13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 5 – бөлім, 308 – 332 бет
10 - сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға ауыр халдегі науқастарды тамақтандыруды
үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) 1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)