Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленді және С. Торайғыров атындағы пму дің Ғылыми кеңесінің отырысында 20 ж



бет4/8
Дата22.12.2023
өлшемі234,5 Kb.
#142537
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырып 6. Ығысу
Таза ығысу туралы ұғым. Ығысу жағдайындағы кернеулі күй. Ығысу жағдайындағы кернеулі күйді талдау. Ығысу үшін Гук заңы. Ығысу модулі. Изотропты материалдың серпімділік тұрақтыларының өзара тәуелділігі. Деформацияның таза ығысу жағдайындағы потенциалдық энергиясы. Ығысу жағдайында беріктікке есептеу. Тойтарма шеге және пісіру арқылы жасалған біріктірулерді беріктікке есептеу.


Тақырып 7. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары
Өстік, полярлық және екіөсті момент инерциясы. Тікбұрыштың, үшбұрыштың және дөңгелектің өстік момент инерциясы. Параллель өстердің инерция моменттерінің арасындағы байланыс. Координата өстерін бұрған кезде өстік және екіөстік моменттердің өзгеруі. Инерцияның бас өстері. Бас инерция моменттері. Күрделі қималар үшін момент инерцияларын есептеу. Инерция радиусы. Инерция эллипсі туралы түсінік.


Тақырып 8. Бұралу
Тік арқаудың бұралуын туғызатын сыртқы күштер. Бұраушы моменттердің эпюрлары. Көлденең қимасы дөңгелек тік брустың бұралуы. Негізгі жорамалдар. Арқаудың көлденең қимасындағы кернеулер. Бұралу бұрышы. Бұралу кезіндегі қатаңдық. Көлденең қимасы әртүрлі материалдан тұратын дөңгелек арқаудың сынуының түрлері. Бұралу кезіндегі үш түрлі есеп: кернеулерді немесе бұралу бұрыштарын анықтау, беріктік пен қатаңдыққа сәйкес қолайлы бұраушы моментті анықтау және қиманы таңдау.
Біліктің айналу саны мен қуаттың шамасына қарап тұтас және қуыс білікті беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Көлденең қимасы төртбұрышты жіңішке бөліктерден тұратын білеулерді бұрау.
Ашық пішінді жұқақабырғалы стерженьдер. Бұралудағы деформацияның потенциалдық энегриясы. Бұралудың статикалық анықталмайтын есептері.


Тақырып 9. Түзу стержіндердің иілуі
Иілуді тудыратын сыртқы күштер. Жүктердің түрлері. Тіректер мен тіректік реакциялар. Иілудегі арқалықтың көлденең қимасындағы ішкі күштер: июші моменттер мен көлденең күштер. Таза және көлденең иілу. Июші момент, көлденең күш және таралған күштердің қарқындылығы арасындағы дифференциалдық байланыстар.
Таза иілудегі нормальдық кернеулер. Негізгі жорамалдар. Иілген арқаудың осьінің қисықтығы мен июші момент арасындағы байланыс. Иілудегі қатаңдық. Нормальды кернеулердің өрнегі. Көлденең қимасы тұтас арқалықтарды июдегі жанама кернеулер (Д.И. Журавский өрнегі). Қоставрлардың қабырғалары мен текшелеріндегі жанама кернеулер. Есептердің үш түрі.Иілу жағдайында беріктікке есептеу. Арқалықтың тиімді қималары. Иілудегі потенциалдық энергия. Иілу жағдайындағы жылжулар. Түзу сырықтың иілген осьінің дифференциалдық теңдеуі және оны интегралдау. Температураның өзгеруінен туындаған жылжуларды анықтау.
Серпімді табанда жатқан арқалықтың иілуі. Серпімді табанда жатқан арқалықтар жайлы түсінік. Серпімді табандардың түрлері мен олардың қасиеттері. Арқалықтың табаны мен серпімді орта арасындағы шекаралық шарттар. Винклердің серпімді табанында жатқан арқалықтың иілген өсінің дифференциалдық теңдеуі және оны интегралдау. Шектік шарттар. Серпімді табандағы шексіз ұзын арқалықтар. Серпімді табандағы қысқа арқалықтарды есептеу туралы түсінік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет