6) Әдебиеттер
7) Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)
1. Қарт жастағы адамдарда тыныс алу жүйесі қартаюының ерекщеліктері қандай ?
2. Тыныс алу жүйесі ауруларының себептері және дамуы;
3. Тыныс алу жүйесі ауруларының негізгі синдромдары.
1. Пневмонияның қай түрi диареямен басталады:
a) легионелездi
б) Ку-риккетсиоздық
в) микоплазмалық
г) орнитозды
д) гриппозды
2. Пневмонияның қай түрiне созылмалы қызба, көкбауырдың, мойын лимфа бездерiнiң үлкеюi тән:
a) аденовирусты
б) стрептококкты
в) орнитозды
г) Ку-риккетсиозды
д) дәрi-дәрмектер
3. Крепитация қай жағдайда естiледi:
a) өкпе тығыздалғанда
б) өкпе iрiңдегенде
в) өкпе тыныс жолдарының кеңеюiнде
г) толық обтурациялық
д) атап өткендердiң бәрi
4. Қай дыбыстың түрiн денi сау адамның денесiне перкуссия жасау арқылы бiлуге болмайды:
a) қорабтық
б) тұйық
в) анық өкпелiк
г) тимпаникалық
д) тұйықталған
5. Күшейген везикулярлы тыныс мына жағдайда болады:
a) компрессиялық өкпе ателектазында
б) обструктивтiк бронхитте
в) пневмосклерозда
г) бiр өкпенiң қабыуынан
д) бронхоэктазда
6. Бронх қатерлi iсiгiнде қандай белгiнi анықтауға болады:
a) обструкциялық ателектаз белгiсi
б) өкпенiң тығыздалу белгiсi
в) компрессиялық ателектаз белгiсi
г) өкпе қабығында сарысудың жиналу белгiсi
д) өкпедегi қуыстың белгiсi
7. Демiкпе жағдайда емдеу комплексiне жатады:
a) атап өткендердiң бәрi
б) кортикостероидтар
в) гепарин
г) эуфиллин
д) гидротациялау
8. Грамм (+) флоралы пневмонияда емдi алғаш қай антибиотиктен бастау керек:
a) пеницилин
б) тетрациклин
в) стрептомицин
г) эритромицин
д) левомицитин
9. Пневмонияның негiзгi қоздырғышы болып табылады:
a) пневмококк
б) стафилококк
в) стрептококк
г) гемофильдi тоқыма
д) вирус
10. Сальбутамол қандай жолмен өкпедегi тыныс жолдарын кеңейтедi:
a) селективтi Бета адренорецепторлардың сезiмiн ояту
б) өкпедегi тыныс жолдарының Альфа-рецепторларын блокадалау
в) өкпедегi тыныс жолдарының жұмыр бұлшық еттерiне тiкелей әсер етедi
г) кезбе нерв тонусын төмендетедi
д) гистаминды блокадалайды
№1 есеп
60 жастағы науқас ауруханаға жөтел, қақырық тастау, ентігу, әлсіздік, субфебрилді температура, тез шаршауға шағымданып жолықты. Қақырығы іріңді. Ентігу бастапқы тек физикалық жүктемеден кейін болса, кейін тыныштық күйде де байқала бастады. Жүрек шектері оңға қарай ығысқан, екінші тонның қкпе артерия үстінде акценті бар. Өкпе үстінде қорап дыбысы, тынысы әлсіреген, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.
Негізгі клиникалық синдромы, мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
№2 есеп
40 жыл темекі тартқан науқаста жөтел, қан аралас қақырық тастау, жарты жыл ішінде дене салмағының 20 кг дейін төмендеу, әлсіздік, физикалық жүктеме кезінде ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы ... туралы айтуы мүмкін.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз, ары қарай іс әрекетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |