Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет109/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   152
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері:
Науқасты тексеру, жағдайына баға беру медбикенің көмек жоспарын түзу, жоспарды іс-жүзіне асыру, және өзгерістерді енгізіп нәтижелерді бағалау.
Тексеру мақсады- науқастың көмек сұрап келген кездегі денсаулығы турасында, бір-бірімен байланыстыра отырып ақпарат жинау.
Тексеру субьектив және обьектив болады.
Ақпарат беруші науқастың өзі болып, ол өзінің денсаулығы турасында айтуы – субьектив ақпарат. Ақпарат берушілер – науқастың отбасы, жұмысы жағынан, достары,кейдесоқ жолаушы болуы мүмкін. Олар, егерде науқас жас бала есі ауысқан немесе есінен таңған жағдайда болса ақпарат береді. Обьективті ақпаратқа медбике жүргізген тексеру нәтижелері кіреді: (социальді жағдайы, науқас жасайтын жеке жұмыс істейтін ортадағы өзара қарым-қатынастары), мәдени жағдайы (дінді), рухани жағдайы (мінезі, жеке өзіне ғана баға беру), физикалық тексеру нәтижелерін анықтау болып табылады. Ақпарат жинау кезінде медбике науқаспен «емдеу» қарым-қатынастарын орнатады:

  • науқас және оның туыстары емдеу мекемелерінен нені күтетіндігін анықтайды.

  • Науқасты емдеу кезеңдерімен таныстыру:

  • Науқасты өз жағдайына дұрыс баға беруге үйрету:

  • Қосымша зерттеуді талап ететін ақпаратты жинайды(жұқпалы аурумен түрлі аурулармен ауруы, операциялар)

  • «науқас-отбасы», науқас және отбасының ауруға қарым-қатынасын анықтайды.

Мейірбикелік үрдістің I-кезеңі нәтижесі бұл медбикенің науқас турасында жинаған ақпаратын оның ауру тарихына жазылуы. Медбикелік ауру тарихы юридик баяндама, яғни медбикенің тәуелсіз кәсіби құжаты. Медбикелік ауру тарихының мақсаты медбикенің іс-әрекетін бақылау, дәрігер бұйрығын және өзі түзген күтім жоспарын іске асыру, медбикелік ісі сапасын және медбикелік тәжірибесін талдау.
Мейірбике тексеру нәтижелерін талдау бастағанда медбикелік процесстің II-ші кезеңі, науқас мәселелерін анықтап, медбикелік диагнозды қоюға өтеді.
Бұл кезеңнің мақсаты біріншіден, науқас организмінің, пайда болған мәселелерге жауап реакциясын анықтау болып табылады.
Екіншіден, осы мәселелердің келіп шығуына себепші болған факторларды анықтау керек . Үшіншіден, науқастың осы мәселелерін алдын алу немесе шешуге мүмкін болған күшті жақтарын анықтау. Науқастың денсаулығымен байланысты болған мәселелер бірнешеу болуы мүмкін және медбике олардың арасынан ең негізгісін анықтауы қажет. Қажеттілігі бойынша мәселелер біріншілік, аралық және екіншілік болуы мүмкін. Емделмесе, ауыр асқынуларды келтіріп шығаратын мәселелер біріншілік, аралық мәселелер науқастың өміріне қауіп төндірмейтін қажеттілік. Екіншілік болса, науқастың ауруына ешқандай қатынасы жоқ мәселер. Екінші кезеңнің міндеті медбикелік диагнозды қою болып табылады.
Мейірбике тексеру, диагноз қою және науқастың біріншілік мәселелерін анықтаған соң, күту мақсады, күзетілген нәтижелер мен оның мезгілін белгілеп, медбикелік процесстің III-ші кезеңіне, медбикелік көмекті жоспарлауға өтеді.
Күтім жоспары медбикелік ісін жүзеге асырады, оның іс –шараларын және басқа мамандармен байланыстырады. Күтімнің жазба жоспары жетілдірілмеген күтім қауіпін азайтады. Бұл медбикелік көмегінің сапасын анықтайтын юридик құжат болып, медбике күтімін қамтамасыз етуге қажетті материалдар мен жабдықтар үшін жұмсалған шығындарды анықтайтын құжат болып саналады. Жоспарланған күтім науқас пен оның отбасы қатысуының қажеттілігін есте сақтай отырып және одан күтілетін нәтижелер. Күтім төмендегі талаптарға жауап беруі керек: мақсатқа және міндеттерге жете алатын, әрбір міндетті атқару үшін оның жоспар белгіленуі керек. Мақсатты анықтау, оларды амалға асыруда науқас,оның отбасы мүшелері және басқа мамандар қатысады. Әрбір мақсад және күтілетін нәтижені бағалау үшін уақыт бөлінеді. Мақсадтар қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсадттар бұл қысқа уақыт ішінде, 1-2 аптада амалға асырылады. Ол аурудың жедел кезеңінде анықталады және жедел медбикелік күтімі жоспарға мұқтаж болады. Ұзақ мерзімді мақсаттар екі аптадан көп уақыт ішінде амалға асырылады. Ол аурудың қайталануын, асқынулардың алдын алуды, денсаулықты тіркеу және социальді үйренуге қаратылған болады. Бұл мақсадттарды амалға асыру көбіне науқастың ауруханадан шығу уақытына тура келеді.
Мақсадтарды анықтау және амалға асыруда әрекет, уақыт және жағдайын есепке алу мүмкін.
Мейірбике күтім мақсаты және міндеттерін анықтаған соң, науқас күтімі бойынша жазбаша нұсқау түзеді. Науқастың күтім жоспары медбике амалға асыратын міндеттерін өз ішіне алып, ауру тарихына жазылады.
Мейірбикелік процессіне қорытынды жасап медбике төмендегі сұрақтарға жауап береді:
― күтудің мақсаты неде?
― мен күтетін науқас науқас санасында кім?
Науқастың айналасындағылар, олардың науқасқа қатнасы, жәрдем беру шаралары, медицинаға, науқасқа, емдеу мекемелеріне қатынасы қандай?
― мақсат және міндеттерді амалға асырудағы әдістер қандай?
Мейірбике жоспар түзген соң ,оны амалға асыруға кіріседі. Бұл медбикелік процесстің төртінші кезеңі- медбикенің іс- әрекеттерінің жоспарын амалға асыру болып табылады. Оның мақсаты, науқасты күту, қадағалау үйрету, кеңес беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет