Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет65/151
Дата15.06.2023
өлшемі1,47 Mb.
#101675
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Ситуациялық есептер:
ЕСЕП № 1.
Стационардың «күйік» бөлімінде мейірбике қызметінде жұмыс істейсіз, 65 жастағы ер адам келіп түсті, түскен кездегі диагнозы: Іштің төменгі бөлігінің, сан және сирақтың термиялық күйік алуы, ІІ – ІІІ дәрежеде. Күйік ауруы, септикотоксемия. Мейірбикенің анықтағаны: ер адамның жағдайы орта дәрежелі, өз жағдайына алаңдауда, күйік ауруынан айығуын ойлауда және өз жақын адамдарын күтуде. Дене қызуы 38°С, АҚҚ 140/90 мм сп бб, пульсі 90 рет минутына, ТАЖ 20 рет минутына. Күйіп қалған терісі қызарған, айқын байқалатын ісіну, іріңді бөлінумен жабылған, іштің алдыңғы тері беткейінде – тіндердің некрозды аймақтары анықталды. Таңу материалына серозды – іріңді бөліну жағылған.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін атаңыз.
2. Науқастың мәселелерін атаңыз.
3. Мейірбикелік араласудың мақсатын және жоспарын құрастырыңыз.
4. Күйіктен түзілген жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.


Есеп № 2.
7 жастағы жеткіншек далада бір сағат шамасында жалаңаш қолымен қармен ойнады, тоңды. Үйге кіріп жылынған соң саусақтарының ауырғанына және ісінгеніне шағымдана бастады. Анасы емханаға қаратуға апарды. Жас өспірім бала қорқып тұр, оң қол саусақтарының ауырып жатқанына және саусақтарының қимыл – қозғалысының шектелгеніне шағымданды. Оң қолдың IV және V саусақтарының тері беткейі қошқыл қызғылт – көк түсті, ашық түсті сұйықтыққа толы күлдір бөртпе анықталды. Зақымдалған саусақтардың ісінуі байқалады, қолына қарай таралып жатқаны анықталды. Сезімталдылығы сақталған. Пульсі 78 рет минутына,
АҚҚ 120/80 мм сп. бб.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.
3. «Рыцарь қолғабы» таңу техникасын көрсетіңіз.


ЕСЕП № 3.
«Күйік алу» бөліміне науқас түсті, оның медициналық диагнозы: дененің алдыңғы беткейінің және екі санының термиялық күйігі. Күйік шогы. Мейірбике сұрау жүргізген кезде анықтады: үй жағдайында үш сағат бұрын қайнап тұрған судан күйіп қалған. Науқас тежелген, қойылған сұраққа жауап береді, ауырсыну сезіміне шағымданады. Қараған кезде: тері беткейі бозғылт түсті, дененің алдыңғы беткейі және сандары қызарған, ісінген, көлемі әр түрлі күлдір бөртпелер көп, мөлдір түсті сұйықтыққа толы. Пульсі 104 рет минутына, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм сп. бб. Тыныс алуы мұрын арқылы, бос дем алады, беткейлі минутына 24 рет. Кіші дәреті сирек, көлемі аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет