7. Жара ауруының дамуына мүмкіндік тудыратын агрессиялық факторлар:
а) Тұз қышқылы мен пепсиннің көбеюі
б) Простагландиндер
в) Бикарбонаттар
Г) Гастромукопротеидтер
Д) Кілегейдің бөлінуі
8. Рентгенологиялық зерттеу кезінде жара ауруының тікелей белгісі:
а) қабырғасының деформациясы
б) «жара (нища)» симптомы
в) гиперсекреция
Г) «тіннің өсу» симптомы
Д) гипосекреция
9. Эрадикациялық ем ұзақтығы:
а) 10 – 14 күн
б) 17 – 20 күн
в) 21 – 30 күн
Г) 30 - 35күн
Д) 2 ай
10. Асқазанның жоғарғы бөлімінің жарасы кезінде қандай белгілер тән:
а) төс артының ауырсынуы
б) тамақтан кейін бірден эпигастралды аймақтың ауырсынуы
в) тамақтан кейін 30 мин соң эпигастралды аймақтың ауырсынуы
г) ауырсынудың тамақ қабылдауға байланысы жоқ
д) оң жақ қабырға астының ауруы
N 1 есеп
65 жастағы науқас, түнгі уақытта «аш қарынға» ауырсыну, жүрек айнуы, ауырсыну үдегенде құсуы, іш қатуына шағымданады, ауырсыну аз көлемде тағам қабылдаса немесе ас содасының ерітіндісін қабылдаса бәсеңдейді. 5 жылдан бері ауырады, асқыну күз мезгілінде өршиді.
Объективті: іш аумағы аздап тартылған, эпигастии аймағының оң жағы ауырсынады. Кіндіктен сәл жоғары ортаңғы сызық бойынан Мендельь симптомы оң.
Көрсетілген симптомдар қандай ауруға тән.
N2 есеп
Науқас И. 70 жасталет, ас қабылдағаннан 0,5 – 1 сағаттан эпигастрии аумағында ауырсынуға, жеген тағамның кейде құсуына,содан кейін ауырсыну басылуына шағымданады. Пальпация кезінде эпигастрии аумағының ауырсынуы анықталды.
Асқорыту жүйесінің қандай ауруына тән симптомдар.
Тақырып №7
1) Тақырыбы: Эндокриндік жүйенің жас ерекшелігіне байланысты өзгеруі. Қарттардағы қант диабеті ауруы. Қант диабетінің туындау себептері. Аурудың қарттардағы клиникалық ағымы.
2) Мақсаты:
Қарттарда эндокриндік жүйенің, қант диабетінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсету дағдыларын және білімді қалыптастыруды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |