіру технологиясы. 1 сағат
Гумандық тұлғалық технологиялар: студенттің танымдық белсенділігін арттыратын технологиялар. Ақпарттық технология - оқу процесінің элементі ретінде. Электрондық сабақ түрлері және оны өткізу технологиясы. Педагогикалық бағдарламалық құралдар.
19 Тақырып. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау. 1 сағат
Жоғары мектептептегі педагогикалық жобалау технологиясын ұйымдастыру және бақылау
Педагогикалық жобалау технологиялары: педагогикалық міндеттерді танып білу, берілген ақпараттарды талдау және педагогикалық диагноз қою.
а) әдістемелік, стратегиялық шұғыл мақсаттарды жобалау және бір-біріне бағындыру;
б) қытылатын пән бойынша мазмұнды іріктеу;
в) Шартты айқындалған педагогикалық оймен;
д) студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесін жобалауы;
е) студенттердің өзін-өзі бақылауға арналған дидактикалық тестерді жобалай білуі
20 тақырып. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру. 1 сағат
Кредиттік оқыту жүйесінің мәні. Жоғары мектепте кредиттік технологиямен оқу процесін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Кредиттік жүйе (сынақ біліктерінің жүйесі). Кредиттік технологиямен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Студенттердің жеке жұмыс істеу ролін арттыру. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастару принципі. Кредиттік технологиямен оқытуда студенттердің таңдауларын кеңейту. Жеке оқыту траекториясын құру.
Кредиттік оқыту жүйесінің шартында білім процесінің субъектілерінің ара-қатынасы мен әріптестігін ұйымдастыру технологиясы
21 Тақырып. Кредиттік технология жағдайындағы білімдендіру процесінің субъектілерінің әріптестігі мен қарым-қатынасын ұйымдастыру технологиясы
2 сағат
Әріптестік технологиясы қарым-қатынас технологиясы арқылы. Субъектілі-дамушы педагогикалық қарым-қатынас және оның болашақ маманның өзін өзі дамытуға ықпалы, оны құрастыру технологиясы.
Топтық әрекеттегі диалогты пайдалану. Диалогтық қарым-қатынас студент пен оқытушының өзара байланысының жеке тұлғалық шарттары ретінде. Бірігіп жоспарлау және біріккен әрекетті ұйымдастыру. Субъект-субъектілі ара-қатынасқа бағытталған ЖОО білім беру процесінде педагогикалық ситуацияларды моделдеу технологиясы: студенттермен бірге алдындағы жұмысты жоспарлау, сабақ барысында шығармашылық дамытушы ортаны қалыптастыру; сабақ барысында студенттердің рефлексивтік позициясын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолдану; диалогты қарым-қатынастың барлық кейіпкерлеріне баға беруге және талдауға мүмкіншілік туғызу.
Субъектілі-дамушы қарым-қатынасты ұйымдастыру принциптері: өз еркімен қатысу, толеранттік, өзін-өзі диагностикалау, ара-қатынасты диалогизациялау, (диалогты енгізу); тұрақты кері байланыс; бостандық және бәріне бірдей жауапкершілік.
22 Тақырып. Кредиттік технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру1 сағат
Студенттердің өзіндік жұмысы кредиттік технология жағдайында негзгі оқу формасы ретінде. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Ұйымдастыру технологиясы.
СОӨЖ –студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы. Педагогикалық процестегі тьюторлық іс-әрекет. СОӨЖ құрылымы. СОӨЖ ұйымдастыру формалары. СОӨЖ : іскерлік және дидактикалық ойындар, модельдеу және жобалау, тестер, сөзжұмбақтар және т.б.
Портфолио өзіндік білім алушылардың жетістіктерін бағалау формасы ретінде.
23Тақырып. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикалық бағалауды ұйымдастыру1 сағат
Кредиттік технология жағдайындағы бақылау, өлшеу құралдары: тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, аралық бақылау сұрақтары және т.б.
Бақылау жүргізу түрлері: аралық бақылау, коллоквиум, үлгілер мен жобаларды қорғау және т.б.
