Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет1/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

  1. Педагогика пәні, категориялары және міндеттері

Педагогика сөзінің анықтамасы грек тілінен аударғанда баланы жетелеу деген мағынананы білдіреді. Ол философияның білім жүйесінен тәрбиені зерттейтін ғылым ретінде бөлініп шыққан сала. Нақтырақ айтатын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым. Ал тәрбие – педагогикалық ұғымдардың бірі, тарихи жолдан өтіп, қоғамның алғаш пайда болуымен туылып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын процес.
Педагогиканың қарастыратын мәселелері олар; оқыту мен тәрбиенің жалпы теориясы және педагогикалық басқару теориясы. Оның объектісі – тәрбие ықпалымен дамитын адам, жеке адамның қалыптасуы. Пәннің өзі адамға білім берудегі әдіс-тәсілдер, заңдылықтар, түрлі формалар және принциптерді қамтиды. Әрбір ғылымның өзіне тән ұғымдары (категориялары) бар, ал педагогиканың негізгі категорияларына тәрбие, оқу немес оқыту, білім беру мен дамыту ұғымдары жатады. Педагогиканың көптеген міндеттері бар. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алу принциптерін, мазмұнын, әдістемесін, жасау, оның әдістемесінің әдіснамалық проблемасын ұсыну және тәрбие мен білім процесін басқару технологияларын анықтау, тәрбие мен оқытудың тәжірибесін қорытындылап, практикаға енгізу, білім беру жүйесін дамытуды ғылыми негіздеп, педагогикалық процесті ұйымдастырудың формаларын жасау, педагогтардың кәсіби шеберлігін қалыптастырып, дамыту жолдарын зерттеу дегендер педагогиканың міндеттері болып табылады.

  1. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері, әдіснама анықтамасы, әдіснама бағыты, әдіснамалық тәсілдер және зерттеу әдістері
    «Әдіснама» термині грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ілім» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, әдіснаманың мағынасы – бір нәрсені танып - білу туралы ілім болып табылады. Педагогика әдіснамасы – педагогтардың ғылыми-танымның нәтижесіне жетуді қамтамасыздандыратын құрылымы, ұйымдастыруы, әдіс - тәсілдері, олардың мақсаттары туралы ілім.

Педагогика әдіснамасы болып педагогикалық теорияның негізгі қағидаларын, құбылыстарды зерттеудегі тәсілдерді зерттеу әдістері мен принциптері және де сол алынған білімдерді оқыту практикасында көрсетіп, енгізе білу жолдары болып саналады.
Педагогикалық әдіснама бағытына тоқталатын болсақ, оның екі түрі бар. Біріншісі теориялық бағыт. Теориялық бағыт педагогикалық, дүниетанымдық заңдылықтар мен функцияларды анықтайды. Екінші бағыт – нормативтік. Өзінің аты айтып тұрғандай, ғылыми педагогикалық зерттеудегі жалпы және жеке әдіс-тәсілдердің жүйесін зерттейтін бағыт.
Педагогика ғылымында ғылыми ізденісті бірнеше әдіснамалық тәсілдермен анықтайды. Оларға мәдени, іс-әрекеттік, тұлғалық, көпмәдениеттілік, жүйелі, этнопедагогикалық, акмеологиялық сияқтылар жатады. Бұл тәсілдердің бәрі бір-бірімен тығыз байланыста және әрқайсысы адам мәдениеті мен табиғатын түрлендіруде, құндылық бағдарын қалыптастыруда, ой-өрісі мен ішкі руханилығын дамытуда және өз ұлтының да, басқа ұлттын да мәдениеті мен, салт-дәстүрлерін қабылдауға бағдар жасау жолда рөл ойнайтын тәсілдер.

Педагогикалық зерттеу әдісі; теориялық пен эмпирикалық деген екі әдістерден тұрады. Педагогикалық зерттеу әдісінің анықтамасы – тәрбие, даму, оқу процесін танып-білудегі әдіс-тәсілдермен, заңдылықтардың жиынтығы.



  1. Педагогика ғылымының салалары және басқа ғылымдармен байланысы

Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымында да түрлі салалар пайда болды. Атап айтатын болсақ, педагогика тарихы, этнапедагогика, мектеп педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы, арнайы педагогика, кәсіптік педагогика, бейресми білім беру педагогикасы, ересектерге білім беру педагогикасы, әлеуметтік педагогика, әдістеме салалары. Әр педагогикалық сала белгілі бір процесті, тәсілдерді зерттейді. Мысалға алатын болсақ, педагогика тарихы - тарихи кезеңдердегі педагогикалық тәрбие мен идеялардың дамуы процесін зерттейді. Этнопедагогика өз атауына байланысты, яғни халықтың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін зерттейді. Мектеп педагогикасы оқушыларды білім алу процесінде тәрбиелеудің, оқытудың өзіндік ерекшелігін зерттесе, жоғары мектеп педагогикасы жоғары білім алу процесіндегі адамды тәрбиелеу мен оқытып, дамытудың ерекшелігін зерттейді. Арнайы педагогика «дефектология» деген педагогиканың бір саласынан бөлінен сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедияны зерттейді. Әртүрлі кәсіп иелерінің тәрбие, оқыту, даярлау процесін зерттейтін – Кәсіптік педагогика. Адамдарға дәстүрлі емес, бейресми тәрбие беру, оқыту әдістерін, тәсілдерін зерттеу Бейресми білім беру педагогикасына тән. Ересектерге білім беру педагогикасы мектеп педагогикасына ұқсас, бірақ оқушыларға емес, ересектерге білім беру формасы мен тәсілдерін зерттейді. Әлеуметтік педагогика балалармен қоса ересектерге мектептен тыс тәрбие, білім беру саласынан білім беру, практикалық жұмыс жүргізуді зерттейді. Әдістемеге тоқталатын болсақ, ол белгілі бір пәнді оқытудың заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. Біріншіден педагогика психология, қолданбалы психологиямен байланысты және жиі бірге жүретін салалар. Психология психикалық процесті, адам психологиясының даму ерешеліктерін зерттесе, педагогика психологиялық мәселелерді пайдалана отырып, адамның тәрбие мен білім берудің әдіс – құралдарын зерттейді. Оған қоса педагогика мәдениеттану, экология, тарих, экономика, физиология, социология және философия ғылымдармен байланысты.



  1. Педагогика тарихы, зерттеу пәні,мақсаты, міндеттері

Педагогика тарихы –мектеп пен тәрбие және педагогикалық теорияның түрлі тарихи кезеңдерде, бұрынғы заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуын зерттейтін ғылым ретінде педагогика ғылымдарының құрамдас бөлігі болып пайда болған.
«Педагогика тарихы» пәні – әр кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын сол әр дәуірдің педагогикалық идеяларымен ойларын қарастырады. Жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы мектеп тарихының дамуын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту процесіндегі мақсатты ұйымдастырылған шаралары мен шарттарын, заңдылықтарын талдау негізінде жүйелеп және білім беруші болашақ педагогтардың педагогикалық дүниетанымын және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Пәннің негізгі мақсаты – келешек ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде дүниежүзіндегі педагогикалық ой- тәжірибесінің пайда болып, тарихи қалыптасуы туралы ақпарат беру. Студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген қызығушылықтарын арттырып, білім беру мәселелерінің даму жолдары мен таныстыру және педагогикалық ой-санасының қалыптасуына әсер ету.
Педагогика тарихының міндеттері. Дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен таныстырудағы басты міндеттері: өткендегі педагогикалық мұраны бағалай білуге, озық тәжірибесін көріп-білуге дағдыландырып, бағдылау. Оған қоса өткендегі түрлі тарихи кезеңдердегі дамуы туралы түсінік қалыптастырып, осы түрлі кезеңдерден шыққан түрлі ойшыл-педагогтардың ой-пікірлермен таныстыру.

  1. Педагогика тарихының әдіснамасы, зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы.

Педагогика тарихының әдіснама – диалектикалық философияның тұлғаны қалыптастырудағы мәдени-тарихи теориялары мен қағидалары, принциптерінің тұжырымдамасы болып саналады. Тәрбие үдерісінің құрылымы мен заңдылықтары туралы теориялық ережелері педагогика тарихының әдіснамасына жатады.
Педагогика тарихының зерттеу әдістерін 3 топқа бөліп қарастырған. Біріншісі – жалпы ғылыми әдістер. Бұл – тарихи, жүйелік-құрылымдық, логикалық талдау әдісі. Екінші топқа – тарихи әдістерді жатқызамыз. Бұл топ– тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-жүйелілік, ал келесі соңғы «Педагогикалық әдістер» тобы мектеп құжаттары мен педагогикалық іс-тәжірибелерді зерттеп, қорытынды шығару және педагогикалық материалдарды статистикалық тұрғыда өңдеу әдісі.
Педагогика тарихының педагогика, әлеуметтану, философия, тарих, мәдениеттану, адебиеттану, этнография және тағы да басқа ғылымдармен байланысы бар.

  1. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің мазмұндық сипаты

Тәрбиенің шығуы алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың еңбек тәжірибесіне және олардың қоғамдық қатынастарының қалыптасуына байланысты болды. Ф. Энгельстің «Маймылды адамға айналдыру процесіндегі еңбектің рөлі» кітабында «Адамды адам еткен еңбек» делінген. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие тәжірибелік сипатта болды, яғни тәрбие еңбек тәжірибесінен туындады.
Ересектер жас балаларға өмірге қажетті азық табу, үй шаруасына қажетті заттарды даярлау, өзінен кішілерге қарау, киім-кешек даярлау және т.б. негізгі амал-жолдарды үйретті. Балалар бәріне ортақ болды.
Кіші балалардың тәрбиесімен қауымның әйел адамдары айналысты Олар балаға еңбектің қарапайым түрлерін үйретті.
Ересек балалар ер азаматтармен аң, балық аулауға үйренді.
Қыз балалар үй шаруасына көмектесті.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар тіршілігінің басты шарты – еңбек құралдарын жасау және оларды қолдана білу болды.
Кейіннен жағдай өзгергеніне байланысты қоғамның құлдырай бастауы және әлеуметтік жағдайының күшеюі оларды қаталдыққа әкелді. Адамды ұрып-соғу мен жазалау қолданыла бастады.
Тәрбиенің ұжымдық дәстүрі «Жастар үйі» пайда болуына алып келген. Жастардың тәрбиесімен рудың тәжірибелі қарт кісілері айналысты. Қарттар жастарды өмірге, еңбекке, сынаққа дайындады.
Біртіндеп еңбек түрі күрделенді. Мал бағу, жер игеру, қолөнер дамыды. Осыған орай тәрбие де күрделеніп, жанжақты болды

  1. Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие мен мектептің мазмұндық сипаты (Египет, Месопотамия, Қытай, Үндістан)

Біріншіден алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, құлдық қоғам құрылды. Кейін құлиеленуші мемлекеттер ең алғаш ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, онда рухани мәдениеттің негізі қаланған болатын. Мемлекеттің құрылуымен қатар жоғары таптың балаларына, әскери адамдарға арнап арнайы мектептер ашыла бастады. Мектеп пен тәрбиенің қалыптасуына әртүрлі әлеуметтік , экономикалық, мәдени, этникалық, географиялық жағдайлардың әсері мол болды. Біртіндеп тәрбие қоғамдық сипат алып, мектепте жазуға, оқуға аса мән беріле бастады. Ежелгі Шығыс елдеріндегі мектеп пен тәрбие нақты тарихи, мәдени , адамгершілік, идеологиялық құндылықтармен бірге дамыды. Месопотамияның ежелгі қалаларында оқу орындары мен парктер, ірі көпірлер салынды. Оқу орындарында философия, әдебиет, музыка, тарих, геометрия, география, математика деген пәндер оқытылды. Мемлекеттерде дін мәселесін меңгерілді. Ежелгі Египеттің мектептерінде сабақ таңнан кешке дейін оқытылды. Ол жерде әдемі жазуға, оқуға, іс-қағаздарын әдемі толтыруға үйренді, математика, география , астрономия, медицина мен басқа халықтардың тілдері меңгертілді. Ежелгі Үндістанның діни және ақсүйектер мектебінде қарапайым білім берілсе, ал діни мектептерде діни бағыттағы білім басым болды. Кей мектептерде философия, математика, медицина т.б. пәндер меңгертілді. Оған қоса тәрбие ақыл-ойды, денсаулықты, руханилықты, дамытуды көздеді, әдемілікті қабылдауға, ұстамды болуға бағдар берді. Ежелгі Қытайға тоқталатын болсақ, мектептеріндегі сабақтар қысқа да нұсқа өтті. Білім беруде сабақтың жеңілдігі, оқытушы мен оқушы арасындағы түсінушілік, оқушының ерекшелігі ескерілді. Сабақ беруші оқушыны әртүрлі тапсырмаларды өз бетімен шешуге үйретті. Сабақ оқытудың басты мақсаты – иероглифті жазбаны үйрету болды.

  1. Конфуцидің педагогикалық идеялары, еңбектері және мазмұны

Конфуций «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін адам» деп айтып еткен. Расында да, шындықтың қлы екендігін адам ғана өз әрекеттерімен дәлелдей алады.
Конфуцийдің ашқан жаңалықтары өте көп. Ол өзінің 3000-ға жуық бала оқитын мектебін аша отырып, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосты. Тәрбиеде адамның табиғилығын ескеріпғ былай айтып кеткен; «адамның табиғаты ең қажетті материал , оны дұрыс пайдалану арқылы жан-жақты, оңды тұлғаны қалыптастыруға болады».
Ежелгі Қытайдағы тәрбие мен білімдегі тәжірибені дамытқан. Тәрбиенің күші қанша жерден керемет болса да, оның барлық мәселеге әлі жете бермейтінін, бұл арада генетиканың да әсерінің мол екенін ұмытпау керектігін ескертті. Конфуций табиғатынан барлық адамның мүмкіндіктері бірдей емес деп айтып кеткен. Тумасынан дарыны барлар – білімді болып, мемлекетті басқарады, ондай қабілеті жоқтар қара жұмыспен айналысады. Тәрбиелі адамға тән шынайылық, рухани мәдениеттілік, ақылдылық, жаңалыққа талпынушылық, халыққа сыйлы болу, мейірімділік, білімділік т.б.қасиеттерді атап көрсетті. Ол тәрбиені – адамгершіліктің, адам болмысының факторы ретінде қабылдаған. Оның идеялық көзқарастарының негізінде жалпы философиялық және әлеуметтік көзқарас көрініс алды.
Конфуцийдің «Әңгіме және ойлар», «Әдет-ғұрыптар кітабы», «Білім туралы» атты еңбектері бар.

  1. Ежелгі Грециядағы педагогикалық ойлар (Сократ, Платон, Аристотель).

Ежелгі Шығыс мәдениеті Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсер етті. Греция бірнеше ұсақ құл иеленушә мемлекеттерлен құралған. Оның ішіндегі ірілері Антика мен Лаконияда тәрбиенің өзіндік жүйесі болды. Бқл елдердәі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері - сол мемлекеттердің саяси-экономикалық даму ерекшеліктері мен мәдени дәрежесіне байланысты болды. Мысалы, екі мемлекет те құлиеленушілер болды, мектепте байлардың балалары оқыды,
құлдарға сөйлейтін «құрал» ретінде қарады, құлдарда еркіндік мүлдем болмады.
Ежелгі Грециядағы Демокриттің философиялық-педагогикалық ойына тоқталатын болсақ, тәрбие-мәселесіне байланысты бірнеше оз ой-пікірлерін қалдырып кеткен. Адам тәрбие барысында міндетті түрде үш қасиетті меңгере білу керек, олар; жақсы ойлау, жақсы сөйлеу, жақсы жұмыс істей білу. Бла тәрбиесімен ата-ана өздері айналысқан дұрыс және тағы да басқа құнды ой-пікірлер қалдырып кеткен.
Сократтың ой-пікірлері; Адамның адамгершілік тұрғыда өзін-өзі жетілдіріп отыруда аса мән берді. Адам ойының жақсылық пен шынайылыққа бағытталуын талап еткен. «Әңгімелесу» әдісіне аса мән берді және өзі де әңгімесін әдемі айта біліп, халықты өз аузына қаратқан.
Платон Афиныда 1000 жылдан аса жұмыс жасаған академия ашады, Бірыңғай философиялық ойларға негізделген тәрбие бағдарламасын ұсынған және қоғам мен тәрбиенің байланысын ашып көрсетіп кеткен. Тәрбие- адам өмірінің фундаменті деп айтып кеткен. Платонның негізгі ойлары Мемлекет, Заңдар деген атпен жазылған трактаттарында көрініс алады.

  1. Спартадағы және Афинадағы тәрбие, мектеп жүйесі

Спартадағы тәрбие жүйесі. 7 жасқа дейін үйде тәрбиеленді. 7-18
жас аралығындығы тәрбиеде дене тәрбиесіне көп көңіл бөліп, шыдамдылық, аштық, төзімділікке баулыды. Әскери-гимнастикалық жаттығуларды да үйреткен. 18-20 ж. аралығында әскери қызмет атқарды. Спарта тәрбиесінің мақсаты- болашақ құлиеленушілерді құлдарға қарсы қоюға, оларға аяумаушылық, жиіркенішпен қарауға дағдылау.
Афинадағы тәрбие жүйесі. Бұл мемлекетте де 7 жасқа дейін үйде тәрбиелеп, 7-13 жас аралығында Грамматист және Кифарист мектептерінде оқытып, 13-14 жас Палестра мектебінде, 15-17 жас Гимназияда, 18-20 жаста Эфебтар мектебінде оқытты. Тәрбиенің мақсаты- құлиеленушілерге әскери-дене тәрбиесі мен білім саласынан ақпараттар беру, нақтырақ айтқанда жан жақты жетіліп, ақыл-ойы толысқан идеалды адамды тәрбиелеуді мақсат тұтты. Бұл мемлекеттегі тәрбие жүйесінің бұлай күрделі болуы, мемлекттің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болды. Атап айтсақ; Афинадағы экономика Спарта экономикасы сияқты тұйық емес және құлдар жекеменшікке айналған. Мәдениет те қарқынды даму ұһүстінде болған.

  1. Ежелгі Рим философы Марк Фабий Квинтилианның педагогикалық идеялары, еңбектерінің бағыты.

Рим философтарының ірі тұлаларының бірі - Квинтилиан Марк Фабий. Оның идеялары Римнің мәдени мұраларына негізделген. Педагогикалық идеялары «Тілмарлыққа тәрбиелеу туралы» деген еңбегінде жан-жақты мазмұндалған. Бұл еңбегінде ол өзінің риторика мектебінде жинаған тәжірибесін қорытындылайды.
Квинтилиан айтып кеткен құнды пікірлер:
Балалардың табиғи нышанын жоғары бағалайды, табиғатынан қабілетсіз бала сирек кездеседі дейді.
Балалардың тәрбиені мектептен алуына, мұғалім тарапынан әр балаға көңіл бөлінуіне аса мән берілу керек дейді.
Мұғалімнің білімді, ұстамды болуымен қатар адамгершілікті мәдени қарым-қатынасымен балаларға үлгі көрсете білуін қалайды.
Мұғалімнің қызмет атқару жолында арнайы сатылардан өтуін талап етеді. Мысалға, мұғалім өзінің алғашқы қызметін элементарлық мектептен бастап, кейін біраз жоғары сатыда орналасқан үлгілі мектептерде қызмет атқаруы керек.
Балалардың тілін, сөйлеу шеберлігін ерте бастан дамыту жолын ұсынады.
Балаларды жағымсыз ортадан алшақтау керектігін ескертеді.
Музыка мен тілді оқытуға назар аударады. Бұл баланың дұрыс, таза, әдемі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.
Білім берудің шыңы – шешендік өнерді меңгеру деп есептейді. Квинтилианның педагогикалық еңбектері жоғары бағаланады.

  1. Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінің мәні, негізгі бағыты.

Коменский - чехтің ұлы педагогі, педагогика ғылымының негізін салушы. Оның педагогикалық жүйесі бүгінгі күнге дейін негізге алынуда.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқытып, үйрету тәжірибесінің негізінде қалыптасқан. Қайта өрлеу дәуіріндегі жалпы мәдениет пен ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәрбие ісін жаңа бағытта құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының белгілі бір саласы болып қалыптасты. Бұл терминді XVII ғасырда Я.А.Коменский өзінің 1657 жылғы «Ұлы дидактика» 1657 деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланған болатын. Ол білім берудің мазмұнын және дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, табиғатпен сай келуді негіздеп, сабақ өткізуді ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

  1. Европа ағартушыларының педагогикалық идеялары (Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоццидің қызметі, құнды педагогикалық идеялары, еңбектері)

Иоганн Генрих Песталоцци - швед халқының атақты педагогі, дамыта білім беру тұжырымдамасының негізін салушылардың бірі.
Өзінің педагогикалық идеяларын практикамен қиыстырған, бірнеше тәрбие, білім беру мекемелерін ашқан. Песталоццидің қызметі мен құнды педагогикалық идеяларына тоқталатын болсақ, ол жетім және панасы жоқ балаларға арнап Кедейлер арналған үй салды. Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыруға тырысқан.
Интернаты бар орта мектеп, мұғалімдерге арнап дайындық курсын ашады. Содан кейін осының негізінде үлкен институт құрады, кейін институт бүкіл әлемге әйгілі болады.
Песталоццидің педагогикалық жүйесінің маңыздысы болып элементарлық білім беру теориясы саналады. Элементарлық білім беру теориясы физикалық, еңбек, адамгершілік және ақыл-ой білімін қарастырып және осы тәрбие бағыттарының адамды дамытуда өзара жүзеге асырылуын ескереді.
Песталоцци тәрбиенің алдына прогрессивті міндет қояды, ол адамның барлық табиғи мүмкіндіктері мен қабілетін үйлесімді дамыту.
Бастауыш білім беру әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеді. Оның ауызша тілді дамытуға байланысты ұсынған тәсілдері мен жаттығулары бастауыш сыныптың практикасына енгізді.
Жан Жак Руссо - француз ағартушысы. Оның Эмиль немесе тәрбие туралы және Жаңа Элоиза деген еңбектері бар.
Еңбектерінің феодалдық қоғамда жаңа адамды тәрбиелеу жолдарымен байланысты.

  1. XVIII-XIX ғғ. Ресейдегі білім беру жүйесі: мектептер, училищелер, гимназиялар, университеттер.

XVIII ғ. Россияда мәдениет пен ағарту саласында бірнеше реформалар жарық көре бастады. Сол реформалардың нәтижесінде білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Мысалы мектептерде математика, навигация, артиллерия, хирургия, инженерлік, тау-кен, славян-грек-латын пәндерін оқытты.
1755 жылы ашылған Москва университетінде философия, заң, медицина факультеттері болды. Осы Москва гимназиясының үлгісімен 1758 ж. Қазанда да сондай гимназия ашылды.
1804 жылы осы Қазан гимназияның базасында Қазан университеті ашылды. Москва университетін ашуға Михаил Васильевич Ломоносов белсене атсалысқан.
Ресейде ХІХ ғасырдың басында Халық ағарту министрлігі құрылды. Ғылым, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды. Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері жарияланды.“Оқу орындарының уставы” қабылданды. Осы устав бойынша Ресейде приход училищесі, уездік училище, гимназия, университеттер сияқты жаңа оқу орындары ұйымдастырылды.

  1. Константин Дмитриевич Ушинскийдің жалпы педагогика және дидактика саласындағы ілімдері.

Константин Дмитриевич Ушинский - орыстың ұлы педагогі. Москва университетінің заң факультетін бітіріп, 22 жасында кандидат атағына ие болған. Оның «О камеральном образовании»; Ана тілі;
Балалар әлемі; Педагогикалық антропология,
Адам организмінің басты салалары және т.б. жазылған еңбектері бар. Ушинскийдің жалпы педагогика салаласындағы негізгі ілімдеріндегі негізгі тақырып – педагогика.
Педагогика – тәрбие теориясы, тәрбие – тәрбиешінің жетекшілігінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
Педагогиканың негізі философия деп дәлелдеді.
Педагогика – қоғамдық ғылым деп негіздеді.
Педагогиканың мазмұнын ғылыми тұрғыда негіздеді.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысына аса мән берді.
Педагогика ғылымындағы халықтық принципті көтерді.
Педагогика ғылымының маңызын өте жоғары бағалады.
Дидактика саласындағы ілімдері. Олар: Дидактиканың жалпы негізі.
Оқытудың психологиялық негізі; ықыластылық, ес-ақыл, есте сақтау, ойлау, ерік, сезім және т.б.
Дидактикалық принциптер; белсенділік, саналылық, бірізділік, көрнекілік, беріктілік.
Оқытудың мазмұны;

  1. Сабақ және құрылымы

  2. Оқу сатылары; сезіммен қабылдау, ойша қайталау

  3. Оқыту әдістері.

Дидактиканы жеке методикаларда пайдалану.


  1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы шетел педагогикасында екі ағым көрініс алды . Олардың бірі – дәстүрлі педагогика – бұрыңғы педагогикалық ойларды жалғастырушы ағым . Дәстүрлі педагогикаға жататындар : әлеуметтік педагогика , діни педагогика , тәрбие мен білім беру процесін философиялық ой – елегінен өткізуге бағдарланған педагогика .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет