өмірдің әртүрлі кезеңдерінде денсаулық жағдайын бағалау үшін жүйелі білімді қалыптастыру;
жеке денсаулық критерийін анықтауға және өмір сүру сапасын бағалауға үйрету;
жас шамасы әртүрлі топтағы кең таралған аурулардың клиникалық симптомдарын анықтауға үйрету;
денсаулықты сақтау және күту үшін қауіп факторларын анықтап, оларды жоюға үйрету.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент 2.4.1 білуі керек:
Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық жағдайды;
адамның әртүрлі жастық кезеңдеріндегі анатомия – физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін;
жаңа туылған нәрестенің денсаулығын сақтау және күту, ерте жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері, сонымен қатар егде және кәрі жастағы адамдардың өмір сүру салты мен тамақтанудағы орта білімді медицина қызметкерлерінің ролін;
репродуктивті жүйенің құрылымы мен функцияларын, жанұяны жоспарлау және контрацепция әдістерін;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативті құжаттарын.
2.4.2 үйреніп алуы қажет:
науқастан сұрау арқылы денсаулығы туралы мәліметтерді жинау, жалпы тексеру, ағзалар мен жүйелерді «басынан башпайына дейін» принципі бойынша тексеру;
сұрастыру және тексеру мәліметтеріне, белгілердің сараптамасын жүргізу;
иммунологиялық реактивтілікті коррекциялау және физикалық, психикалық денсаулықты бағалау;
биохимиялық және клиникалық анализдердің нәтижелерін бағалап, интерпритациялау;
сүт бездеріне тексеру жүргізу;
жүкті әйелге тексеру жүргізу, физиоллогиялық жүктілікті диагностикалап, тамақтану тәртібі туралы кеңес беру;
науқастың жеке қажеттіліктері мен жағдайын ескере отырып, мамандандырылған күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру;
мейірбикелік құжаттарды толтыру;
халықтар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын өткізу.