Бақылаудың объективтілігін жетілдіру жолдары. Педагогикалық бақылаудың ұйымдастырушылық принциптері. Кредиттік технология жағдайында аралық және үнемі аттестацияны жүргізу технологиясы. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттердің оқу-үлгерімін бағалау саясаты. Оқыту сапасының менеджменті.
Семинар сабағының тақырыптары:
1 Тақырып. Ашық қоғам контексіндегі жоғарғы білім мәселесі
2 Тақырып. Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру
ерекшеліктері
3 Тақырып. Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру
4 Тақырып. Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстары
5 Тақырып. Жоғары мектептегі куратордың қызметі
6 Тақырып. Жоғары мектептегі сабақтан тыс оқу-тәрбие үрдісі
7 Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі
8 Тақырып. Білімдендіру процесі жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс- әрекетінің объектісі ретінде
9 Тақырып. Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
10 Тақырып. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
11 Тақырып. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы
12 Тақырып. Кредиттік технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
13 Тақырып. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикалық бағалауды ұйымдастыру
14 Тақырып. Жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару
15 Тақырып. Қарым-қатынас және оның оқытушы қызметіндегі маңызы
Жоғары мектеп педагогикасы бойынша МОӨЖ шығармашылық
тапсырмалар
1. «ЖМП дәрісші шеберлігің тақырыбына жоспар құрыңыз.
2. Белгілі бір тәрбие тақырыбының жоспарын жасаңыз.
3. Әдебиеттерді талдау барысында оқыту мен тәрбиелеудің белсенді әдістерін сипаттап жазыңыз.
4. Студентке қабылдау кешіне сценарий құрастырыңыз.
5. Педагогика ғылымы аймағындағы дидактиканың атқаратын қызметі мен орнын айқындаңыз.
6. Өткен сабақтарыңыздың мазмұнына байланысты іскерлік ойын сабағын өткізу жоспарын құрыңыз.
7. Жоғары мектеп оқытушысының қызметін талдаңыз.
8. Берілген нормативтік құжаттардан оқытушы қызметін айқындайтын бағыттарды көрсетіңіз:ҚР «Білім туралың, «Тіл туралың, «Жоғары білім туралың, заңдары мен мемлекеттік «Білімңбағдарламасы, Жоғары білімнің даму тұжырымдамасы, Мемлекеттік жоғары білім беру стандарты және т.б.
МОӨЖ тапсырмалары:
1. Білім беру жүйесіне арналған бір құжатты талдаңыз
2. Өзіңізге білім беру барысында кететін қаржыны есептеңіз
3. Әдебиеттерге талдау жасаңыз
4. Өз мамандықтарыңыз бойынша оқытылатын ғылымдардың өлшемінің кестесін жасаңыз.
5. Өз мамандығыңыз бойынша мемлекеттік стандартты талдаңыз
6. Базалық пәндер бойынша оқу жоспарын құрыңыз.
7. Ғылыми оқу пәнінің біріне талдау жасаңыз.
8. Мамандық бойынша бір оқулыққа пікір жазығыз.
9. Қазіргі кездегі жоғары білім беру мазмұнының негізгі мәселелері.
10. Білім мазмұнын таңдау өлшемдері.
11. Мемлекеттік білім стандарты бойынша жалпы білім беру мазмұны.
12. Білім мазмұнын құрастырудың негізгі өлшемі.
13. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар.
14. Дәстүрлі әдісті қолданып бір тақырыпқа дәріс түз.
15. Белсенді әдістердің біріне сабақты ұйымдастырудың жоспарын жаса.
16. Білім беру жүйесіне байланысты мақала жазыңыз.
17. Мамандығыңызға сай эллективті курстардың біріне жұмыс бағдарламасын жасаңыз.
18. Пән бойынша глоссарий құрастырыңыз.
19. Педагогиканың категорияларының біріне өзіндік анықтама жазыңыз.
20. «Мен болашақ жоғары мектеп оқытушысымынң тақырыбына эссэ жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |