Жұмыс бағдарламасы Пән: География Мамандығы: Емдей ісі, Фармация, Мейіргер ісі, Стоматология, Курс: 1 Оқытушы: Есенова Ж.Қ



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі121 Kb.
#21748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2
2. Пәннің тақырыптық жоспары





Бөлімдер мен тақырыптардың атауы



Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

теориялық

теориялық

І бөлім. Географиялық зерттеу әдістері

*

*

*

1

Тақырып 1. Зерттеу әдістерінің түрлері










2

Тақырып 2. Өзекті географиялық зерттеу әдістері










ІІ бөлім. Картография және геоинформатика

*

*

*

3

Тақырып 1. Заманауи картографиялық әдістер










4

Тақырып 2. Географиялық деректер базасы. Географиялық деректерді визуализациялау










5

Тақырып 3. Геоақпараттық жүйелер










ІІІ бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология

*

*

*

6

Тақырып 1. Табиғатты пайдалану түрлері. Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау










7

Тақырып 2. Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары. Экологиялық таза өндірістерді жобалау










8

Тақырып 3. Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі










9

Тақырып 4. Геосфералардың ластануы. Геоэкологиядағы антропогендік факторлар










10

Тақырып 5. Геоэкологиялық аудандастыру










11

Тақырып 6. Ғаламдық экологиялық проблемалар. Қазақстанның экологиялық проблемалары










12

Тақырып 7. Экологиядағы инновациялық технологиялар және табиғатты пайдалануды реттеу










13

Тақырып 8. Табиғатты қорғау шаралары. Табиғатты қорғауда жеке тұлғаның рөлі










14

Тақырып 9. Қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі. Қоршаған ортаның сапасы










15

Тақырып 10. Геоэкологиялық жобалау










Пән бойынша барлығы

*

*

*
















3. Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері



Бөлім атауы

Бөлім мазмұны

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

1

Географиялық зерттеу әдістері

Географиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Картографиялық әдіс. Тарихи әдіс. Статистикалық әдіс. Экономикалық-математикалық әдіс. Географиялық аудандастыру әдісі. Далалық зерттеулер мен бақылау әдісі. Қашықтықтан бақылау әдісі. Географиялық модельдеу әдісі. Географиялық болжам.

Географиялық зерттеулердің өзекті әдістерін қолдану. Географиялық мониторинг әдістері. Зерттеудің салыстырмалы-географиялық әдісі. Географиялық сараптама. Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың матрицалық әдісі. Географиялық зерттеулердегі аудандастыру әдісі. Сараптамалық бағалау әдістері. Геожүйені географиялық модельдеу. Геоэкологиялық аудандастыру әдістері.




1) Географиялық зерттеу әдістерін қолдану.

1) Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық мониторинг әдісінің элементтерін қолданады.

2) Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстырмалы әдістерді қолданады.

3) Зерттеудің сандық әдісін қолданады.


2) Географиялық сараптама жүргізу.

1) Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама элементтерін қолданады.

2) Зерттеу тақырыбына сәйкес сараптамалық бағалау әдістерін қолданады.

3) Зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолданады.


3) Географиялық зерттеулердің нәтижелерін әртүрлі формада ұсыну.


1) Зерттеу нәтижелерін ауызша баяндайды.

2) Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар жасайды.

3) Зерттеу нәтижелерінің электрондық нұсқаларын дайындайды.


2

Картография және геоинформатика

Картографиялық әдіс түсінігі және мақсаты. Экономикалық-географиялық зерттеулердегі картографиялық әдістердің рөлі. Экономикалық-географиялық зерттеулерде карталарды қолдану тәсілдері. Картографиялық әдісті дамыту және жетілдіру. Электронды кртографиялық ресурстар. Электрондық карталардың жіктелуі.

Географиялық деректер базасы ұғымы. Географиялық деректер базасын құру принциптері. Геоинформатика. Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып географиялық деректер базасын құру ерекшеліктері. Картограмма және картодиаграмма статистикалық графикті құру тәсілдері ретінде. "Графикалық редактор" түсінігі туралы. Географиялық редакторлардың түрлері. Тақырыптық картография. Географиядағы компьютерлік карталарды құру және пайдалану әдістері.

Зерттеудің геоақпараттық әдісі. Геоинформаткиканың басқа ғылымдармен және технологиялармен байланысы. Білім мен өндірістің әртүрлі салаларында ГАЖ қолдану.


1) АКТ қолдана отырып дерек көздердің әртүрлі базасын жасау.

1) Microsoft Excel бағдарламасын қолдана отырып, географиялық ғылымға қатысты географиялық деректер базасын құрады.

2) Тақырып бойынша әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып географиялық деректер базасын құрады.



2) Статистикалық дереккөздерді талдай отырып картограммалар мен картодограммаларды құру.

1) Статистикалық дереккөздерді талдайды.

2) Графикалық редакторды қолдана отырып, картограммалар, картодиаграммалар, картосхемалар жасайды.



3) Картографиялық зерттеулер негіздеріне статистикалық деректерді сипаттау.

1) Зерттеу тақырыбына сәйкес картографиялық әдістерді қолданады.

2) Зерттеу тақырыбына сәйкес электрондық картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдаланады (сандық карталарды оқу, олардың көмегімен географиялық объектілер мен аумақтардың орналасқан жерін, сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау, олардың сипаттамасы мен талдауы).



4) Өндірістің әртүрлі салаларында ГАЖ қолдану мүмкіндігін анықтау.

1) Геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) ерекшеліктерін, олардың басқа ғылымдармен және өндіріс салаларымен байланысын түсіндіреді.

2) Өндірістің түрлі салаларында ГАЖ қолдану нәтижелерін талдайды.



3

Табиғатты пайдалану және геоэкология

Географиялық қоршаған орта туралы түсінік. Қоғам мен табиғат арасындағы "зат алмасу": сапалы жаңа кезең. Табиғат пайдалану ұғымы және түрлері. Қазақстандағы табиғатты пайдалану ерекшеліктері және оның қоршаған ортаға әсері. Табиғатты қорғау мәселелерін шешу. Қазақстан орнықты даму жолында. Табиғатты пайдалану үлгілерінің қоршаған ортаға әсері.

Табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері. Экологиялық дағдарыс түсінігі және оны шешу жолдары. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдары. Экологиялық бизнес идеялар мен жобалар. Кәсіпорындардың таза өндірістен алатын пайдасы. Таза өндірістің негізгі принциптері.

Геоэкология ғылымының қалыптасу алғышарттары. Геоэкологияның негізгі міндеттері. Геоэкологияның негізгі бағыттары мен санаттары. Рационалды және ұтымсыз табиғат пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасы.

Геосфера ұғымы және оның түрлері. Геосфера объектілері сапасының өзгеру себептері. Топырақтың тозуы және оның салдары. Атмосфераны ластаудың негізгі көздері, гидросфера және биосфера. Геосфераның ластануының салдары. Антропогендік факторлардың сипаттамасы. Антропогендік факторлардың жіктелуі. Қоршаған ортаның сапасын зерттеу. Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту тәсілдері. Қоршаған ортаға антропогендік факторлардың әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралардың сипаттамасы. "Шекті рұқсат етілген шоғырлану" ұғымы. Табиғи объектілерге рұқсат етілген антропогендік жүктеменің шамасы.

Геоэкологиялық аудандастыру түсінігі және мәні. Геоэкологиялық аудандастырудың негізгі объектілері. Геоэкологиялық аудандастыру принциптері. Кешенді геоэкологиялық аудандастырудың негізгі функциялары. Әртүрлі деңгейдегі аумақтық жүйелер.

Жаһандық экологиялық проблемалардың пайда болу себептері. Геоэкологиялық процестердегі географиялық заңдылықтардың рөлі. Жаһандық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибе. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары. Жердің тозуы және ландшафтардың бұзылуы. Су тапшылығы. Ауаның ластануы. Қалдықтарды жабу. Қазақстан аумағын экологиялық аудандастыру негізінде экологиялық мәселелерді шешу жолдары. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша номативтік-құқықтық құжаттар.

Экологиялық мәселелерді шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлі. Экологиялық мәселелерді шешудегі ғылыми-техникалық прогресс. "Жасыл технология туралы түсінік". Шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғат пайдалануды реттеу механизмдері. Мемлекеттік реттеу механизмдері. Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеу механизмдері. Табиғатты пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды реттеудің құқықтық механизмдері. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалаудың негізгі түрлері. Табиғат пайдалану үлгілерінің заңнамалық тәртіппен белгіленген нормаларға сәйкестігі.

Табиғатты қорғау шараларының жіктелуі. Халықтың қатысуымен өткізілетін іс-шаралардың түрлері. Табиғат қорғау шараларын жоспарлау. Табиғат қорғау жобаларының түрлері. Табиғатты қорғау шараларының мәселелері. Табиғатты пайдалану және табиғатты қорғаудағы тұлғаның рөлі. "Экологиялық із" ұғымының мәні. Өз аймағы мысалында адамның экологиялық ізін бағалау.

Қоршаған ортаға антропогендік әсерлердің жіктелуі. Адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераның ластану салдары. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің мониторингі. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің қашықтықтан аэроғарыштық мониторингі. Қоршаған орта көрсеткіштері сапасының жіктелуі. Қоршаған ортаның сапасын бақылау әдістері мен құралдары. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері.

Геоэкологиялық жобалау принциптері. Бұзылған аумақтарды қалпына келтіру бойынша жобалар (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).




1) Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға әсеріне баға беру және табиғатты пайдалану проблемаларын шешу жолдарын анықтау (жергілікті/ аймақтық компонент негізінде).

1) Табиғатты пайдалану қажеттілігін түсіндіреді.

2) Табиғатты пайдалану үлгілерінің қоршаған ортаға әсерін анықтайды және бағалайды (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).

3) Табиғатт пайдалану үлгілерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын ұсынады (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).

4) Табиғатты ұтымды пайдалану қағидаттарын айқындайды.

5) Табиғатты пайдалану түрлерін (шаруашылық жүргізу түрлері бойынша) анықтайды және графикалық нысанда ұсынады.


2) Табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау (жергілікті/өңірлік компонент негізінде).

1) Шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғатты пайдалануды реттеу тетігін талдайды.

2) Табиғат пайдалану үлгілерінің заңнамалық тәртіппен белгіленген нормаларға сәйкестігін анықтайды (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).



3) Жаһандық және қазақстандық деңгейдегі экологиялық проблемаларды анықтау және оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсыну.

1) Ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауында географиялық заңдылықтардың рөлін анықтайды.

2) Жаһандық экологиялық проблемаларды шешуде әлемдік тәжірибені зерттейді.

3) Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің ролін ашады.


4) Қоршаған ортаның сапасын зерттеу (жергілікті / өңірлік компонент негізінде).

1) Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктейді.

2) Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсерін бағалайды (жергілікті/ өңірлік компонентті қосымша қамти отырып).

3) Әлем елдерін қоршаған орта сапасы бойынша жіктейді.

4) Тәжірибелік жолмен қоршаған ортаның сапасын зерттейді (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).

5) Қоршаған ортаның сапасын арттыру бойынша шешімдер әзірлейді (жергілікті /өңірлік компонент негізінде).


5) Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды сипаттау және салыстыру.

1) Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді және графикалық нысанда ұсынады.

2) Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктейді.



6) Аудандастыру негізінде геоэкологиялық зерттеулер жүргізу.

1) Табиғатты пайдаланудағы тұлғаның рөлін анықтайды және оны "экологиялық із"деп есептейді.

2) Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі санаттарын графикалық түрде ұсынады.

3) Геосфераның ластану деңгейін, себептерін және салдарын зерттейді.

4) Әлем аумағын табиғи ортаның ластану және бұзылу деңгейі бойынша аудандастырады.




4. Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі

Негізгі:

1. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Саипов А.География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-матаматикалық бағытындағы 10-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2019 ж.

2. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Абдиманапов Б. География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2020 ж.
Қосымша:

1.Бейкитова А.География. Әдістемелік нұсқаулық-10 сынып, Алматы: мектеп 2019 ж.

2. Бейкитова А.География. Әдістемелік нұсқаулық-11 сынып, Алматы: мектеп 2020 ж.

3. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Саипов А.География. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы: мектеп, 2019 ж.

4. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Абдиманапов Б. География. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы: мектеп, 2020 ж.

5. Төлепбергенова С.Қ., Аманжолов А.И., Жылқайдарова А.М. - География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныпқа арналған оқулық. Алматы: Алматыкітап, 2019 ж.

6. С. Қ. Төлепбекова, Г. Т. Жапанова, С. А. Былинская, Г. Н. Чистякова, З.С. Шүленбаева. География. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Алматыкітап, 2020 ж.
Қосымша оқу құралдары:
1. тақырыптық карталар;

2. мультимедиялық проектор;

3. дидактикалық материалдар;

4. компьютерлік сынып;

5. тақырыптар бойынша бейнефильмдер;

6. аэрофотосуреттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет