Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет60/137
Дата06.10.2024
өлшемі1,86 Mb.
#146921
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137
Байланысты:
geront sd kz (2)

6) Әдебиеттер



  1. Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)

1.Инсульттың анықтамасы.
2. Инсульттың түрлері.
3. Инсульттың негізгі клиникалық симптомдарын атап шығыңыз.

  1. ... - жедел ми-қан айналым бұзылысы.

а) инсульт
в) инфаркт
с) атрофия
д) гипертрофия
е) гипоплазия

  1. Ишемиялық инсульт ... дамуы мүмкін

а) атеросклерозда
в) гипертониялық ауруда
с) артритте
д) қан ауруларында
е) а, в, с, д

  1. Геморрагиялық инсульт көбінесе ... кенеттен, жиі дамиды

а) түнде
в) күндіз
с) әр кезде әр түрлі
д) а, в
е) с, д

  1. Геморрагиялық инсульттің ишемиялық инсульттан ажырататын негізгі тест бұл ...

а) ЖҚА
в) ЖНА
с) б/х
д) асқазан сөлі
е) церебральды сұйықтық

  1. Инсультте кездесу мүмкін асқыну

а) пневмония
в) тромбоэмболия
с) жауыр
д) а, в, с
е) с, д

  1. Бастапқы кезде инсульттік науқастарды ... палатасында емдейді

а) хирургия
в) урология
с) интенсивті терапия
д) неврология
е) нейро-хирургия

  1. Жүрек қызметін жақсарту үшін ... қолданады

а) строфантин
в) лазикс
с) анальгин
д) эуфилин
е) NaCI

  1. Қозғалыс қызметінің бұзылысында ... көмектеседі

а) жүру
в) жуыну
с) а, в
д) с, д
е) д, е

  1. Қан қысымын төмендететін препарат ....

а) строфантин
в) лазикс
с) анальгин
д) эуфилин
е) NaCI

  1. Қан тамыр ішіне 5% глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин ... енгізіледі

а) коллапста
в) қозғалыс бұзылғанда
с) жүрек қызметін жақсарту үшін
д) тілдің түсуі
е) науқас коматозды және сопорозды жағдайда болғанда.

N 1 есеп
65 жастағы науқас инсультпен ауырғаннан кейін реабилитациялық ем қабылдауда. Науқаста оң жақты оң қол және оң аяқтың парезі, моторлы афазияның қалдық белгілері. Соңғы 4 күннен бері үлкен дәреті жүрмейді.


- Осы мәселенің дамуының қандай себептері бар?
- Көрсетілген жағдайды шешу үшін жоспар құрыңыз.

N 2 есеп


Сіз палата медбикесісіз. Палатада 4- күннен бері жіті геморрагиялық инсультпен науқас жатыр. 3 күн бойы комалық жағдайда.



    • Осы науқаста қандай ерекшеліктер дамуы мүмкін?

    • Науқасты күту ерекшеліктері қандай?


Тақырып №12


1) Тақырыбы: Стационарда гериатриялық науқастарға медициналық күтім жасау принциптері. Жіті аурулары бар қарттарға үй күтім жасау. Науқасты кереуетке, орындыққа, каталкаға ауыстыру. Гериатриялық реабилитация, оның түрлері.


2) Мақсаты: Стационарда гериатриялық науқастарға медициналық күтім жасау үшін қарт адамдардың мінездерінің ерекшеліктерін білу қажет. Мінез ерекшелігі көптеген аурулардың симптомдарымен тығыз ұштасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет