Сабақ жоспары: Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын аймағының қойнаулары



бет1/8
Дата09.05.2022
өлшемі22,84 Kb.
#33577
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саба жоспары Тыныс алу а заларыны жалпы сипаттамасы. Сырт ы м


8 практикалық сабақ
Тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын аймағының қойнаулары. Көмей, құрылысы, қызметтері. Кеңірдек, бронхтар, өкпелер, құрылысы, қызметтері. Плевра (өкпеқап), құрылысы, қызметтері.
Сабақ жоспары:

  1. Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы.

  2. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын аймағының қойнаулары.

  3. Көмей, құрылысы, қызметтері.

  4. Кеңірдек, бронхтар, өкпелер, құрылысы, қызметтері.

  5. Плевра (өкпеқап), құрылысы, қызметтері.


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Тынысалу жүйесі туралы оқып білу. Тынысалу мүшелері дамуын оқып білу. Жоғары мен төменгі тнысалу жолдарын жіктелуі мен қызметін оқып білу.


Сабақтың мазмұны:

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы. Тыныс алу жүйесі, syslema respiratorium, немесе тыныс алу аппараты, apparatus respiratorius, организмді оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газын сыртқа шығарушы мүшелер тобы. Топографиялық орналасуына қарай: тыныс алу жолдары мен тыныс алу қызметін реттеуші өкпеден және жоғарғы, төменгі бөліктерден тұрады (№87 суретті қараңыз) Тыныс алу жүйесінің жоғарғы бөлігі: мұрын қуысынан, жұтқыншактың мұрындық және ауыздық бөліктерінен, төменгі болігі: көмекейден, кеңірдек пен бронхтардан және өкпенің терең қабатында орналасқан бронхиалды тармақтар мен көпіршекті тармақтардан түрады. Тыныс алу жолдары тыныс алу кезінде оттегі мен көмір қышқыл газын бойынан еркін өткізу үшін, қабырғалары шеміршектік және сүйектік тіндерден тұрады. Тыныс алу жолдарынын ішкі немесе қуысқа қараған беті кірпікшелі эпителиймен көмкерілген, шырышты бездерге өте бай шырышты қабықтан тұрады. Тыныс алу жолдары арқылы өтетін ауа шаң тозаңнан тазартылып, жылынып, ылғалданып өкпеге карай бағыт алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет