Ситуациялық есептер. 1.Холеграфиядан кейін науқаста асқыну пайда болды; басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Медбике науқасты тексеруге дайындау кезінде қандай іс-әрекетті ұмытты ?
2.Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасаған кезде йодқа организмнің өте сезімталдығы анықталды. Сіздің ары қарай тактикаңыз қандай ?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
7 - сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларды мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыруға үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру
кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) 1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)