5. Кекіру-ауыз қуысына асқазаннан немесе өңештен газдың күтпеген еріксіз бөлінуі. Кекіру кезінде жағымсыз иіс келеді.
6. Ғыжылдау-төс астында немесе іш үсті аумағында кейде жұтқыншаққа дейін жететін, асқазан ішіндегіні өңешке тастауымен негізделетін күйдіруді сезіну.
7. Лоқсу. – төс асты аумағындағы кеуде, ауыз қуысындағы өзгеше ауырлық сезімі, кейде қусудың алдында болады және жалпы әлсіздік , тершендікпен, гиперсоливациямен, аяқ қолдың мұздауымекн, терінің бозаруымен, АҚ төмендеуімен қабаттасып жүреді.
8. Қусу. Күрделі, рефлекторлы акт болып асқазанның бұлшық еті, диафрагма, қарынның алдынғы қабырғасының қатысуымен болады. Қусу нерв жүйесінің, артериальды гипертензия, улану, тілдің шыршты қабатының тітіркенуі, жұмсақ таңдай, асқазан ішек жолыны ауруларының белгісі болуы мүмкін. Қусу, лоқсу және сілекейдің ағуымен басталады. Асқазан ауруларындағы қусу науқасқа жеңілдік тудырады. Мидың қан айналуы бұзылғанда (инсульт, гипертониялық криз, ми ісігі) қусқаннан соң жеңілдік болмайды.
Ауру сипмтомы. Ауру тамақты қабылдағаннан байланысты. Қарындағы ауру тек қана асқорыту жүйелерінің ауруларында ғана емес, жүрек ауруында, тыныс алу, неврологиялық аурулардада кездеседі. Асқазанның ауруы кейбір дәрілерді қолданғанда, тамақ қабылдағанда, акт дифекацияда, физикалық күш түскенде, денесінің қалпын өзгерткенде болуы мүмкін.
Ішек - асқорыту каналының бөлігі, асқазанның привратник бөлігініен басталып тік ішекпен аяқталады. Ішекте астын қортылуы, сіңірілуі пайда болған шлактердың жойылуы жүреді. Ішек жіңішке және жуан болып бөлінеді: ащ ішек 160-400 см, тоқ ішек 1,5м. Ішкетің патологиясының ең бастысы симптомы – нәжістің бөлінуінің бұзылуы.
Іш қату симптомы.Іш қату, нәжістің ішекте ұзақ уақыт сақталуы (48 сағаттан ). Іш қату ішектің бұлшық етінің және перистальтикасының әлсіреуінен пайда болады.
Іш өту симптомы. Іш өту – сүйық нәжіс. Себебі: астың ішекте қортылуының бұзылуы, ішекте қабуныу процестің пайда болуы және іш айдайтын дәрілерді қолдану.