Ситуациялық есептер: Есеп №1. Науқас 50 жаста. Диагнозы: Мойын омыртқасының остеохондрозы. Желке аймағына классикалық массаж тағайындалған. Мейірбике науқастың желкесіне белгісіз бөртпелердің шыққанын көреді.
Сұрақтар:
1. Науқасқа массаж жасауға болады ма?
2. Мейірбикенің іс – әрекеті.
Есеп №2. Дәрігердің қабылдауына 40 жастағы науқас келді. Диагнозы: Бел – сегізкөз омыртқасының остеохондрозы. Қарау кезінде бел ауырсынуы жоғалды, тырысу сақталынады.
Сұрақтар: 1. Бұл жағдайда науқасқа классикалық массаж ұсынылады ма?
2. Осы науқасқа қосымша массаждың қандай түрлерін ұсынуға болады?
3. Классикалық қолмен уқалау кезінде қандай емдеу әсері күтіледі?
4. Классикалық қолмен уқалаудың көлемінің қағидасы.
2-сабақ. 1.Тақырып: Магнитотерапия. Магнит толқынының биологиялық және терапевтикалық әсер ету механизмі. Магнитофорлар.
2. Мақсаты: Жоғарғы жиілікті аумақпен емдеудің әсер ету миханизімін емдік әсерін көрсетілімі мен қарсы көрсетілімін оқып білу.
3. Тапсырма: - Жоғары жиілікті аумақпен емдеудің терапиялық әсері, әсер ету факторы
- Осы аппараттармен « Ранет», « Ромашка», « Волна -2М» жұмыс жасау
- Техника қауіпсіздігін сақтау
- СӨЖ–ның тақырыбы бойынша оқулықтарды таңдау (каталогпен, журналмен, монографиямен, сөздікпен, интернетпен)
- Реферат жазу , көрнекілік құралдар жасау
- Тест және ситуациалық есеп
4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тестілер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, рөльдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу және т.б.):
- реферат
- презентация
- тақырып бойынша өздігінен ситуациялық есептер мен тесттерді құрастыру
- СӨЖ – тарына ретцензия өткізу.
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары): 1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.
2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) ЕПҰ – ды көріп келгеннен кейін есеп тапсыру, оны іс – жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болу қажет.
4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан
1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.