Ситуациялық есептер Дәрігер науқасқа операциядан кейінгі кезеңде мұзды мұйықты операция болған орынға қоюды бұйырды. Медбике алдын мұздатқышқа қойылған мұз мұйықты алып сүлгіге орап, жарақатқа қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.
Медбике науқас баланың тамағына қыздырушы компрессті төмендегіше қойды: дәке салфетканы 70 градус температурадағы ыстық суға малып, тамағына қойып, полиэтиленді пакетпен жапты, сосын қатты бинтпен таңып қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Науқас балаға компрессті қалай қою керек ?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 8 –бөлім , 405 – 427 бет
12 - сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау. Тамыр соғуын анықтау және сипаттау. АҚҚ өлшеу техникасы. Тыныс алу жиілігін есептеу
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға науқастың функционалдық жағдайын бағалауды, науқасты бақылауды, тамыр соғуын анықтау және сипаттауды, АҚҚ өлшеуді, тыныс алу жиілігін есептеуді үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: