Ситуациялық мәселелер Мәселе №1. Туу залында физиологиялық жолмен әйел босанды.Баланың жынысы - ұлбала ,салмағы - 3400г, бойы 56см,сол мезгілде жылады. Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл.Сұрақ: 1.Осы көрсеткіштерге қарай бала жүктіліктің қай аптасында туылды?
2.Нәрестенің қай белгілеріне қарай оның жетіліп туылғандығын білуге болады?
Жауабы 1.Көп жағдайда анықтауға болады,егер балада құрсақішілік гипотрофия болмаса.
2.Құлақ саңылауларының ,табандағы қыртыстар бойынша,жыныс мүшелерінің дамуына қарай.
Мәселе №2.Жаңа туылған қызда өмір сүрудің 4-ші күнінде сүт бездерінің үлкеюі байқалды.Сол аймақта терісінің түсі өзгеомеген.Қарау кезінде сүт бездерінен сүт сияқты сұйықтық бөлінуде.
Сұрақтар: 1.Бұл жағдайды қалай атаймыз?
2. Сіздің іс - әрекетіңіз.
Жауаптары:1.Сүт бездерінің физиологиялық қатаюы.
2.Ем – шараның қажеті жоқ.
Мәселе № 3.Жаңа туылған нәрестеде 3-ші күні дене температурасы 38,5 градусқа көтерілді.Бала тынышсыз,қызғанышпен емеді .Инфекциялық патология белгілері жоқ. Тыныс алуы және жүрек соғу жиілігі жиілеген.Баланың дене салмағы азайған.
Сұрақтар: 1.Нәрестенің бұл жағдайының себебі неде?
2.Сіздің іс-әрекетіңіз.
Жауабы:1.Бұл транзиторлы қызба.
2.Балаға су және сүт беру қажет.
2 сабақ
1. Тақырыбы: Сәбидің жағдайын, жүре бастаған балалардың және мектеп жасындағы балалардың жағдайын бағалау. Контрацепция әдісі.
2. Мақсаты:Балалық шақтағы адам онтогенезінің кезеңдерге бөліну себебі үнемі өсу, даму және анатомиялық – физиологиялық, психологиялық қызметтерінің әр күнде, айына, жылына әртүрлі ерекшеліктерінің өзгеруі болып табылады. Балалардың әртүрлі жасындағы анатомиялы-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін білу оның денсаулығының объективті жағдайын бағалай білуге бағыттайды, аурудың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік береді.
Контрацепция әдістері туралы түсінік беру.
3. Тапсырма:
СӨЖ тақырыбына сәйкес келетін мәліметтерді тиісті әдебиеттен жинау
(каталогтармен, журналдармен, монографиялармен,оқулықтармен жұмыс істеу);