ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины


-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі263,04 Kb.
#5459
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

10-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Өмірінен мәлімет. Жетімдіктің, жоқшылықтың тақсіретінен

үзіп-жұлып   білім   алуы.   Оның   «Бостандық»,   «Кедей   баласы»

жырларында   жастық   шағының   көрініс   беретіні.   Сәбиттің

ақындық өнерге бой ұруына халық арасына кең тараған қисса,

дастан,   аңыздардың,   батырлық,   лиро-эпикалық,   тарихи

жырлар   мен   жыраулардың,   Ғ.Тоқай,   Абай,   Горький,   И.Бунин,

Маяковский, Гладков, т.б. игі ықпалы. Социалистік құрылысты

құптауы   мен   оған   белсенді   қызмет   етуінің   заңдылығы.

«Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Егістік»,

«Конвейер»,   «Майға   сәлем»,   «Колхозды   ауыл   осындай»,

«Малшының   мақтанышы»,   т.б.   шығармалары.   Соғыс   кезінде

туған   «Мен   де   аттандым   майданға»,   «Фашизмнің   ажалы»,

«Гвардеец   бауырларға»,   «Ленин   қаласында»,   «Берлин

алынды» өлеңдеріндегі патриоттық сезім.


Ақынның     «Жетім   қыз   үйінде»,   «Октябрьдің   өткелдері»,

«Батырақ»,   «Балбөпе»,   «Пионер»,   «Жұмаштың   өлімі»,

«Құрдас»,     «Жұпархан»     «Алдабергенов   туралы   аңыз»

поэмалары.«Сұлушаш»   поэмасындағы   Сәбиттің   сюжет

құрудағы,   тіл   қолданудағы,   образ   жасаудағы   көркемдік

ізденістері.

С.Мұқанов   –   жазушы.   «Түсімде»,   «Ақбөпенің   сыры»,   т.б.

әңгімелердің,   «Балуан   Шолақ»,   «Екпінді»   повестері,

«Адасқандар»   («Мөлдір   махаббат»),   «Теміртас»,   «Жұмбақ

жалау»   («Ботагөз»),   «Сырдария»   романдары,   «Өмір   мектебі»

трилогиясы.   «Тыңдағы   толқындар»,   «Аққан   жұлдыз»

романдары.   Жазушының   «Адасқандар»   романына   таптық,

әлеуметтік   шындықтың   арқау   болатыны.   Кезінде   романның

сынға   ұшырағаны.Автор   біраз   ізденістерден   кейін   «Мөлдір

махаббат» (1959) деген атпен қайта шығарғаны. Бәтес, Бүркіт,

Мүсәпір   бейнелері.   «Мөлдір   махаббаттың   бастапқы   варианты

«Адасқандардың   зерттеушілері   (Қ.Ергөбеков)   тарапынан

көбірек құпталуының себептерін ашу.

«Ботагөз»   (Жұмбақ   жалау)   –   жазушының   басты   кітабы.

Қазақ әдебиетінің тарихында өскен әдебиеттер талабына сай

күрделі   оқиғалы   реалистік   туынды.   Асқар,   Ботагөз,   Амантай,

Итбай,   Кулаков,Кузнецов,   Сарбас,   Кошкин   образдарының

типтік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары.

«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда»,

«Азатты   жолда»,   «Есею   жылдары»)   екендігі.   Әміршіл-әкімшіл

жүйенің   саясаты   мемуарлық   шығармаға   өз   ізін   қалдырғаны.

Оның   ұлттық   санаға   тигізген   зиянын   әділ   бағалаудың

қажеттігі.

«Балуан Шолақ» - белесті туынды. «Сырдария, «Тыңдағы

толқындар» романдары мен «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат»

сияқты очерктері.

«Аққан   жұлдыз»   дилогиясы.   Роман   материалдары   төрт

кітапқа жоспарланғандықтан Шоқан образының әлі өз биігіне

шыға қоймағаны. Романның аяқталған кітаптарында қазақтың

тек Шоқан өмір сүрген тұсындағы тіршілік-тағдыры емес, бір

жарым


 

ғасыр


 

бұрынғы


 

сұлбасының

 

бой


көрсететіні.жазышының   алдымен   ескі   тарихымыздың

шежіресіне   ден   қоятыны.Қаламгер   халық   тарихының

кезеңдерін   оқиғалармен   бере   отырып,   сындарлы   талдауға

барғаны, есте қаларлық көркем бейнелер сомдағаны.

С.   Мұқановтың   –   драматург.   «Көкірегі   көрегендер»,

«Алтын   аймақ»,   «Бурылтай»,   «Біздің   үй»,   «Ақан   мен   Зайра»

(Әуезовпен   бірігіп   жазған),   «Балаусаға   келіңіздер»,   «Жеңіс

жыры»,   «күрес   күндерінде»   поэмалары   мен»Гвардия,   алға»



либреттосы.   «Сыбызғының   сыры»,   «Ариадна   арқауы»

пьесалары,   «Шоқан   Уәлиханов»   трагедиясы.   Қазақ

драматургиясын байытқаны.

«Сәкен   Сейфуллин»   драмасының   Сәкеннің   «Қызыл

сұңқарлар»   драмасымен,   «тар  жол,  тайғақ  кешу»   романымен

үндестігі.   Драманың   алғаш   «Дала   дауылпазы»   деген   атпен

жұрт   назарын   аударғаны.   Кейін   өңделіп,   «Сәкен   Сейфуллин»

атты   тарихи   драмаға   айналғаны.   Колчак,   Анненков,

Қаранайлардың   бейнелері.   Сәкен,   надежда,   Шафран,   Досов,

Абдолла   Асылбеков   тұлғалары.   Пьесада   үш   желі:

төңкерісшілердің   күрес   жолы,   Сәкен-надежда-   Хамит

арасындағы   тартыс,   әйел   теңдігі   мәселелерінің   қиюласа

өрілуі.Пьесаның түрлі кедергілерге кездесуі.

С.Мұқановтың   «Саяхаттар»,   «Алыптың   адымы»   кітаптары

мен  «цейлон  шеруі»,  «Адам атаның  шоқысы»  атты  жолжазба

очерктерінің дүниетанымдық, этнографиялық маңызы.

«Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер», «Абай –

халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерім

қандай»,   «Қазақтың   18-19   ғасырларындағы   әдебиеті

тарыхынан   очерктер»,   «ХХ   ғ.   басындағы   қазақ   әдебиеті»,

«Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазып

келемін»,   «Халық   мұрасы»,   «Жарқын   жұлдыздар»,   «Қазақ

қауымы»,   т.б.   мақалалар   мен   зерттеу   еңбектерін,   оқулықтар

жазуы.


С.Мұқановтың әдеби бейнесінің жасала бастауы.

Шығармашылығының зерттелу жайы.



11-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

Өмірінен   мәлімет.Білім   алған   мектептері.   Жазушылық

жолы.Қоғамдық-саяси   өмірге   араласуы.   Әдебиетке   үлкен

дайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәтті

қадам   «Тулаған   толқында»(1928)   повесімен   жалғасып,   «Қос

шалқар»,   «Талпақ   танау»,   «Көк   үйдегі   көршілер»,   «Шұғыла»,

«Адамның анасы»,   «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль»

т.б.   әңгімелерімен   қоғамдық   өмір   қатпарларын   бейнелеп

бергені.   Жазушыға   Л.Толстой,   Дж.Лондон,   Чехов,Гоголь,

горький, Короленколардың тигізген ықпалы. 

1938-1955жж.   Жазылған   «Ер   ана»,   «Ана   кесімі

айнымайды»,   «Ақлима»   новеллаларында   соғыс   салған

тақсіретті   көтерген   қажырлы  аналардың  бейнесінің   жасалуы.

1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка»,

«Сөз   жоқ,   соның   іздері»,   «Қасқырды   атқан   қайсысы»,

«Автобиографиялық   әңгіме»,   «Қыран   жыры»,   «Ұлпан

стансасы»,   «боранды   түнде»,   «қарлы   жаңбыр   астында»,   т.б.


әңгімелерінде   уақыттың   әлеуметтік-көркемдік   талабын

арқалаған   замандастарымыздың   кесек   тұлғасын   жасаумен

қатар,   қызыл   империяның   тоталитарлық   саясатын

әшкерелейді.   1977-1983   жылдары   жазылған   «Жапон

балладалары»   циклына   енген   «Арқаның   әңгімесі»,   «Көздің

әңгімесі»,   «Тастың   әңгімесі»   туындыларында   әлеуметтік-

философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны.

Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялық

әрекеттерге   пайдалануға   қарсы   күрес   ашуға   үндейтіні.   «Ана

жыры»,   «Өмір   жорығы»,   «Қыран   жыры»   новеллаларындағы

символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Қазақ   батыры»   (1945)   повесіннен   «Қазақ   солдаты»

романына   (1956)   айналған   туындыда   майдан   шындығы

суреттеліп,   Қайрош   пен   оның   бала   күнгі   достары   Бораш,

Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы Қайрош

Сарталиевтің   майдандас   серіктері   Сәмед   Абдоллаев,   Василий

Гришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат,

офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асыл

қасиеттерді   бойларына   жинақтаған   ,   өзіндік   мінез

ерекшеліктері   бар,   Отанға   деген   сүйіспеншілік,   патриотизм,

гуманизм,   мызғымас   достық   тұғырына   шыққан   жандар

дәрежесінде   суреттелетіні.   Жазушының   майдан   шындығына

социалистік   реализм   әдісіне   тән   үстірттікке,   кейіпкер   тіліне

байланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.

«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы.

Онда   ХІХ   ғасырдың   екінші   жартысынан   бастап   қазан

төңкерісіне   дейінгі   қазақ   халқының   әлеуметтік-экономикалық

хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылып

суреттелетіні.  Романда дала шонжарлары   Игілік пен  Жұман,

орыс   алпауыттары   Рязанов   пен   Ушаков,   шетелдік

компаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн,

және   олардың   сойылын   соққан   малайлары   Акула,   Зубов,

Сикорский,   Бернер,   Некрасов   образдары.   Осы   алпауыттар

әулетімен   күрес   үстінде   шыңдалып,   биік   азаматтық

тұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір,

Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей-

Елизавета   Быковтар,   Михайло   Неволя,   Шило   қарт,   Зуев,   т.б.

шыққан   табының   мүддесінен   гөрі   халық   мүддесін   жоғары

қоятыны.   «Жат   қолында»   романының   табысы   саналатын

Кенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы»,

халқының   көш   бастар   перзенті   дәрежесіне   жеткізе   бейнелей

алғандығы.



Дилогиядағы   Назыкеш,   Наркөз,   Көпей,   Күлше,   Айғанша,

Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғанг

Күлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.

«Кездеспей   кеткен   бір   бейне»   (1967)   поэмасының   өнер

адамын,   өнерге   деген   көзқарасты   лирико-   философиялық

тұрғыда   бейнелеген   повесть   екендігі.   Еркебұлан   образы.

Еркебұлан   мен   Сәкен   Сейфуллин   бейнелерінің   үндестігі.

Поэмада   Ақлима,   Ақбала,   Қоянжырық,   Қайсар,   т.б.

характерлердің жасалуы.

«Ұлпан»   (1975)   повесінің   осы   аттас   романға   (1981)

айналуының   көркемдік   заңдылықтары.   Шығарманың   тарихи

шындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл

қасиеттерін   бойына   жинақтаған   типтік   тұлғаға   айналғаны.

Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.

«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.

«Қозы Көрпеш -  Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург

фольклорлық   эпосты   идеялық   шығармашылық   екшеуден

өткізіп,   реалистік   әдебиеттің   биік   үлгісімен   қайта   жазып

шыққаны.

«Ақан   Сері   -   Ақтоқты»   (1945)   трагедиясының

психологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақын

Ақанның   рухани   келбеті,   ашынған   ойы   мен   ащы   күйзелісін

Ғ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын

Сердәлі,   Жалмұқан   төре,   мүсәпір   Қоңқай,   Ақтоқты,   Мәрзай,

Дәмелілердің   психологиялық   драма   талаптарына   сай

мүсінделетіні.

  «Амангелді»(1950)   тарихи   -   әлеуметтік   драмасы.   Онда

дәуірдің   әлеуметтік-саяси   шындығы   мен   қайшылықтары

реалистікпен   бейнеленіп,   қаһармандарының   күрес   үстінде

шыңдалып,   түлейтіні.   Күрделі   рухани   жаңаруларды   басынан

кешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғалар

өзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен ел

парызы,   озық   ойлы   орыс   адамдарының   қазақ   халқына

көрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. Пьесада

Амангелді   характерінің   әр   қырынан   ,   әр   әлеуметтік   топ

өкілімен қатысы арқылы ашылатыны.

«Қозы   Көрпеш   –   Баян   сұлу»,   «Қыз   Жібек»   пьесалары

негізінде киносценарийлер жазуы.

«Болашаққа   аманат»   драмасының   басты   кейіпкері   қазақ

халқының   тәуелсіздігін   аңсап,   елді   күреске   көтерген   Сырым

Датов   екендігі.   Трагедиядағы   тарихи   тұлғаның   көркем

бейнеленуі. 

Ғ.Мүсіреповтың   қоғамдық   –   саяси   келбетін,   публицистік,

зерттеушілік,   сыншылдық   қабілетін   көрсеткен   «Суреткер



парызы»,   «Уақыт   іздері»,   «Заман   және   әдебиет»   атты

еңбектері. 

  Ғ.Мүсіреповтың   қазақ   әдебиетіндегі   орны.   Шығармашылық

мұрасының зерттелу жайы.



12-тақырып. Ғабиден Мұстафин(1902-1985)

Шығармашылық  өмірбаяны. Қаламгердің 20-жылдары «Ер

Шойын», «Қан»,   «Сәрсен мен Боқан», «Шағатайдың шатағы»,

«Кек», «Қашқын», т.б. әңгімелер жазуы. «Ер Шойын және басқа

әңгімелер»   (1929)   атты   жинағы.   Сондай-ақ,   колхоз   тіршілігі,

өндірісті   жандандыру   тақырыбына   «Алыптың   кереметтері»,

«Тұтқын»,   «Құлаған   құз»,   «Күлмеген   адам»,   т.б.   очерктер

жазуы. 


Десе   де,   Ғ.Мұстафиннің   алғашқы   әңгіме,   очерктерінде,

шағын   пьесаларында   жазушылық   тәжірибенің   аздығынан,

дайын   сюжет,   таптаурын   схемаға   ұрынудан   кеткен

кемшіліктердің кездесетіндігі.

«Өмір   мен   өлім»   (1940)   романының   қазақ   прозасында

өндіріс   тақырыбына   жазылған   алғашқы   шығарма   екендігі.

Жазушының   бұл   романды   өңдеп,   толықтырып,   «Қарағанды»

деген   атпен   қайта   бастыруы   (1952).   Романдағы   Қарағанды

сияқты   ірі   көмір   ошағын   іске   қосу   үшін   көп   қиындықтарды

жеңіп, күресіп еңбек еткен Мейрам, Щербаков, Ермек, Жанәбіл

образдары. Оларға қарсы Рымбек, Жаппар, Әлібек, Махметтер.

Романдағы   түрлі   ұлт   өкілдерінің   арақатынасы,   халықтао

достығының көрінісі.

«Шығанақ» (1945) романы.Шығарманың орталық кейіпкері

Шығанақ   бейнесі.   Оның   тиянақты   еңбек,   табанды   қажыр-

қайратының   арқасында   жартылай   шөлейт   өңірден   тарыдан

төрт дүркін рекордтық өнім алуы. Сондай-ақ романда Ұлы Отан

соғысы   жылдары   тылда   белсенді   еңбек   еткен   жастардың

жарқын бейнесінің көрініс табуы. Романда жазушының кейбір

қаламгерлік жасандылыққа, нанымсыз ситуацияларға ұрынуы. 

«Миллионер»(1948) повесі. Шығармадағы Жомарт, Жақып,

Ахмет,   Алма   бейнелері.   Тартыссыздық   теориясының   көрініс

табуы. Повестің сюжеттік желісінің босаңдығы.

«Дауылдан   кейін»   (1959)романы.   Романда   азамат

соғысынан   кейінгі   қазақ   даласының   тыныс-тіршілігі,   ауыл

кедейінің   сана-сезімінің   оянып,   қоғамның   тегеурінді   күшіне

айналғанын көрсетуі.

Шығармадағы   Аман   бейнесінің   қалыптасу,   өсу

эволюциясы.Жаңа   заманның   әсерімен   әлеуметтік   өмірге

араласа бастаған Әдхам, Ізбасар, Таймас, т.б. халық өкілдерінің



бейнелері.   Өмір   бойы   құлдық   сезімнен   арыла   алмаған

Қазанғап.

Романдағы   зымиян   Шәкен   мырза.   Соның   айналасында

шөре-шөремен   күн   көрген,   басынан   дәурені   өткен   Жақып,

Малқар   болыс,   Мақаш,   Ермекбайдың   бейнелері.   Шолпанның

образы.


«Көз   көрген»   (1963)   романы.   Онда   екі   түрлі   қоғамдық

құбылыстың,   феодалдық   және   кеңестік   дәуірлердің   куәгері

болған   қаламгердің   өзі   басынан   өткерген   өмірлік   іс-

тәжірибелерге   сүйене   отырып,   қоғам,   адам,   уақыт   туралы

айтқан   ой-толғамдары.   Романда   қазақ   халқы,   қазақ   қауымы

бастан   кешкен   ширек   ғасырға   жуық   өмірдің   қыры   мен

сырларының   қамтылуы.   Романның   орталық   кейіпкері

Сарбаланың   қаламгердің   өз   прототипі   екендігі.   Ондағы

жазушының әкесі Мұстафаның образы.

Ғ.Мұстафиннің   «Шығанақ   Берсиев»,   «Мазасыз   мейман»,

«Шыныдан   туған   қошақан»,   «Басқа   пәле   тілден»,   «Алынған

кек», т.б. пьесаларының кезінде театр сахналарына қойылып,

көрермен ілтипатына бөленуі.

«Ой   әуендері»   атты   мақалалар   жинағы.     Жазушы

творчествосының қазақ әдебиетінде алатын орны. 

Ғ.Мұстафиннің шығармашылығының зерттелуі.



13-тақырып. Қасым Аманжолов(1911-1955)

Өмір   жолы.     Ақынның   тұңғыш   өлеңдер   жинағы   «Өмір

жыры»(1938). Абай поэзиясынан үйреніп, нәр алуы.

Ақынның Ұлы Отан соғысына дейін әр түрлі тақырыптарға

жазған   өлеңдері:   «Өркендей   бер,   Отаным»,   «Ұшқыш   болғым

келеді», «Болат сұңқар», «Ескерткіш», «Гүл жүзді, бұлбұл үнді

Марпуғажан»,   «Сүйдім   сені,   Сандуғаш,   қуға   теңеп»т.б.

өлеңдері.

  Ақындық   талантының   Ұлы   Отан   соғысы   жылдарында

жарқырап   көрінуі:   «Зұлым   жау»,   «Подполковник   Әлпинге»,

«Мартбек», «Ғабдолға», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Сен

фашиссің,   мен   қазақпын»   өлеңдерінде   ақынның   майдандағы

жауынгерлерді ерлікке, туған елді, өмірді сүюге үндеуі.

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының   Қ.Аманжоловтың

соғыс   жылдарындағы   шығармашылығының   биік   шыңы

екендігі.   Поэманың   көркемдік   ерекшелігі.   Ондағы   ішкі

монологтың   мәні.   Поэма   туралы   орыс   ақыны   Н.Тихонов   пен

қазақ қаламгері Ғ.Мүсіреповтің жылы лебіз білдіруі.

Қ.Аманжоловтың   соғыстан   кейінгі   жылдары   «Нұрлы

дүние», «Өзім туралы», өлеңдерімен қатар еңбек тақырыбына

«Күн   көтерген   қарындас»,   «Жылқышы   жыры»,   «Ай   астында


алтын   тау»,   т.б.   өлеңдерінің   жазылуы.   «Партияның   жабық

жиналысында»   өлеңінің   туу   жағдайлары.   Елуінші   жылдары

ақынның жазықсыз қудалануы.

Ақынның «Құпия қыз», «Қытай қызы», «Жамбыл тойына»,

«Біздің   дастан»   поэмаларының   тақырыбы   мен   идеясы.

Көркемдік табыстары мен кейбір кемшіліктері. 

Қ.Аманжоловтың   аударма   саласында   өнімді   еңбек   етіп,

А.Пушкиннің   «Полтава»,   Ю.Лермонтовтың   «Маскарад»,

А.Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмаларын аударуы. 

Ақын шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны.

 Шығармаларының  зерттелуі.

14-тақырып. Әбділда Тәжібаев(1909-1998)

Ақын, драматург, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы.

Туған ортасы, білім алған мектептері, қоғамдық қызметі.

Жазушылық   жолы.   Шығыс   поэзиясынан,   қазақтың   ауыз

әдебиеті мұраларынан, Абай поэзиясынан нәр алып өскені.

Ақындығының   алғашқы   жылдарында   ұстаз   ақындарға,

Сыр   сүлейлеріне   ұқсауға   тырысқаны.   Саяси   лирика   жетекші

роль  алған кезеңде   Әбділданың  да ойлы  лирикалық өлеңдер

жазуға   дендеп   бара   алмағаны.   Іздене   жүріп,   табиғат

сұлулығын, махаббат сезімін жырлайтын «Алтын ай», «Көрісу»,

«Меруерт   моншақ   тереміз»,   «Тау   қойнында»,   «Айнабұлақ»,

«Тараспен   әңгіме»,   «Сырдария»   өлеңдерінде   сезім

құбылыстарына   терең   бойлауға   ұмтылатыны.   «Аралдар»   ,

«Кешеден   бүгінге»,   «Жартас»,   «Көне   қоңырау»,   сондай-ақ

кейін жазылған «өзім туралы өлеңдерден», «Афинада», «Көне

диалогтерден»,   «Римде»,   «Парижде»,   «Стамбул   кеші»,   «Сол

адамға», «Айдап мені барады уақыт қайда», «Темірші жыры»,

«Ақындық», «Келші, сәулем» және «Құрдастар» (1977), «Таныс

дауыстар»   (1985)   жинақтарына   енген   жырлардан,

«Сүйінбайдың домбырасы» (толғау), «Ұлы Отан соғысында қаза

болғандар   монологы»,   өмірінің   соңғы   жылдарында   жазған

«Төрттағандарында»   терең   ой,   философиялық   жинақтауға

еркін   баратыны.   Бүгінгі   романтизм   сарынында   жазылған

шығармаларында   («Сырдария»,   «Тараспен   әңгіме»)

символизмнің ерекше орын алатыны.

Ақынның   поэмалары.   «Құлғара»,   «Батырақ   Қобыланды»

«Олқылық»,   «Екі   жиһан»,   «Құтқару»,   «Аққу»,   «Кілемшілер»,

«Сөнген шырақ» поэмаларына ақынның тақырыпты таңдап ала

білгенімен,   жанрдың   көркемдік   талаптарыныа   жауап   бере

алмағаны.. 

