Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты


тақырып. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлігі



бет6/18
Дата03.12.2023
өлшемі348 Kb.
#134094
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
8 тақырып. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлігі. Гүлдің құрылысы және қызметі. Гүлдің морфологиясы. Тостағанша, күлте, гүлсерігінің кызметі. Гүл серігі, оның құрылысы, дамуы және биологиялық маңызы. Қарапайым және қосарлы гүл серігі. Гүл симметриясы. Гүлшоғы - өркендер жүйесінің ерекше типі. Жалпы сипаттама. Гүлшоғының морфологиялық белгілері. Гүл шоғының классификациясы. Жай және күрделі гүлшоғы. Гүлшоғыні.ің экологиялық типтері.
Андроцей. Аталықтардың гүлде орналасуы, олардың құрылысының, әртүрлілігі, микроспорофилдермен ұқсастығы. Аталықтардың шығу тегі және эволюциясы.
Тозаңқаптың құрылысы мен дамуы. Микроспорогенез, микрос пораның жене аталық гаметофиттің (Тозаң, дән) дамуы, оның тұқымды өсімдіктер тозаң дәнінен айырмашылығы. Тозаң дәндердің морфологиялық әртүрлілігі. Тозаң дәндердің құрылымдық ерекшелігіпіц өсімдіктер систематикасы үшін маңызы.
Гинецей. Жеміс жапырақтарының мегаспорангийлермен біртектестігі. Гинецейдің құрылысы, шығу тегі, типтері: апокарпты, сипіаірігп.і, паракарпты, лизикарпты, олардың өзара байланысы. Гүлдегі жатыііш.ш, пайда болуы, оның орналасуы және биологиялық маңызы. Аналық мойны және стилодий. Тұқымбүршігінің құрылысы мен орналасуы, оның мегаспорофилдермен біртектестігі, ашық тұқымдылар түқымбүрішгінің айырмашылығы. Планцентация (қағанақ) типтері. Аналық гаметофит - ұрық қапшығының құрылысы мен дамуы. Мегаспорогенез, оның дамуының әртүрлі типтері.
Гүл диаграммасын және формуласын құрастырудың негізі.
Гүлдеу мен тозаңдану, тозаңдандырушылар типтері. Өздігінен тозаңдану және автогамия. Айқас тозаңдануды жеңілдететін гүлдердің морфологиялық ерекшеліктері. Абиотикалық айқас тозаңдану. Өздігінен айқас тозаңдану. Әртүрлі тозаңдану жолдарына бейімделу. Дихогамии айқас, гетеростилия, олардың биологиялық маңызы.
Ұрықтану және тұқымның дамуы, қосарлы ұрықтану, Ұрықтың және эндоспермнің дамуы. Тұқымның дамуы. Апомиксис.
Жемістер. Жемістің жалпы сипаттамасы. Апокарпты, сніікнриты, паракарпты және лизикарпты жемістер. Жемістердің және тұқымдмрді.іц таралуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет