6. Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастардың тағамынан ... шектеу керек. А)суды
б) қантты
в) ас тұзды
г) дәмдеуіштерді
д) нанды
7. Стенокардияға ... тән емес. а) сол иыққа берілетін ауырсыну
б) валидол қабылдағаннан кейін ауырсынудың басылуы
в) қорқыныш сезімі
г) тамақ қабылдағанда ауырсынудың пайда болуы
д) қысып ауырсыну
8. Миокард ишемиясы ЭКГ-да ... белгіленеді: а) ST сегменттің депрессиясы
б) R тісше амплитудасының төмендеуі
в) ST сегменттің элевациясы
г) теріс Т
д) терең және кең Q
9. ЖИА қауіп факторларына ... жатпайды. а) гипо-b-липопротеидемия
б) семіздік
в) қантты диабет
г) темекі тарту
д) гиподинамия
10. Аортокоронарлық шунтирлеуге көрсетілім: а) бір өзгермеген тәж артерия
б) лақтырыс фракциясының 30% артық болуы
в) сол қарыншаның дисфункциясы
г) сол тәж артерияның зақымдалуы
д) қысымның төмендеуі
N 1 жағдайлық есеп 75 жастағы ер адам ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде терапияның интенсивті палатасына түседі. Шағымдары төс артының қатты шаншып ауырсынуы, сол қолға, иыққа, жауырынға иррадияциялануы, өлім үрейінің болуы. Нитроглицеринді қабылдағанда жеңілдік алып келмеді.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, мұздай тер басқан, еріндерінде цианоз. АҚ 80/60 мм с. б. РS-110/рет мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, бытпылдақ ритмі. Өкпеде тыныс везикулярлы. Тыныс жиілігі минутына 16 рет.
1. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз және негізгі синдромды бөліңіз.
2. Тексеру жоспарыңыз.
3. Емдеу прициптері. Алғашқы көмек.
N 2 жағдайлық есеп Артериалды гипертензиямен ауыратын 63 жастағы науқас, гипертониялық криз фонынында кенеттен тұншығу және тыныс жетіспеу сезімі пайда болды.
Объективті: Қалпы мәжбүрлі, ауа жетіспейді. Тері жамылғысы бозарған, акроцианоз.РS-96 1 мин аритмиялы. АҚ 200/110 мм..сб. жүрек шекаралары солға бұғана орта сызығынан 2 см ығысқан.Тоны тұйықталған, өкпе артериясы үстінде II тон акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген және жауырын деңгейіне дейін естілетін ылғалды сырылдар естіледі.
1. Берілген науқаста қандай асқынуларды таптыңыз?
2. Алғашқы көмектің әдістерін көрсетіңіз.
3. Көрсетіген науқастың күту ерекшеліктері.