Құрманғазы   күйлерін   өлең   жолдарына   айналдырып,

«Қайран   шешем»,   «Көбік   шашқан»,   «Оркестр»,   «Абыл»



дастандарын   жазуы.   Өнерді,   өнер   иелерін   кейіпкер   еткенде

ақынның   тың   поэтикалық   образдар   жасап,   көркемдік

құралдарын   тиімді   пайдаланғаны.   Табиғат   құбылысы   немесе

халықтың   аңыз-ертегілері   негізінде   «Толағай»,   «Жомарттың

кілемі»,   «Көтерілген   күмбез»,   «Азаматтар»   атты   драмалық

поэмалар жазып, бүгінгі күннің шындығын айтуы.

Соғыстан   кейінгі   дәуірде   Ә.Тәжібаев   қаламынан   туған

«Темірші», «Портреттер», «Ашықтар», «Ол», «Күзетші», «Ақын»,

«Күйеулер», «Құрдастар», «Қызыл алаң», «Майра», «Мархума»

поэмалары.

Ә.Тәжібаевтың   драматургиясы.   «Майра»,   «Жалғыз   ағаш

орман   емес»,   «Көңілдестер»,   «Жартас»,   «Батыр   мен   ақын»

драмалары,   «Дубай   Шубаевич»,   «Той   боларда»   комедиялары.

«Біз   де   қазақпыз»   поэтикалық   драмасы.   Жазушының   Майра,

Телғара,   Жанас,   Мәлік,   Байбол,   Жәрдем,   Темір   сияқты

жағымды, Тайман, Сапар, Дәурен, Қалабай, сияқты жағымсыз

кейіпкерлері.   Олардың   психологиясының,   характерлерінің

даралығы. Ә.Тәжібаев пьесалары туралы айтылған сын.

«Жаданның   хаттары»,   «Хаттар   сөйлегенде»   повестерінің

идеялық, тақырыптық, көркемдік табыстары.

«Мен   жалғыз   ем,   Сарамен   болдық   екеу»,   «Есімдегілер»,

«Жылдар және ойлар» тәрізді мемуар, естелік-эссесі.

Ә.Тәжібаевтың   Н.Погодинмен   бірлесіп   «Жамбыл»   көркем

фильмінің сценарийін жазғаны.

А.Пушкин,   Гейне,   Шевченко   және   бірқатар   орыс

ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалауы.

Ә.Тәжібаевтың

 

«Өмір



 

және


 

поэзия»


 

атты


монографиясында   қазақ   лирикасының   даму   жолын

саралағаны.   Алайда   зерттеушінің   коммунистік   идеология

аластаған   «алашордашыл»,   «ұлтшыл»   ақындар   лирикасын

талдауда қателіктерге ұрынатыны. «Қазақ драматургиясының

қалыптасуы   мен   дамуы»   монографиясының   ұлттық

драматургиямыздың  пайда  болу,  қалыптасу,  өркендеу  жолын

терең сөз еткен ғылыми-теориялық зерттеу екендігі.

Ә.Тәжібаевтың әдеби көркем бейнесінің жасала бастауы.

Шығармашылығының зерттелуі.

15-тақырып. Асқар Тоқмағанбетов(1905-1983)

Ақын, жазушы, публицист, мысалшы, сықақшы, фельетоншы.

Өмірінен мәлімет. Төңкеріске дейін ауыл молдасынан ұзап білім

алмағаны. Кейінірек Мәскеу, Ташкент қалаларында оқығаны.

1925   жылдан   1960   жылға   дейінгі   ақын   лирикасының

тақырыбы саяси-әлеуметтік, социалистік құрылыс жетістіктері,

таптық күрес болып келетіні. Теңдік алып, бақытты тұрмысқа


қолы жеткен Қойбағар, Шойынғара, Қарақыз, Күләйшалардың

образдары. 

А.Тоқмағамбетовтың   заман   шындығын   жырлауы.

«Комсомол   ақын»,   «Социалистік   құрылыс   ақыны»,

«коммунистік идеологияның насихаттаушысы» болуы. Шынайы

өмір   шындығына   жүгініп,   жаңарған   ауыл   адамдарының

бейнесін суреттегені.

Ақын   өмірінің   соңғы   жылдарында   жазған   өлеңдерінде

ауыл   адамдарының   жан   дүниесіне   үңілуі,   мәдениеті   өскен,

білімді   адам   бейнесінің   поэтикалық   теңеу,   образдармен

байығаны.   Бұл   сипаттың   «Алтын   арал»,   «Тырналар,   сұлу

тырналар»,   «Ғажайып   жылдар»,   «Көгілдір   әлем»,   «Дауылпаз

жырлар»   жыр   жинақтарына   енген   өлеңдерінен   анық

аңғарылатындығы.   Дегенмен   ақынның   барлық   өлең-жырлары

бірдей мазмұнды, көркем бола бермейтіні. 

Поэмалары.   «Алыптар   туралы   ертегі»   поэмасынан

басқаларының   тақырыбы   социалистік   дәуір   шындығын

қамтитыны..   «Берлин   көшесінде»,   «Испания»,   «Рейн

жағасында»,   «Мұзбалақ»,   «Ақ   алтынды   арал»,   «Аңыз   ағаш»,

«Екі   дүние,   екі   өмір»,   «Балам   туралы   дастан»,   «Батыр   Әли»,

«Бұқарбай   батыр»,   «Жер   тәңірісі»,   «Жолдар   мен   жылдар»,

«Күндіз   аққан   жұлдыз»,   «Нартәуекел»,   «Шағалалы   шалқар»,

«Шынар туралы шындық» дастандары. Олардағы ажарлы сөз,

ақындық образ. Сонымен қатар оларда ақынның көпсөзділікке

бой алдырғаны.

А.Тоқмағамбетовтың   сатиралық   шығармалары.   Орыстың

классикалық   сатирасы   мен   қазақ   әдебиетіндегі   Абай,

С.Дөнентаев,   Б.Майлин,   І.Жансүгіров   сатирасының   дәстүрін

жалғастырып,   оны   жаңа   тақырыптармен   байытқаны.

«Саудагер   молда»,   «Тұтам   құрық»,   «Бөлтірік»,   «Сүмелек

қайнаға», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Желіккен жеңгей»,

«Қылтың-сылтың»,   «Арыстанға   еліктеген   мысық»,   «Жаназа

үстіндегі даңғаза» т.б.

Мысал жанрындағы еңбектері: «Мияу мен Лен», «Көкек»,

«Әтештің   махаббаты»,   «Бидай   мен   қаңбақ»,   «Қара   тоқтының

хаты», «Әупілдек пен күпілдек», т.б.

А.Тоқмағамбетовтің   сықақ   өлеңдерінің   формаларының

өзгеріп   отыруы   оның   сатиралық   поэзиясын   ажарландырып,

саяси-эстетикалық   нысанасын   айқындауға   мүмкіндік

жасайтыны.   Алайда   Асқардың   бірқыдыру   фельетондары   мен

сықақтарында   образ   дәрежесіне   көтеріле   алмай   қалған

бейнелердің де ұшырасатыны.

А.Тоқмағамбетовтың сатиралық мектебінің қалыптасуы.


Проза   жанрында   «Алғашқы   қадам»,   «Кішкене

қолғанаттар», «өзіміздің жігіт», «Жыр күмбезі» атты әңгімелер

мен «Ақмоншақ» повесін, «Әке мен бала» және «Жыр күмбезі»

романдарын,   көптеген   очерк,   көптеген   публицистикалық

мақалалар жазғаны. «Әке мен бала» романында дін иелерінің

жағымсыз   қылықтарын   әшкерелегені.   «Жыр   күмбезі»

шығармасында   ақынның   Сыр   өңірі   ақындарының   рухани

портретін   жасағаны.   «Өтеді   күндер»   мемуарлық

шығармасында   соны   фактілер,   поэтикалық   бояу,   баяндау

тілінің оралымдылығы.

  Шығармашылығының зерттелу жайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет