1 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәннің мақсаты: студентті химиялык кинетика бөлімінде
қарапайым реакциялардың формальді кинетикасы мен химиялық кинетиканың
теорияларының жалпы қағидаларына
үйрету.
Пәннің міндеттері: күрделі реакциялардың: қайтымды,
параллельді, тізбектелген, тізбекті, фотохимиялық, түйіндес, гетерогенді
реакциялардың формальді кинетикасы туралы ұғым беру.
Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:
білуі керек: химиялық кинетиканың және электрохимияның
негізгі зандары және де гомогенді, гетерогенді катализдің
теориялық негіздері;
істей білуі керек: химиялық кинетика және электрохимия
арқылы зерттеу обьектілерін сипаттаудың жоспарын құра
білу, экспериментті жасауға қажетті реактивтер мен құрал –
жабдықтарды дайындау, сипаттамалық зерттеулерді
өздігімен жүргізу, химиялық айналуларды зерттеу және
алынған нәтижелерді практикада қолдана білу.
Достарыңызбен бөлісу: |