Ситуациялық есептер: № 1 есеп: 30 жастағы науқас «Озеро Учум» курортында емделіп жатыр.
Диагнозы: Созылмалы ремиссия кезеңіндегі сальпиногоофорит. Екіншілік бедеулік. Тексеру кезінде жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ еді. Анамнезінен науқастың тұрмыс құрғанына 5 жыл болған, стационарлық және амбулаторлық емді бір рет емес бірнеше рет қабыдаған. Курортқа келгені алғашқы рет.
Сұрақтар: 1. Науқасқа балшықпен емдеудің қай түрін тағайындауға болады?
2. балшықпен емдеудің клиникалық нәтижелерін атап өтіңіз.
3. Емдеу курсына қанша балшықпен емдеу емшарасы тағайындалады?
4. Басқа қандай физикалық факторлармен балшықпен емдеуді алмастыруға болады?
5. Климаттық емдеудің қандай әдісін мейірбике ұсына алады?
Ситуациялық есеп №2: Учаскелік рерапевт қабылдауында 65 жастағы науқас периодический субфебрилит шағымымен, белінің ұйып ауыратынын, зәр шығарғанда шаншитынын айтып отыр. (температурасы 37,1 - 37,3). Анамнезінде цистит жиі қайталанған. Тексерілгенде қан құрамындағы лейкоциттер 9 мың, СОЭ 22 мм/ч, зәрінде лейкоциттер құрамы жоғары.
Сұрақтар: 1. Бұл қандай ауру түрі?
2. Науқасқа оңалтудың қай түрі қажет?
3. Осы ауруды емдеу принципі қандай?
4. Мейірбике курорттың қай түрін тағайындауына болады?
5-сабақ. 1. Тақырыбы: Қатерлі ісік ауруы бар науқастарды оңалту: Қатерлі ісік ауруы бар науқастарды оңу. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған науқастарды оңалту
2. Мақсаты: Тірек-қимыл аппаратының патологиясы бар науқастарды оңалтудың негізгі әдістері туралы түсінік беру. Инсульт алған науқастарға оңалту іс-шараларын жүргізу. Науқасқа күтім жасағанда этика және деонтологияны сақтау.
3. Тапсырма: - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация, көрнекі құралдар дайындау;
Берілген тест тапсырмаларына және ситуациялық есептерге жауап беру;
Өз бетінше тақырып бойынша 2 ситуациялық есеп және 5 тест құрау;
Қазіргі заман реабилитациясында қолданылатын негізгі физиотерапиялық емдеу әдістерін білу;
Аудиториядан тыс уақытта физиотерапиялық емшараны практикада қолданылуымен танысу (мысалы: емхананың физиотерапиялық бөлімшесінде);